- Учителю
- Сабақтын тақырыбы: Ей, Астана!
Сабақтын тақырыбы: Ей, Астана!
Әдебиеттік оқу 2-сынып
Сабақтын тақырыбы: Ей, Астана!
Сабақтың мақсаты: .
Күтілетін нәтижелер: өлең мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: Астана өлеңін оқып түсндру.
2. Дамытушылық: Астананың көркін ұғындыра білу .Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу.
3. Тәрбиелік: Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,слайдтар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.(2-3м)
Амандасу.
Психологиялық дайындық
Сыныбымыз тап-таза
Борда да дайын тақтада
Денемізді жинақтап
Отырайық партаға.
Түгендеу.
Балалардың назарын сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(10-15м)
«Атамекен аяулы» өлеңін оқу.
IІІ.Білімдерін тексеру.(1-2м)
Атамекен өлеңдері не жайлы?
Атамекенге сипаттап бес жолды өлең жаз.
IV.Сабақтың мақсатың қою: Тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
V.Жаңа сабақ:
Кіріспе.(1-2м)
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты өлеңді өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру. Өлеңнің оқылу мәнерін іздету
Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.
Қуанамын мен де ,
Қуанасың сен де.
Қуанайық ,достарым,
Арайлап атқан күнге.
Қызығушылығын ояту.
-
Әр оқушы өзін бір қаламын деп есептеп, орындарынан тұрып, қала аттарын айтады.
Немесе:
-
Ойын шарты:
Мұғалім өзен мен қала аттарын немесе қала мен ауыл аттарын атап, балаларды шатастырмақ болады. Өзен немесе ауыл аты аталғанда, оқушылар оң қолдарын көтереді немесе орындарынан жылдам тұрады(таідау сіздәң еншіңізде).
Тақтаға Қазақстанның бірнеше қалаларының аты (қалауыңыз бойынша) жазылады.
Мысалы:
Петропавл,Орал,Астана,Өскемен,Шымкент,Алматы.
Топқа бөлу.
Әр топқа бір плакат беріледі «Біздің қаламыз…»- деп бастап,өздерінің білетіндерін, плакатқа бейнелегендерін қорғайды.Картадан сол қалалардың мекенжайын іздеп табу (мұғалімнің көмегі де керек болуы мүмкін). Жұмыстары бағаланады.
Негізгі.(15-20м)
- Осы қалалардың ішінде бас қаламыз қалай аталады?
Олай болса, ақын Нұрперзент Домбайдың «Ей, Астана!» өлеңімен танысамыз.
Өлең мәнеріне келтіріп, мақтаныш сезіммен оқып беру. Оқушыларға бірнеше реет оқыту. Балалардың оқуындағы дауыс ырғағына мән беріп, неге олай оқығандарын сұрау.
Сұрақтар:
- Өлеңдегі ақынның мына сезімдері қай шумақтарда байқалады?
Тақтада:
-
Мақтанаш
-
Қуаныш
-
Арман, тілек
-
Сенім
- Ақын өлеңді неге қаратып айтқан?
- Астанаға қаратып айтқанын дәлелде. Шумақтан ізде. Оқулықта берілген тапсырмалар мен сұрақтар бойынша жұмыстарды ретімен орындау.
Астана қаласы бойынша викториналық сұрақтар:
-
Астана туралы өлеңдер жазылып, кинофильмдер түсірілуде. Ал, балалар,мына суреттерден қай қала екенін ажыратып көріңдерші? (Дәптердегі сурет,слайдтар көрсету).
-
Астана шаһар ма,қала ма?
Сөздікпен жұмыс:
Өрелі іс - жаңа,жақсы істер.
Шаһар - қала.
Бірегей - ерекше,басқаға ұқсамайтын.
Тасы өрге домалау - абыройы,беделі көтерілу.
-
Қаладағы ең биік ғимарат қайсысы? Ақын «биік» деген сөзді қандай басқа сөздермен берген?Дәптеріңе теріп жаз.
-
Астана бұрын қалай аталады?(Басқа сұрақтарды да таідап алыңыз).
- Балалар,Астананы ақындар көп жазып, жырлауда.
Сергіту сәті:
Ойнап-күліп жүру керек,
Ойлап жүріп-тұру керек!
Жеті жасқа жетпей бала
«Жеті атасын» білу керек,-
Деп, жеті атаны атайық.
VI.Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.(1-2м)
Балаларға өлеңді салыстыру үшін оқып беру.
Арқадағы Астана.
Құмартқан қарт, жас бала,
Бас иелі бас қала.
Алты алаш арманы -
Арқадағы Астана.
Гүл өседі тасқа да,
Құшағыңды аш, дала.
Естігенге ертегі
Арқадағы Астана.
Нағашыбай Мұқатов
VIІ.Сабақты бекіту.(1-2)
Дәптермен жұмыс.
Өлеңде «биік» деген мағынаны тағы қандай сөздермен берген? Өлеінен теріп жаз.
VIIІ. Сабақты қорытындылау.(2-3м)
Не білдік? Не үйрендік?
Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Өленді түсініп оқы. Астана суреттерінен буклет жасауға үлесінді қос.
Бағалау.
16.11.2015ж Математика 2-сынып Мұғалім: Рахимбаева Ж.Е.
Тақырыбы: 21-ден 100-ге дейінгі сандар (сандардың құрылуы, оқылуы, жазылуы, салыстыру)
Мақсаты:
1. Екі таңбалы сандардың құрылуымен таныстыру;
2. Екі таңбалы сандарды оқи, жаза салыстыра білу;
3.Оқу құралдары мен мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарауға ,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Оқытудың формасы: жеке
Оқытудың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік
Көрнекілігі:кестелер,цифрлары бар карточкалар
Пәнаралық байланыс: өмірмен байланысты, дүниетану
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі:
1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.
2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
5-жаттығу 57-бет.
IІІ.Білімдерін тексеру.(1-2м)
Өзіндік жұмысы
«Математикалық балық аулау» карточкалары таратылып, жұмыс жасайды.
(7 + 2) + 9 = (2 + 5) + (13 - 8) = (13 - 8) - 0 = (5+3) - 6 =
0 + (12 - 9) = (22 - 6) + 8 = (9 + 9) - 10 = (13 - 8) - 2 =
IV.Сабақтың мақсатың қою: Тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
V.Жаңа сабақ:
Кіріспе.(1-2м)
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар 1-тапсырмаға берілген суреттерді қарастырады (немесе соған құқсас көрнекі материалды). Суретте неше ондық бейнеленген? (Екі ондық). Неше бірлік? (Үш бірлік).
Мұғалім жинақ полотносына 23 санын қояды. Балалар бұл санды оқиды.
Ары қарай басқа сандармен осыған ұқсас жұмыстар жүргізіледі, оқушылар сандарды өздері көрсетеді. Алғашқы пысықтау жұмысы үшін 2-тапсырма тақтада түсіндіріле отырып орындалады.
Дәптермен жұмыс
Күн ретін жазып, көркем жазу минутын жүргіземін. 21 цифрын жаздыртамын.
21
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
2
1
Оқулықпен жұмыс
Оқушылардың екі таңбалы сандардың құрамы туралы білімдерін пысықтау үшін 1-тапсырманы орындатамын. Жүзге дейінгі екі таңбалысандарды санатамын. Жүз санын қайда кездестіргенін сұраймын. Бидай туралы аңызды айтып беремін.
Содан кейін оқушыларға ға 2-тапсырма бойынша түсіндіремін, яғни ондықтарды ататамын:
ә) 11-ден 20-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен санату.
3-тапсырма бойынша: Біз 20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды және дөңгелек ондықтарды білеміз. Енді қалған екітаңбалы сандармен танысамыз.
Саннның атауы
Саннның жазылуы
Ондықтар
Бірліктер
Жиырма үш
23
2
3
Жиырма бес
25
2
5
Қырық үш
43
4
3
ІҮ. Жаңа материалды меңгергендерін зерттеу
-
Оқушылар жаңа сабақты түсінгендері 4-тапсырмадағы есепті дәлелдеп түсіндіру арқылы тексеріледі;
-
5-тапсырмада:
а ) 34,52,76,93,17,70 сандарын кестеге жазу, әр санда неше ондық, неше бірлік бар?
ә) 4,5,6 цифрларын пайдаланып, неше екі таңбалы сан жазуға болады?
Ү.Бекіту.сұрақтар арқылы бекітемін.
VІ. Үйге тапсырма: 6,7-тапсырмалар, 59-бет.
Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Үлгерімі төмен оқушылармен
жұмыс
Шымкент
Алматы
Орал
Астана
Петропавл
Өскемен