7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Менің Отаным- Қазақстан'

Тәрбие сағаты 'Менің Отаным- Қазақстан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Менің Отаным- Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Отан - Қазақстан, туған елі туралы түсініктерін кеңейту. Отан - өзінің тұратын, өмір сүретін жері ретінде түсіндіру. Туған елі, Отаны туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой түйіндеу, сипаттау, ой - толғаныс, мәнерлеп оқыту, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, мақал - мәтелдер, сөзжұмбақ.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Шаттық шеңбері»
2. Жаңа сабақ.
«Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен -

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең - байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

3.Сабақ тақырыбын , мақсатын оқушылар болжам жасап,анықтайды.

Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.

«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті - оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

4. Ой толғау : Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер? «Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?

Отан - өз үйім, ата - анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен - көл, туған жер, бәрі Отаным болады.

- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше Отан туралы балалар не дейді?


5.Тіл дамыту жұмысы:

Отан қуат, нәр береді.
Отан мәңгі гүлденеді.

Отан туралы оқушылар өлең оқиды.
Мақал - мәтелдер айту.
Отансыз адам -
Ормансыз бұлбұл.
Отан оттан да ыстық.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
6. Топтық жұмыс:

«Отан» мәтінімен жұмыс. Мәтінді оқу, мазмұнын айту.Сурет салу.

Мәтінді оқы.

Отан - адамның туып-өскен жері, тұрған үйі, ауласы, көшесі, ауылы, мектебі, достары, көршілері. Отанды сүйе білген адам бақытты. Отанды сүю отбасынан басталады. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.

Балыққа - су, құсқа - ауа, жануарға - орман, дала, тау қажет. Ал адамға Отан керек. Табиғатты қорғау дегеніміз - Отанды қорғау.

«Сурет көрмесі» тәсілі. Оқушылар өз суреттерін таныстырады.

«Менің Отаным» эссе

Сабақты қорытындылау:
«Біз не үйрендік?» сұрағына жауап алу. Ауызша суреттеу (Отанның жерін, байлығын, халықтарының достығы).



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал