7


  • Учителю
  • Жұмыс бағдарламасы «Көркем жазуға үйрету технологиясы» Бастауыш сыныпқа арналған курс

Жұмыс бағдарламасы «Көркем жазуға үйрету технологиясы» Бастауыш сыныпқа арналған курс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Павлодар облысы Лебяжі ауданы

Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектеп






Жұмыс бағдарламасы


«Көркем жазуға үйрету технологиясы »


Бастауыш сыныпқа арналған курс












Оқыту түрі: күндізгі


Дәріс 34сағат


БАРЛЫҒЫ: 34 сағат









Құрастырған: Бастауыш сынып мұғалімі

Исагалиева Айгүл Сабыржановна.





Түсінік хат

Бастауыш мектептердің алдына қойылатын жауапты міндеттердің бірі - оқушылардың таза,көркем жазуын қалыптастыру.Өйткені каллиграфиялық мәдениет жалпы жазу мәдениетінің аса қажетті саласы екені белгілі.Жазудың әдемі,көркем болуы оқушының мінез-құлқын тәрбиелеуге,әсемдік сезімін оятуға,ой-өрісін дамытуға мейлінше әсер етеді.Таза,сұлу жазылған жазба жұмыстары оңай,тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймайды,сонымен қатар сырттай көрер көзге сүйкімді.

Көркем жазу ұқыптылыққа,тыңғылықтылыққа,еңбексүйгіштікке баулиды.

Көркем жазудың негізі бастауыш сыныптарды қалыптасады.Бастауыш мектепке арналған қазақ тілі бағдарламасында әдемі жазуға қойылатын негізгі талаптар белгіленген.Бірінші сыныпта көркем жазу сауат ашу кезеңінен басталып,оқу жылының соңына дейін үзбей жетілдіріледі.

Көркем жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама даярлық жұмыстары жаза білу икемділігін меңгеруге еректі дәстүрлі ережелерді үйреткен абзал.

Бұл ережені орындау нәтижесінде оқушылар жазу техникасының аса бір қажетті шарты - солдан оңға қарай көлбеу жазуға машықтандыру.Жазу жұмысы әріптер тобы бойынша өткізіледі.Көркем жазуға арналған жаттығулардың қатарына әріп элементтері мен тұтас әріптерді жазу,жеке сөздер,сөйлемдер кіреді.Оқу жылының аяғында оқушылардың жазу қарқынын (темпін) біртіндеп жылдамдату,кіші әріптер мен бас әріптерді алфавит ретімен жазу икемділігі қалыптастырылады.

Екінші сыныпта көркем жазу одан әрі жетілдіріле түседі.Оқушылардың бірінші сыныпта үйренген икемділігі бұл сыныпта дамытылады.Екінші сыныпта жүргізілетін көркем жазу сабақтарының негізгі мақсаты - жазу қарқынын жеделдету,біркелкі ритмикалық жазуға көшу.Оқушылардың оқулықтағы жаттығуды орындауын тексеріп,ондағы сұрақ-тасырмаларды еркін оқып түсінуі қандай қажет болса,оған байланысты жазба жұмыстарын жедел орындау да соншалық қажет екенін естен шығармау керек.Бұл сыныпта біркелкі ритмикалық жазу мен тез жазуға арналған графикалық жаттығуларды орындауға баса назар аударылады.Сондай-ақ жеке оқушымен дербес жұмыс жүргізу,әрбір оқушының жазуындағы жеке кемшіліктерді түзеуге көп көңіл бөлінеді.Соған байланысты графикалық жаттығулардың түрлері де көбейе түседі.Сөздегі әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жаза білу машығы грамматика мен емлеге берілген жаттығу материалдарын орындау барысында мұқият еске алынады.Бірінші сыныптағыдай әріп тобымен жазу үзбей жүргізіледі.Бірінші,екінші оқушыларының жазуындағы басты кемшіліктердің қатарына көлбеу жазуды сақтамау,әріптердің біркелкі биіктікте жазылмауы,әріп көлемі мен олардың ара қашықтығының әртүрлі жазылуы сияқты қателерді жатқызуға болады.

Үшінші-төртінші сыныптарда оқушылардың көркем жазу икемділігі одан әрі жетілдіріледі.Әріптерді кішілеу етіп,тез жазуға арналған графикалық жаттығулар жүргізіледі.Алдыңғы сыныптардағыдай көркем жазу бұл сыныптарда да қазақ тілінің материалдарымен тікелей байланыстырылып өткізілуі тиіс.

Бағдарлама талаптарына сай әрбір қазақ тілі сабақтарының 6-8минуты көркем

жазуға беріледі.Қажетті жағдайда оны жеке сабақ етіп өткізуге де болады.

Бастауыш сыныптарда көкем жазу жұмысы - оқу үрдісінің аса бір қиын саласы.Жалпы алғанда,жазусыз оқу тиянақты оқу бола алмайды. Жазу үрдісі

кезінде оқушы сөзге ауызша іштен дыбыстық талдау жасайды

(сөздегі дыбыстардың ретін белгілейді).Сонымен қатар ол дыбыстарды тиісті әріптермен таңбалайды.Сөзді жазып біткен соң,оны дыбыстап оқиды.Басқаша айтқанда,жазу үрдісіне оқушы оқу ережесін (әріптерді дыбысқа айналдырып оқу) және жазу ережесін орындайды.Бұл ереже -орфографиялық ереже делінеді.

Әріп таңбасын түсірудің өзі оқушының сол әріп бейнесін көз алдына айқын

елестете білуіне тікелей байланысты.Әріп формасын жете танымаса,оны әдемі,сауатты,көркем етіп жазу да қиын.

Бастауыш сынып оқушыларының каллиграфиялық машықтарын жетілдіруде,сондай-ақ жалпы көркем жазу жұмысын жақсартуда,сынып

бөлмесінің жарық болуы,ондағы жиһаздардың талапқа сай келуі шешуші рөл атқарады.Жазып отырған оқушы партада дұрыс,дәптерді дұрыс қою,қаламды

дұрыс ұстау ережелерін сақтау керек.

Көркем жазудан оқушыларға жеке баға қойылмайды.Оқушының әрбір

жазба жұмысын бағалауда,оның каллиграфиялық сапасы мұқият ескеріліп,

қазақ тілі бойынша қойылатын жалпы бағаның ішіне көркем жазу бағасы да ескеріледі.Жалпы көркем жазу жаттығулары қазақ тіліне арналған дәптерлерге жазылады.Бұл бірінші сыныпта әріптердің жазылу үлгісі дәптерлерде көрсетілген.Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін:

а)қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1қатысына қарай сай болу керек

(үш негізгі элементтен тұратын ж,м,т,ф,ш,щ,ы,ю әріптерінен басқасы)

ә)жазу оң жаққа қарай 65градус көлбеу болуға тиіс,әріптер мен әріп

элементтерінің көлбеулігі бірдей болуы керек.

Ритм -бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін

амал,ал тактілеу (санау)қозғалысты бірқалыпты жетілдіріп,оқушылардың

көркем жазу қарқынын жеделдетуге әсер етеді.

Жас ұрпақты сауатты,көркем жазуға үйрететін ,қазақ тіліндегі

грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнделікті өмірде қолдана алуға

дәрежеге жеткізетін пән - қазақ тілі.

Курс мазмұны оқушылардың қаламды дұрыс ұстау және сауатты әрі таза

жаза білуге,қатесіз жазуды меңгеруде әріп пен дыбысты айырып,әр сөзде

неше дыбыс,неше әріп бар екенін ажырата біліп үйренеді.

Курс мазмұнында оқушының әріп элементтерінің дұрыс жазылуын

және каллиграфия қадағаланады.

Бағдарлама құрылымы оқушылардың теориялық білімдерін

сынауға қолданылады.Оларды көркем,сауатты жазуға үйретеді.

Сабақты өткізу түрлеріне оқушыларды көркем жазуға үйретуде түрлі

жазба жұмыстардың жаттығулар,дыбыстар,буындар,сөздер,сөйлемдер,

мазмұндама,шығармалар,диктант түрлерінің пайдасы өте зор.

Курстың мақсаты:


  • Оқушыларды көркем,сауатты жазуға дағдыландыру.Балаларды таза,сұлу

және түсінікті жазуға үйрету.Оқушыларға көркем жазу-өнер екенін ұғындыру.


Курстың міндеті:

  • әдемі жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету;


  • әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау;


  • таза жазу арқылы үзіліссіз жазуына машықтандыру;


  • бір,екі,үш тактімен жазуын үйрету;


  • жедел жазу кезінде әріптердің бір-бірімен қосылу жолдарын көрсету;


  • жазу ережелерін сақтау;


- ритмикалық жазуға төселдіру.


Оқушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар.



Оқушылар білуі керек:

- көлбеу жазу;біркелкі жазу,ара қашықтық сақтап жазуын;

- әріптер мен әріп элементтерін бұзбай дұрыс жазуын;

- бас әріп және кіші әріптердің жазылу үлгісін;

- әріп элементтерінің дұрыс жазылуын;

- жазу тазалығын сақтау,артық сызықтар жасамауын;

- каллиграфия;

- көркем,сұлу,сауатты жазуын.


Оқушылар игеру керек.


- жазу ережесін сақтауды;

- әріп таңбаларының жазылуын;

- есту арқылы жазуды;

- буын құрамындағы әріптерді бір-бірімен қосып жазуды;

- сөйлемдегі сөздердің жеке-жеке жазылуын;

- белгілі ережеге байланысты жазу үлгісін;

- көркем жазуға бейімделуін.

Оқушының құзіреттілігіне тән талаптар:


- Түрлі жазба жұмыстарын орындау барысында сауатты жазып

көркем жазу машығын қалыптастыру.

- Ритм мен тактілеу арқылы икемді жаза білуін игерту.

Күтілетін нәтиже:


  • әріп элементтерін,әріптің толық таңбасын,оның элементтерінің

ретімен жазылуын біледі;

  • көркем,сауатты жазуға жүйелі түрде жаттығады.

  • Жалпы көркем жазу дағдысына,үзіліссіз жазуға үйренеді.

  • Жазу материалыбойынша (буын,сөз,сөйлем,мәтін,шығарма,мазмұндама,) т.б. қажетті жазба жұмыстарын игереді;

  • Көркемдеп жаза біледі.

  • тұрақты жазу дағдысы қалыптасады.



Жоспар:


1.Бастауыш сынып оқушыларының каллиграфиясын жетілдіру


2.1-сыныптағы жазу . «Жазу дәптерін пайдалану тәртібі»


3.Бірінші сыныптағы жазу сабағын жүргізудің үлгісі


3.1 Жазу сабағында жаңа әріпті көркем жаздыру үлгісі


3.2 Әріпті жазып үйренудің тәртібі


3.3 Көркем жазуға бейімдеу.

Әріпті жазып үйренудің тәртібі


1.Сөзге дыбыстық талдау жасату,жеке дыбыстау,сөз ішіндегі орнын анықтау;


2.Жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету

(плакаттан ,әліппеден,кеспе әліппеден)


3.Жаңа әріпті тақтаға жазып көрсету?


4.Жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру;


5.Жаңа әріпті тұтас жазу;


6.Жаңа әріпті басқа әріптермен жалғастырып жазу;

(Жалпы көркем жазу дағдысы,үзіліссіз жазу дағдысы)


7.Сөйлем жазу (көркем етіп жазу)


8.Балалардың жұмысына талдау жасау








«Басып жазу» жаттығуы.

Дәптерге әріптерді қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді,ал оқушылар үстін басады.Сонымен бұл кезде «штрихтау» жаттығуларын орындатудың мәні зор.Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті - ойын,ал «штрихтау» ойын түрінде жүргізіледі.







Әр түрлі зат бейнесін геометриялық фигураларды «штрихтау» баланың қолын жаттықтырады,сөйлеуі менойлауын белсендіреді..


ҚОЛЫН ЖАТТЫҚТЫРАДЫ

ШТРИХТАУ СӨЙЛЕУГЕ БЕЛСЕНДІРЕДІ

ОЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІРЕДІ.

Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін,құрылысын,жазықта орналасу қалпын еркін қабылдап ұғымдарды меңгереді.

Үзбей жазуға жаттығу жұмыстарын жүргізетін жаттығулар:

«Несімен ажыратылады?» жаттығуы

а)

в)

с)

Бұл жаттығу әріптердің бірдей биіктікте,бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді.Ал келесі жаттығу «көз» бен «қолдың» бір бағытта жұмыс жасауын қалыптастырады.

22

1313

Көз бірінші нүктеде,қол да бірінші нүктеде,көз екінші нүктеде,қол да жоғарыда,көз үшінші нүктеде,қол төменде.


Көркем жазу дағдыларын қалыптастыратын мынадай жаттығуларды ұсынуға болады:

«Әріпті тап» жаттығуы

Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да,оқушылар қалған элементтерін тауып жазып көрсетеді.Мысалы:

«Ғажайып алаң» ойыны

Тақтаға сөз жасырылады.мұғалім жасырылған сөздің әрбір элементтері бойынша сипаттап айтады да,ал оқушылар қандай әріп екенін айтады.Мысалы:бүтін құрсау мен оңға иілген қармақшадан тұратын кіші әріп десе «а» әрпі екенін табады.



Жұмыс бағдарламасы

«Көркем жазуға үйрету технологиясы »

курсы бойынша

күнтізбелік жоспары.

1-сынып


Р.с

Сабақтың тақырыбы

Сағ.

саны

Мерзімі

1

Басып жазу жаттығуы

1


2

Басып жазу жаттығуы

1


3

Ауада жазу.Әріптерді оңға қарай біркелкі көлбеу жазу

1


4

Әріптерді оңға қарай біркелкі көлбеу жазу

1


5

Оңға қарай біркелкі көлбеу жазу

1


6

Баспа әріптер мен жазба әріптер

1


7

Әріп элементін дұрыс жазу

1


8

Әріп элементін дұрыс жазу

1


9

Жазу жолындағы әріпті тұтас жазу

1


10

Жазу жолындағы әріпті тұтас жазу

1


11

Кіші,бас әріпті жазу (жаттығулар үлгісі)

1


12

Кіші,бас әріпті жазу (жаттығулар үлгісі)

1


13

Әріптерді талдап жазу

1


14

Әріптерді талдап жазу

1


15

Әріптерді тұтас жазу

1


16

Әріптерді тұтас жазу

1


17

Үзіліссіз қосып жазу

1


18

Үзіліссіз қосып жазу

1


19

Үзіліссіз қосып жазу

1


20

Графикалық жаттығулар

1


21

Графикалық жаттығулар

1


22

Буындар жазу

1


23

Буындар жазу

1


24

Буындық диктант

1


25

Тақтадағы сөздерді жазу

1


26

Есту арқылы сөздер жазу

1


27

Айту арқылы сөздер жазу

1


28

Сөздік диктант

1


29

Екі сөзден тұратын сөйлем жазу

1


30

Екі-үш сөзден тұратын сөйлем жазу

1


31

Көшіру диктанты

1


32

Диктант жұмысы

1


33

Көркем жазу

1


34

Көркем жазу

1




Жұмыс бағдарламасы

«Көркем жазуға үйрету технологиясы »

курсы бойынша

күнтізбелік жоспары

3-сынып


Р.с

Сабақтың тақырыбы

Сағ.

саны

Мерзімі

Ескерту

1

Үзбей жазу жаттығуы

1

04.09.15


2

Үзбей жазу жаттығуы

1

11.09.15


3

Есту арқылы сөздер жазу

1

18.09.15


4

Есту арқылы сөйлемдер жазу

1

25.09.15


5

Көшіріп жазу

1

02.10.15


6

Көшіріп жазу

1

09.10.15


7

Жедел жазу

1

16.10.15


8

Жедел жазу

1

23.10.15


9

Үзіліссіз жазу

1

30.10.15


10

Үзіліссіз жазу

1

13.11.15


11

Графикалық жаттығулар

1

20.11.15


12

Графикалық жаттығулар

1

27.11.15


13

Ритмикалық жазу

1

04.12.15


14

Ритмикалық жазу

1

11.12.15


15

Жатқа жазу

1

18.12.15


16

Көру диктанты

1

25.12.15


17

Ескерту диктанты

1

15.01.16


18

Сөздік диктант

1

22.01.16


19

Шығармашылық диктант

1

29.01.16


20

Сызба бойынша мәтін құрастыру

1

05.02.16


21

Сызба бойынша мәтін құрастыру

1

12.02.16


22

Мазмұндама жазып үйренейік

1

19.02.16


23

Мазмұндама жазып үйренейік

1

26.02.16


24

Тактілеу арқылы ритмдік жазу

1

04.03.16


25

Тактілеу арқылы ритмдік жазу

1

11.03.16


26

Сын жұмыстары

1

18.03.16


27

Сын жұмыстары

1

02.04.16


28

Сын жұмыстары

1

08.04.16

.

29

Сын жұмыстары

1

15.04.16


30

Көркем жазу

1

22.04.16


31

Көркем жазу

1

29.04.16


32

Әдемі жазайық

1

06.05.16


33

Әдем жазу -өнер /сайыс/

1

13.05.16


34

Қорытынды сабақ

1

20.05.16


1








Пайдаланылған әдебиеттер.

1Суретті әліппе. ТорсықбаевӘ.А, БиомароваГ.Ә.Алматы кітап

2.Қазақ тілі. Суретті сөздік ЕденбаеваЗ.Д, ИскаковаР.А

3.Қазақ тілін оқыту әдістемесі -РахметоваС2005ж

4. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Астана 2007жыл

5. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы,1987жыл

6.Сауат ашу бағдарламасы (1сынып). - 2003жыл

7.«Жазу үлгілері».-А,2000-2002жыл

8. Қазақ тілі оқыту әдістемесі.-Атамұра 2005жыл

9. Қазақ тілі пәні бойынша оқу әдістемелік кешен.- Көкшетау-2008жыл

10. Казақ тілі пәнінен - Дайындауыш 55 сабақ - Көкшетау-2008жыл







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал