- Учителю
- М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі
М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі
Атырау облысы
Атырау қаласы
М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Дощанова Сәуле Құрманбайқызы
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың «Жетім» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: М.Әуезовтың өмірі,шығармашылығы жайлы мәліметтерді бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып,мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын молайту,ойлау,сезіну,қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: жақсы мен жаман қылықтарды ажырата білуге,қамқоршы бола білуге,ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: М.Әуезовтың суреті,интерактивті тақта
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,баяндау,көрнекілік,топтау
І.Ұйымдастыру бөлімі:
1.Сыныптың сабаққа даярлығы
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасы: сұрақ-жауап
ІІІ.Жаңа сабақ
Авторға шолу М.Әуезов кім?
М.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.
Ұлы жазушы қоғам қайраткері
Драматург жазушы
Әдебиет зерттеуші
Ой қозғау.
М.Мақатаев Жалғыз көкек
Жетімсіреп,жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.
Иесіз қалған,бұзылған тамға барып,
Қонушы еді,қанатын қомдап алып.
Жоқтаушы еді оңаша отырып ап,
Оқшау шетте ұясы,талда қалып.
Сұқыл үнді сұрша құс,жан Отанын-
Ойландырып тастайтын жаға талын.
Оңашада отырып жоқтаймын деп,
Оятатын ұядан балапанын.
М.Әуезовтың «Жетім» әңгімесімен танысамыз
Мұғалімнің түсіндірмесі
Оқулықпен жұмыс
Тізбектей оқу
Көзбен оқу
Сұрақ-жауап
1.Әңгіме қалай басталады. Жападан-жалғыз келе жатқан бала кім?
2.Әңгімеде Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрген?
3.Әңгімедегі қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай берілген?
4.Егер сен Қасымның орнында болсаң,не істер едің?
5. Қасымға жетімдіктен құтылудың қандай амалын айтар едің?
Сөздікпен жұмыс
Сыр сандықтан шыққан сөздермен танысайық
Қиянат-әділетсіздік,зорлық,өктемдік
Қаға беріс-шеттеу
Сергіту сәті
Шығармашылық тапсырма
Егер сен жазушы болсаң,осы әңгімені қалай аяқтар едің?
Венн диаграммасы
Қасым Исаның балалары
Жетім,қамқоршысы жоқ қамқоршысы бар,қарны тоқ
Топпен жұмыс
1-топ Табиғаттағы жетім қалған құстарды суреттеу
2-топ Табиғаттағы жетім қалған аңдарды суреттеу
Қорытынды.
Табиғатпен баланың көңіл-күйін суреттеу арқылы кестені толтыру
Табиғаттағы өзгеріс
Баланың көңіл-күйі
1.Қалың қара бұлт
1.Жалғыз жаяу бала
2. Күн суық
2.Бала көңілі құлазығаны
3.Найзағай күркіреп,күн суық
3. Түсі де көңілі де қартайып жүдеп кеткен
Бүгінгі өткен тақырыбымыз бойынша қандай әсер алдың?
Ү.Үйге тапсырма
Жоспар бойынша «Жетім» әңгімесін мазмұндау
ҮІ.Бағалау
Атырау облысы
Атырау қаласы
М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Дощанова Сәуле Құрманбайқызы
Сыныбы: МАД
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларды ә дыбысымен таныстыру,ә дыбысының орнын анықтау,сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыс тық және буындық талдау жасай білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелігі:сауатты, таза,ұқыпты жазуға,ұғымталдыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,жұмбақ жасыру,ойын,СТО технологиясының стратегиялары «Ой қозғау», «Түсініктеме күнделігі», «Ішінде сыртында», «Еркін жазу»
Көрнекіліктер: кеспе әріптер,суреттер,әліппе дәптерлер,кеспе қағаздарға жазылған сөздер,интерактивті тақта
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
ІҰйымдастыру кезеңі: «Актер» ойыны
Мақсаты: Сабақты жақсы көңіл күймен бастау,балалардың көңіл-күйлерін көтеру
-Олай болса бүгінгі сабағымызға келген қонақтарымызға өзіміздің көңіліміз көтеріңкі болуы үшін бір ойын ойнап жіберейік
Жүру барысы:
Тәрбиеші балаларға бір күлкілі сөйлемдер айтады.
Балалар сол айтылғанды қимылмен көрсетеді.
Мысалы:
-Банан жер отырған маймыл
-Күнге қарап отырған мысық.
-Қуанышты бала
-Қыста апанда ұйықтап жатқан аю
-Балалар көңілімі көтерілді ме? Олай болса сабағымызға көшейік
ІІ. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.
1. Айқайлап шақырады
Таңды атырады. Ол не? (әтеш)
2. Бар тәттіні береді,
Бізді жақсы көреді. Ол кім? (әже)
3.Ең алғаш қолға аламыз
Оқып толар санамыз. Ол қандай кітап? (әліппе)
ІІІ.Мағынаны тану
-Міне, балалар бірнеше жұмбақты шештік. Жұмбағымыздың жауабы суретпен және сөзбен берілген екен. Енді тақтадағы суреттерді қайталап айтайықшы.
Әтеш,әже, әліппе
-Енді осы сөздер қандай әріптен басталған?
-Олай болса бүгін біз осы «Ә» дыбысы және оның әрпімен танысамыз
Интерактивті тақтадан тыңдау
Ә дыбысын дыбыстату
-Ә дыбыс қалай атылып тұр?
-Сонда қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
-Қандай түсті текшемен белгілейміз?
Ә дыбысы дауысты дыбыс,қызыл түспен белгілейді
-Балалар мына сөздерден көріп отырғанымыздай Ә дыбысы сөздің басында,ортасында, соңында кездесе береді екен.
ІҮ.Сергіту сәті Ойын «Кім білгіш?» «Ішінде,сыртында» стратегиясы
Балалар шеңберге тұрады.Олардың қолына қағазға жазылған бір сөзден таратылады.Әуен ойналғанда айтылған сөзге қарай қимыл жасайды. «Ішінде» дегенде қолдарындағы сөздерде ә дыбысы болса балалар ортаға кіреді.Ә дыбысы жоқ сөзді балалар сыртында қалады.(сәбіз, дәрі,бала,әже,әріп,алма,әліппе, кәрі,мектеп)
Берілген ұғым: Ә дыбысының таңбасын таниды
Ү.Дәптермен жұмыс
1.Берілген суреттерде ә дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұрғанын айту
2. Қарындаштың тапсырмасы ә әрпінің баспа түрін қарындашпен жаздыру
3.Кітаптың тапсырмасы берілген буындарды,сөздерді оқыту
4.Қарындаштың тапсырмасы берілген сөздерді жазу
5.Сөйлем ойлап айту. Әже,әке,әдемі сәбіз
ҮІ. Сабақты қорытындылау
Бөлінуі
Орналасуы бойынша
Қолдануы
Әріп
дауысты
дауыссыз
басында
ортасында
соңында
Қазақ тілінде
Орыс тілінде
ә
+
+
+
+
+
Мадақтау
Жан дүниемде күн нұолы
Шуағын шашап төгетін
Жылуым мол бойымда
Бар адамға беретін.
Ендеше балалар әр күніміз шуақты болсын деп сабағымызды аяқтаймыз.