7


  • Учителю
  • Урок по аппликаций Құмырадағы гүл

Урок по аппликаций Құмырадағы гүл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы №10

«Бәйтерек» ересек тобы « 05» қараша 2014 жыл

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Жапсыру

Тақырыбы: «Құмырадағы гүл ».

Мақсаты: Затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық еттерін дамыту; математикалық ұғымдарын бекіту; сұлулықты сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Бөлме ішіндегі гүлдерді бақылау.

Қостілді құрам : гүл - цветок, құмыра - ваза, әже - бабушка, күлте - лепесток.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалар қызметі



Мотивациялық-қозғаушылық























«Тілек шоғы » жылулық шеңбері. Педагог әр баланың

қолына бір - бір гүлден таратады. Педагог өз қолындағы гүлді тілек айтып, жанындағы балаға ұсынады.

Жылы сөз айту жалғасады.

Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы »

болып, педагогтің өзіне оралады.

Кімде - кім жақсы тілек айтса,

жақсы тілек ойласа, сол үлкен

жақсылыққа айналып өзіңе қайтады.



Балалар жылулық шеңберін құрып, айналып жүреді.







Бала педагог ұсынған гүлін өзінің гүлімен қосып келесі балаға береді.







Ұйымдастырушылық-

ізденушілік



Педагог балалардың гүл туралы түсініктерін суреттер көрсету арқылы кеңейте түседі.

Тосын сәт:

Кенет есік қағылады.

Педагог:

-Балалар, біреу есік қағып тұр, кім келді екен?

Қолында гүлі бар әже кіреді.



Әжей:

-Бүгін менің немерем Әселдің

туған күні,- дейді.

Педагог әжей әкелген гүлшоқты құмыраға салып қояды.

-Енді сіз біздің балалардың өнерін көріңіз.

-Балалар, Әселге арнап осындай құмырадағы гүлді жапсырып дайындайық.

Құмырадағы гүл туралы әңгімелеу. Алдымен педагог балаларға қағаздан гүл бөлшектерін қиюды,



содан соң гүлдерді жапсыру техникасын

көрсетіп, түсіндіреді.

-Бірінші үш гүл күлтесін қиып аламыз, содан кейін қалған бөліктерін қиямыз.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Тәрбиеші қарайды,

Аяққа бір, қолға бір.

-Міне, балалар, гүліміздің бөліктерін қиып алдық, енді оларды жапсыруға кірісейік.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Балалардың жапсырған гүлдерін, күлтелерін, сабағын, жапырағын санату.

-Құмырада неше гүл бар?

-Күлтелерін санап көрейік?

- Сабағын санайық?

- Жапырағы нешеу екен?

Қимылды ойын: « Гүл жинау».

Мақсаты: Балаларды шапшандыққа баулу.





Балалар өздері білетін

бақша гүлдерінің атын атайды.













Балалар әжеймен амандасады.























Балалар әңгімеге белсене араласып отырады.

Бәрін мұқият тыңдайды.

















Балалар өлең ырғағымен

қимыл - қозғалыстар жасайды.







Қиып алған бөліктерін

сюжетті суретке жапсырады.

Балалар санайды.





- 1 гүл бар

- 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

- 1,2,3.

- 1,2,3,4,5,6.



Балалар қызығушылықпен ойнады.

Рефлексифті-

түзетушілік



Балалар, осы дайындаған гүлімізді Әселге сыйлаймыз.

Әже, қараңызшы, біздің балалар қандай әдемі гүлдер жасады. Әже педагогпен бірге

балаларды мақтайды.

Әже балалармен қоштасады.



Балалар бір - бірінің жұмыстарын жасаған өз

білгендерінше бағалайды. Әжемен қоштасады.















Күтілетін нәтиже:

Білу: Гүлді үлгі бойынша жапсырады;

Үйрену: Туған күніне сыйлық жасау керектігін;

Меңгеру: Затқа қарап жапсыру дағдысын;

Әдіскер: ______________________ Тәрбиеші : Жасқайратова. А. Ж.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал