7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен ашық сабақ жоспары 'Ғарыш дегеніміз не?'

Дүниетану пәнінен ашық сабақ жоспары 'Ғарыш дегеніміз не?'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Кембридж бағдарламасы бойынша жазылған қысқа мерзімді сабақ жоспары.Дүниетану пәні 4 сынып Сабақтың тақырыбы: Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейтуге көмектесу.Сабақтың міндеттері:Ғарыш әлемі туралы
предварительный просмотр материала

Заявка на участие в конференции


Тегі

Камзина

Аты

Сандуғаш

Әкесінің аты

Хайроллақызы

Жұмыс орны, лаузымы

Павлодар қаласы, Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ, бастауыш сынып мұғалімі

Мекен-жайы

Павлодар қаласы Суворов көшесі 15-53

Байланыс телефон

502351, Ұялы телефон 87011074478

Электронды пошта

kamzina_74@mail.ru


Павлодар қаласы, Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ

Мұғалім: Камзина С.Х

Сабақ жоспары

Тоқсан ІІІ

Күні 22.01.2015

Сабақ 2 сабақ

Тарау

Жер ғарыш денесі

Сабақтың тақырыбы

Ғарыш дегеніміз не?

Сілтеме

Дүниетану оқулығы, К.Жүнісқызы, Ә.Бірмағамбетов, Қ.Аймағамбетова. Алматы «Атамұра», 2011 ж.

Жалпы мақсаты

  • Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары - қазақ ғарышкерлерімен таныстыру.

  • Тапсырмалар арқылы сыни тұрғыдан ойлауды үйрету арқылы ой өрісін дамыту.

  • Оқушылардың аспан денелері туралы қарапайым түсініктерінің болуын қамтамасыз ету. Қоршаған ортаға деген қызығушылығын ояту.

Күтілетін нәтижелер

  • Ғарыш әлеміне сипаттау, саралау, талдау жұмыстарын жүргізе алады.

  • Жеке ойларын ортаға сала алады.Топқа ойын еркін жеткізе алады..

  • Сабақ соңында оқушылар ғарыш әлемі туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады.

  • Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

−Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

−Ой қозғау;

−Диалогтік оқыту;

Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, үлестірмелік карточкалар, маркер, стикер т.б.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Модульдер көрінісі

Топқа бөліну

3 минут

Психологиялық ахуал туғызу.

Амандастыруды ұйымдастыру.



Реттік сандар арқылы топқа бөлу


Қәне, достар, тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Жақсы жақсы тілектер

Бір бірімізге сыйлайық

Қуанышпен, шаттықпен

Сабақты біз бастайық

4 топқа бөлінеді (5 оқушыдан) №1,2,3,4

АКТ

Үй тапсырмасын тексеру

2 минут

Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау

  • Орман-тоғайдың адам үшін маңызы қандай?

  • Суда қандай жәндіктер тіршілік етеді?

  • Ылғалы мол батпақты бөгетті не деп атайды?

Топтардың шешімі бойынша айту

спикер

ОЖТ (ДО)

КБ

Білу

7 минут

Уяж туғызу



- Қалай ойлайсындар неге мен сендердің алдарына зымыран макетін қойдым ?

Бүгінгі сабақтың тақырыбымыз қандай болмақ?

Ойланып, анықтандар.



Миға шабуыл

«Ғарыш» сөзіне ассоциация (оқушылар пікірін тыңдау).

- Ғарыш туралы не білесіңдер?
Бейнеролик «Сең білесің бе?»


Кеңес беру


Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа шығады.

Әр оқушы дәптерге жазады.


Топтың ішінде пікір алмасады, талқыға салады, ауызша атайды.

АКТ



СТО


Түсіну

Қолдану

6 минут

Мәтінді оқу (оқулықпен жұмыс)

Мәтіннен жаңадан не білдім?

Түсігін анықтау үшін сұрақтар қойылады.

Слайд №

-Тұңғыш жер серігі қашан ұшырылды?

-Тұңғыш ғарышкер кім және ол қашан ұшты?

- Қазақ ғарышкерлері туралы не білесіңдер?

-Ғарышка ұшу кезінде космонавт киетін киім қалай аталады?

-Ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін маңызы қандай?

Жердің Әлемдегі орнын қалай өрнектеуге болады?


Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды.

Топтың ішінде пікір алмасады, талқыға салады, ауызша атайды

Жер шары - Күн жүйесі - Галактика - Галактикалар тобы - Ғарыш, Әлем



СТО



ДО

5 минут

Мәтінді талдау мақсатында деңгейлік

тапсырмалар беріледі

1- деңгей: Сөйлемдерді толықтыр:

  1. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен________________ жұлдыз көрінеді.

  2. Барлық ғаламшарлар Жер сияқты Күнді____________ жүреді.

  3. «Ғаламшар»(планета) сөзі, грек тілінен аударғанда______________ білдіреді.

2 деңгей: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың аттарын сызбаға жаз.

3 деңгей: Төмендегі сөздерге анықтама бер.

Ғаламшар (планета) -

Ғарыш-

Жұлдыз-

Жұлдызды аспанды зерттейтін ғылым-

Оқушылар ұсынылған деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.



Түсінгендерін дәлелдейді. Қорғайды.


1)жеке оқу,

2)топта әңгімелейді.

3)өз пікірімен бөліседі.

4)әр топтың спикері сөйлейді.



ЖЕ

ДО

Талдау


10 минут

Шығармашылық тапсырма:


Әр топқа маркер, а3, ғарышқа байланысты сурет бере отырып, тұжырымдама жасауларын ұсыну.

Мәтіндегі негізгі сөздерді пайдаланып, мазмұнына қысқаша сызба жасау.



«ТжД» балаларға - «Басқа планетаға хат жазу»
жазуға ұсынылады.

Әр топ мәтін бойынша негізі тұжырымды сөздер арқылы ақ қағазға түсіріп топтастырады




Жұптық, топтық жұмыс ұйымдастырылады

ТДО

Жинақтау


5 минут

Интербелсенді тақтада тест көрсетіледі. Әркім өзі іштей оқи отыра жауаптарын белгілейді


Оқушылар тестті оқи отырып, жауаптарын жазады. Критерийлері бойынша сол көршіңді бағалау жұмысын жасайды.

АКТ, СТОҮ, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Бағалау

Кері байланыс


Үй тапсырмасы

5 минут

2 минут

Бағалау критерииі арқылы бағалау

Ғарышкерлер туралы қосымша ақпараттар жинап әкелу. Ғарышкерлер жайында жазылған кітаптар тізімін жасау, альбом құрастыру.


ОүБ ОБ



  1. қосымша



1 - топ

Тоқтар Әубәкіров Оңғарбайұлы - Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. 1991 жылы « Союз ТМ -13 » кемесімен 2 қазанда ұшты.1962-65 жж Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. Мәскеу ұшқыш сынақшылар мектебін(1976ж) Мәскеу авиация институтын бітірген.( 1979ж) 1991 жылы10 қазанда Жерге оралды. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды.

  1. топ

4 жылдан соң 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы (ұзақтығы 127 тәулік) ұшты. Ол ғарышта екі рет болды. 1987 жылы АН-2 ұшағының 2- пилоты,командирі болды. 1991 жыл « Ғарышкер -Сынақшы » оқуын бітірді. Ғарыш станциясында ғарышкерлер зерттеу жұмысын жүргізеді.Ғарыш айлағ ы - бұл зымыран , ғарыш серігі мен үлкен ғарыш кемесі ұшырылатын орын.

  1. топ

Бірінші ғарыш серігі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесі ұшырылды. Орбитаны бойлай ұшқан ең алғашқы адам- кеңес ғарышкері 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Алексеевич Гагарин болды. .Ол 108 минут ғарышта болып, рекордтық көрсеткіш көрсетті.

4-топ.

Ғарышкер, астронавт - ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер ( ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім қабылдауы,шу,діріл,үдеу т.б әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі т.б ) керек екен.



2- қосымша

Тест

  1. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

А) Тоқтар Әубәкіров

Ә) Талғат Мұсабаев

Б) Юрий Гагарин

2. Ең алғаш 1961 жылы 12-ші сәуірде әлемге ұшқан адам-?

А) Тоқтар Әубәкіров

Ә) Юрий Гагарин

Б) Талғат Мұсабаев

3. 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне ұшқан адам ?

А) Юрий Гагарин

Ә)Талғат Мұсабаев

Б) Тоқтар Әубәкіров

4. Алғаш ұшқан ғарыш кемесінің атауы?

А) «ТУ-134»

Ә) «Восток»

Б) «Союз ТМ-27»

5. 1987 жылы АН-2 ұшағының 2- пилоты,командирі кім болды?

А) Юрий Гагарин

Ә)Талғат Мұсабаев

Б) Тоқтар Әубәкіров



Дұрыс жауаптар:

1.А

2.Ә

3.Б

4.Ә

5.Ә



Бағалау критерийлері



«5»- мүлдем қате жоқ

«4»- 1 қатесі болса

«3»- 2 қатесі болса





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал