- Учителю
- Ана тілі 4-сынып 'Жылқы'
Ана тілі 4-сынып 'Жылқы'
Ана тілі
( 4-сынып)
Б.А.Елжасова
№2 Новоишим орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Жылқы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға С.Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнын түсіндіру.
2. Жылқы туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
3. Қазақ халқы жылқы малын ерекше қастерлеп «жеті қазынаның біріне бағалағанын» түсіндіру.
4. Ерекше қасиеттермен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты:
1.Оқушыларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыту.
2.Түсінгенін әңгімелеп айту.
3.Дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты:
1. «Жылқы» деген қасиетті жануарды сүюге тәрбиелеу.
2. Жануарларды қорғауға, қиыншылығы мол жылқышы мамандығына баулу.
3. Сөздік қорларын молайту.
Сабақтың түрі: «Төрт түлік еліне саяхат»
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: Кіріспе сөз.
Балалар , бүгін біздің сабағымыз ерекше болады. Себебі біздің мұғалімдері қонаққа келіп отыр, осы қонақтарға өз білімдерімізді көрсете білуге тырысайық. Қане, енді сабаққа дайындығымызды тексерейік.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жылқы»
Мақсатымыз:
1.Жылқы әңгімесінің мазмұнымен танысу.
2.Жылқы туралы білімдерін кеңейту.
3.Оның ерекше қасиеттерімен танысу.
Ал, енді төрт түлік еліне саяхаттан бастаймыз. Төрт түлік малдарға нелер жатады?
Аттарын атаңдар.
Төлдерін атаңдар.
Бүгін осы малдардың пірлерінің үйіне қонаққа барамыз. Ауылдар бір-бірінен алыс тұрады. Саяхатымызды бастамай тұрып, үй тапсырмасын еске түсірейік.
1.Үйге не берілді?
Шығарма нелер жөнінде айтылған?
Шыбын араға қандай өсиет айтты?
Қонақ күтуге шыбындар дайын болды ма?
Өздерің қонақ келсе, қалай күтіп алар едіңдер?
2. Ал, енді көптен күткен Қамбар атаның үйіне қонаққа барайық.
Қай малдың пірі?
Жылқы.
Қамбар ата жылқы туралы көп түсініктеме бергісі келеді.
Жылқы - малдың патшасы, қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орны ерекше болған. Қазақ халқы жылқыны ерекше бағалаған, оның қымызы өте құнды, шипалы, табиғи сусын. Қазысы тағамдық, емдік қасиеттері өте мол. Жылқының терісінен бұйымдар жасайды. Жүген,қамшы,үзеңгі бау т.б.
Осы әңгіме біздің кітабымызда бар екен.
Кітаппен жұмыс.
Кітаптарыңды ашыңдар.
3.Жылқы әңгімесін С.Мұқанов жазған.
Сәбит Мұқанов 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында туған. Сол кезде қазақ ауылындағы оқу-молда оқуы болған. Ол молдадан оқып, арабша хат таныған. Омбы қаласындағы мұғалімдік оқуға түседі. Көптеген өлең, шығармалар жазды. Поэмалары кітап болып басылады. Мысалы: «Өмір мектебі», «Ботагөз», «Ақ аю», «Балуан шолақ» т.б.
Әңгімені оқу. (Магнитофон арқылы)
Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
Мақаннның атынан.
Қос деген не?
Қос - баспана - үй. Жылқышының қоныстанатын баспанасы.
Жылқы туралы қандай өлең білесіңдер?
Балаларға тақпақ айтқызу.
Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
(Ботақаным,құлыншағым,ботам,құлыным,кішкентай қозым т.б)
Іштерінен оқыту.
Дауыстап оқыту.
Әр бөлімге ат қояйық.
Жоспарларын дәптерлеріне жаздырту.
Бекіту. Бізге Қамбар ата сызба жоспарын әкеліпті. Сызбаны толтырайық.
Сергіту кезең: 1,2,3,4,5
Отырып, тұрайық,
Керіліп, созылайық.
Екі рет оңға,
Екі рет солға
Бұрылайық, отырайық.
4.Енді балалар Шопан ата мен Сексен ата ауылына барамыз. Олар өрісте бірге жүреді.
Қай малдың пірлері?
Ол да сендерге тапсырма дайындап қойыпты.
Қандай жылқыға байланысты ұлттық ойындарын білесіңдер?
(Бәйге,аударыспақ,қыз қуу,теңге алу, көкпар т.б)
Бәйге ойынын ойнайық. Кім жақсы жауап береді, соған Шопан ата сыйлық береді.
1.Жылқының жасына қарай қалай аталады?
(Құлын,жабағы,тай,құнан,дөнен,бесті)
2.Түсіне қарай қалай атайды?
(Қылаң,торы,көк,жирен,күрең т.б)
3.Жүйрік аттарды қалай атайды?
(Пырақ,сәйгүлік,саңлақ,тұлпар,арғымақ т.б)
4.Ұл туғанда кім туды дейді?
(Ат ұстар)
5.Бәйгеге шабатын баланы кім дейді?
(Шабандоз)
Сергіту кезең: Мектепке жақын келдік,
Иіліп сәлем бердік.
Армысың мектеп - ана,
Біз саған оқуға келдік.
5.Енді Зеңгі бабаның ауылына барамыз.
Ол ненің пірі?
Сиырдың пайдасы қандай?
Сендерге тапсырма:
Мал туралы мақал-мәтелдер білесіңдер?
1.Түстік өмірің болса,
Кештік мал жина.
2.Белгілі малшың жоқ болса,
Беліңді бу да, малға бар.
3.Малдың жайын баққан білер,
Отынның жайын жаққан білер.
4.Бас екеу болмай,
Мал екеу болмайды.
5.Мал баққанға бітеді.
6.Түлік төлден өседі.
7.Малды баға біл,бабын таба біл.
8.Ат-адамның қанаты.
9.Қойдың сүті-қорғасын,
Қойды соққан -оңбасын.
10.Қойдай қоңыр,қозыдай момын.
Тапсырманы жақсы орындадыңдар.
6. Ал енді Ойсыл қара ауылына барамыз. Ол сендерге көп жұмбақтар дайындап қойыпты. Қатар бойынша жарысамыз. Қай қатар жақсы жұмбақ шешеді екен?
1.Шапаным да, тоным да,
Арқаным да жаныңда.
Атам соның соңында,
Таяғы бар қолында. (қой мен ешкі)
2. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
3.Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)
4.Қабат-қабат тоны бар,
Кішкентай ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
5.Туа сап жүріп кеткен,
Енесін қуып жеткен. (құлын)
Балалар саяхатымыз аяқталды.
Енді мен сендерді сынап көрейік.
Қортынды: С.Мұқановтың қандай әңгімесін өттік?
Не туралы айтылады?
С.Мұқанов кім?
Жылқы бағатын адамды кім дейді?
Жылқышы.
Қандай малға байланысты тиым сөздер білесіңдер?
Малды басқа ұрма.
Мал сүйегін өртеме.
Малды теппе.
Ақты төкпе.
7.Үйге тапсырма. Оқып мазмұнын айтып келу.
8.Балаларды бағалау.
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғ.Мүсірепов ауданы.