7


  • Учителю
  • ӘЛіппемен қоштасу кеші'Әліппе- білім бастауы'

ӘЛіппемен қоштасу кеші'Әліппе- білім бастауы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектеп

Әліппемен қоштасу

1"Е" сыныбы


Алматы - 2014

Сахна жабық тұрады.

1 фон қосылады.

Сахна ашылады да, екі уәзір шығады.

1-уәзір:( Көрермендерге таңдана қарап) -Уа, біздің сарайда қуанышты жиын болғалы жатыр ма ?!

2-уәзір: -Естуімше, 1 «Е» сыныбында үлкен қуаныш екен, «Әліппемен қоштасу ертеңгілігі» болады дейді.

1-уәзір: - Онда неге тұрмыз,ханға да хабарлайық!

(2 фон күйменің дыбысы естіледі)

2-уәзір:Біз хабар береміз дегенше, хан өзі де келе жатыр.

Уәзірлер: ( Ишарамен амандасып,таққа отыруын өтінеді) -Төрлетеңіз,хан ием,отырыңыз.

Хан: -Уәзірлерім, «Ертегі әлемінде» не болғалы жатыр?

2-уәзір: хан ием,1 «Е» сынып оқушылары біздің ертегілер еліне келіп,әріптермен танысып,сауаттарын ашып үлгеріпті. Бүгін өз өнерлерін ортаға салып,әліппемен қоштаспақшы екен.

Хан: - Не дейді ?(Ашуланып, қолындағы алтын таяғын жерге екі -үш рет қатты ұрып ) ,Кім оны ұйымдастырып жүрген?! Дереу осында әкеліңдер!

(2 уәзір тағзым жасым,артқа қарай шығуға айналады. Жүргізуші өзі келеді).

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе,сіз іздеген ұйымдастырушы мен болам.Менің достарым барлық әріптерді танып-біліп,жазып,оқи алатын болды. Осы қуанышымызды көпшілікке паш еткіміз келеді.Ашуыңызды басып,мерекемізді бастауға рұқсат етіңіз.

Хан: Алдыма сен сияқты сүйкімді бүлдіршін келгенде, жарайды,рұқсат берейін, өнерлеріңді көрейін.Келіңдер,екеуің де бірге тамашалайық.

Жүргізуші: Көз салып,қараңызшы, бойымызға,

Ортақ боп, бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар,

«Әліппемен қоштасу» тойымызға.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Достарымды шақырайын ортаға..

(МузАрт «Қазақ елі» музыкасымен оқушылар кіреді.

Жартылай шеңбер болып тұрады.)

Ерхат:-Армысыздар,құрметті ұстаздар!Ардақты ата-аналар!

Хормен : Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

Әліппеге арналған тақпақтар:

Салтанат: -Үйреніп жазудың да өрнектерін,

Ойымды Әліппемен тербеткенмін.

Зор қуаныш маған да, ұстазға да

Тілін біліп,кітапты сөйлеткенмін.

Әлиби:- Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет,ұстазыма көзімді ашқан.

Біз - шәкірт,біз -елімнің болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

Хор: «Үйретеді»


Темірлан: - Әліппем - жаттаған жақсы әнім,

Сенімен сусындай бастадым.

Ұстаздың соңынан ілесе,

Бастадым білімнің бастауын.

Балжан: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе- ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Толқын: Осылай алға аттадым,

Әр әріпті жаттадым.

Жаттаған сайын әріпті,

Сөз құрап жаза бастадым.

Ерхат : Әліппем, менің - Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Әліппе келеді:

-Өзім туралы жақсы -жақсы сөздердің айтылып жатқанын естіп келдім.

Жүргізуші:-Келіңіз,ортамызға бұл мереке-сіздің құрметіңізге өтіп жатыр.

Әліппе:

-Армысыздар,жас достар!

Армысыздар,ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болса,талабың

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың

Жақсы білім- көрімдік

Болсын сізге халайық!

Не үйреніп,не білдік

Қане,ортаға салайық!

Жүргізуші: -Әліппе,бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.

Бекмұхамед: Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші

Ал,осының сыры неде ,түсінші?!

Әмина: А деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә деген ол- әкелер ғой салмақты.

Б деген ол - балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Бексұлтан: Әліпбиді біліңдер,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде,

42 әріп бар.

Бексұлу: 42 әріпті игерген,

Әріптен буындап сөз терген.

Әріптерім,шығыңдар

Қатар түзеп тұрыңдар!

Шыңғыс: Ата-аналар тілегі-

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі-

Адал болып өскенің.

Назерке: Балбұлақтың басында,

Бір бәйтерек қасында.

Бұлан, бұғы келіпті,

Бір -біріне кезікті.

Нұрсат: Әдептілік дегенің-

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің -

Әуре-сарсаң, әлегің.

Балерке: Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз.

Расул: Спортпен айналыс,

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс,

Сауық пен кинодан.

Аяжан : Отан - сенің ата-анаң,

Отан -досың,бауырың.

Отан - өлкең,астанаң,

Отан - аудан,ауылың.

Ақарыс: Ғалым болсаң,ғылымда

Ғажайыптар аша біл.

Ғарыштың да тыңына

Ғылым дәнін шаша біл!

Айым: Даурықпаңдар,әріптер

Бәріңді жұрт дәріптер.

Мен «Я»-мын соңғы әріп,

Менен әрі барып көр.

Жүргізуші: Достар,біз Әліппеден оқу,жаза білуді үйренсек,математикадан санауды,есептеуді,сандарды жаза білуді үйрендік.

Ерхат: (Матем кітабын ұстап тұрып) Мынау менің кітабым,

Аса құрмет тұтамын.

Шөліркесем ашып сан

Білім нәрін жұтамын

Біздің келер шамамыз

Беске үшті қосамыз

Оннан бесті алып

Жауабын тез табамыз.

(Осы кезде Ерхат,Ақарыс,Айым,Салтанат шығып кетеді.)

Алмас: Бір дегенім -білім,

Білім - жарық күнің.

Рубина : Екі дегенім -еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

Әлижан: Үш дегенім - үміт,

Үміт артар жігіт.

Тамирис: Төрт дегенім - талап,

Талмайтұғын қанат.

Ағжан: Бес дегенім - бірлік,

Бірліксіз жоқ тірлік.

Сабина: Алты дегенің - арман,

Атар таңың алдан.

Алмас: Жеті дегенім - жігер,

Жеңер жолын білер.

Тамирис: Сегіз дегенім - сенім,

Сүйенішің сенің.

Ағжан: Тоғыз дегенім- талғам,

Тура жолға салған.

Сабина:Он дегенім - Отан ,

Қорға Отанды ботам.

Хор: «Отан».

Әліппе:-Балалар,менен алған білімдеріңді одан әрі шыңдай түсетін,өз тілімізді сүюге,қадірлеуге үйрететін кітап - «Ана тілін» ортаға шақырайық.Ендігі сендердің жаңа достарың -Ана тілі оқулығы болады.

Ана тілі:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар ?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам,

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілің - арың бұл -

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

  • Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.Енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын.Тек мені таза ұстап,ынта қойып оқыңдар.Менің бір ерекшелігім - қазақ тілін менімен қатар оқитын боласыңдар. Жүргізуші: -Жоғары төрлетіңіз,Ана тілі.

Би: Калинка

Әліппе:Бүлдіршіндер,сендер мені жақсы игеріпсіңдер.Енді сендермен қоштасатын да уақыт келіп жетті.Көп рахмет,сендерге.

Кір шалмасын беттерің,

Таза болсын оқулық пен дәптерің

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын!

«Ана тілі» оқулығын таза ұстап,жақсы оқыңдар.Сау болыңдар!( Әліппе кетеді, Тамирис-күнбағыс,Шыңғыс -Бағбан шығады)

Хормен:Әліппе,саған мың алғыс!

Хор: «Әліппе(ертегілер)»

К ө р і н і с "Көкөністер".

Спорттық би: 9 ұл(Ақарыс,Бексұлтан,Алмас,Ақжан,Әлиби)

Ерхат,Расул,Темірлан,Бекмұхамед

Ерхат: Ана туралы тақпақ.

Еркежан:Ана туралы ән

(Оқушылар рубашкаларын ,көйлектерін киеді)

Қыздардың биі:Еркежан,Салтанат,Тамирис,Аяжан.

Ән: Атамекен Еркежан,Бексултан,Бексұлу

(Артынан оқушылар шығады)
Патша:
-Мынандай , білімді, өнерлі, тәрбиелі, тату, ұжымы жарасқан, елін, жерін сүйетін, Тәуелсіздік туын биік ұстап өсіп келе жатқан оқушылары бар мектепті ешқандай дау ала алмайтынына бүгін менің көзім әбден жетті. Ендеше, осы білім ордасында ұлттық рухты, дарынды балалар көбейе берсін деп тілеймін .
Мұғалім:
-Білім патшасының сөзіне мен де қосыламын.Біз сендерден үлкен үміт күтеміз.
Қымбатты балалар ! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа , мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білімбаспалдағынаөрлегенсапарларыңсәттіболсын. Тәуелсіздігімізбаяндыболсын !







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал