- Учителю
- Қ Дыбысы мен әріпі
Қ Дыбысы мен әріпі
Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту.
Дамытушылық: Дәптерге Қ әрпінің баспа түрін жазғызып , қолдарын жаттықтыру. Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.
Көрнекіліктер:Кеспе әріптер ,сөзжұмбақ, суреттер.
Әдіс- тәсілі:практикалық ойын, сөздік, көрнекілік.
Типі:жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту.
Ұйымдастыру: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Психологиялық дайындық:
-Қазір кімнің көңіл-күйі тамаша, қол көтерсін!
-Кімнің досы осы сыныпта отыр, қолын шапалақтасын!
-Кім өз-өзіне сенімді, қол көтерсін!
-Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала қолын шапалақтасын!
-Қазір не істейтінімізді білмейтін бала қол көтерсін!
Балалар,оқу құралдарыңды дайындап, кеуделеріңді тік ұстап, бастарыңды көтеріп, партаға дұрыс отырыңдар. Зейінімізді сабаққа аударамыз.
Өткенді қайталау.
- Біз қандай әріптерді үйрендік?(А,Т,П,Н,Ғ,Р,Л,У,Й,О).
- Әріп дегеніміз не ?( Әріп - дыбыстың жазбаша таңбалануы).
- Дыбыс дегеніміз не? (Дыбыс - әріптердің ауызша естілуі).
- Дыбыстар қаншаға бөленеді?(дауыссыз, дауысты).
Тақтада суреттер ілініп тұр, сол суреттің атын тауып, тақтаның алдында жатқан кеспе әріптермен сөз құрастырады. Дыбыстық талдау жасату. (ғарышкер, торғай, ағаш, сағат, орамал).
Жаңа сабақ.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Тауып көріндерші.
-
Қалқиған ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
-
Аузы бар ішіп - жемейді
Алайда жұртқа же дейді. (қасық)
-
Қыста ғана болады,
Ұстасаң - қолың тоңады (Қар)
- Бұл сөздердің барлығы қандай дыбыстан басталып тұр? (Қ) Қ дыбысын хормен айтқызу. Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі жұмсақ таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілген тіл мен таңдай арасынан атылып шығады. Қ дыбысы тілімізде өте жиі қолданылады. Қ әрпі дауыссыз дыбыс.
Қалам, қағаз, қарындаш
Құрбы, құрдас, қарындас
Қ әрпінен басталар
Деп жазсаң да қара қас.
- Қой, құлын бұлардың бәрін бір сөзбен не деп атаймыз? (Үй жануарлары)
- Өйткені адам қолында өсіріледі.
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар ?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
1,2,3 қарлығаш боп ұшамыз.
Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Жүгірді, секірді.
Орнына келіп отырды.
Буынмен жұмыс жасау.
Мысық - ақ мысық
Қонжық - қоңыр қонжық
Қоян- қызғылт қоян
Қасқыр -ақымақ қасқыр
Қасық -ас қасық
Қалам-қызыл, көк қалам.
Дәптермен жұмыс. Қ әрпін жаздыру.
Қуыршақ , қоян суретін көрсетіп, аттарын ататам, сөйлем құрату.
Қыз қуыршағын отырғызды. Қыздың киімі таза ұқыпты екен. Ойыншығын күтіп ұстайды .
Кітаппен жұмыс. Оқушыларға хормен және жеке оқыту.
Жаңа материалды бекіту.
«Қасқырдан құтқарайық» ойыны.
Тәртібі. Орманшының үйі. Алаңда қой, қаз, қоян, жайылып жүр. Кенет орман арасынан бір қасқыр шыға келді. Қасқырдан қойды, қазды, қоянды жасыру керек. Қой, қаз, қоянның сыртына жазылған бүгінгі сабақа байланысты тапсырманы орындаған бала ғана оларды қасқырдан жасырған болып есептеледі. (Тапсырмалар: «қа-ра», «қо-ға», «ақ-қу» деген сөздерді оқу, сөйлем құрау.)
Қорытынды.
- Сонымен қай дыбыспен таныстық?
- Қ дауыссыз дыбыс.
- Қ сөздің басында, ортасында, соңында келеді екен.
- Балалар, біздің сабақ аяқталды. Сау болыныз.
Бағалау. Белсене қатысқан оқушыларды бағалау, марапаттау.
Үйге тапсырма: 53 беттегі сөздерді оқып келу. Қ дыбысы кездесетін сөздер жазып келу.