7


  • Учителю
  • Конспекты поворочный план (3 класс)

Конспекты поворочный план (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары 3- сынып

Сабақтың тақырыбы: «Еңбекпен тапқан тиын» (грузин ертегісі)

Мақсаты:

а) білімділік: Ертегі мазмұнын әңгімелеу, ертегіні өз ойларымен жалғастыруға, рөлге бөліп оқуға және сахналауға үйрету. Жалқаулыққа, еңбекқорлыққа байланысты мақал - мәтелдердің мән - мағынасын ұғындыру.

ә) тәрбиелік: Ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, үлкенді тыңдауға, жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Шығармашылық тапсырманы орындата отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту, актерлік шеберліктерін, дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтастыру, үш қадамнан тұратын сұхбат,СТО стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, сюжетті суреттер, мақал - мәтелдер

Пәнаралық байланыс: сурет, математика, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа назар аудару.

Психологиялық дайындық!

 Ой тастау Қазір жылдың қандай мезгілі?

« Күннің шуағына өз қуаныштарын жазу »

 Сыныпты топқа бөлу , топ ережесін еске түсіру. (өздерінің қалаған түстері бойынша)

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!- деп ақын Қ. Мырзалиев жырлағандай, әдебиеттік оқу сабағын бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Жекен Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады»

«Үш қадамнан тұратын сұхбат» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.

«А» (сұхбат алушы)

1. Құрылыс жұмыстарына қажетті қандай көлік түрлерін білесіңдер?

2. «Бәрін бітірген өзім» деп мақтанған қай көлік еді?

3. Көтергіш кранның жұмысы қандай?

4. Мақтаншақ машина қандай жағдайға тап болды?

5. Көтергіш кран қандай көмек көрсетті?

6. Мақтаншақ машинаға көтергіш кран қандай ақыл айтты?

«В» (жауап беруші)

1. Көтергіш кран, жүк машинасы, трактор, т. б

2. Зауыттан жаңа шыққан жүк машинасы мақтанғанда жер - көкке сыймайды.

3. Көтергіш кран әлденеше бөренелер мен ағаштарды жоғары көтереді.

4. Жауын-шашыннан құрылыс маңайы лайсаң батпақ болып, сол жерге жүк машинасы батып қалады.

5. Кран ұзын мойнын бұра келіп, шұңқырда тұрған машинаны жоғары көтеріп әкетті.

6. Жүк көтергіш машинаны дөңес жерге шығарып тұрып:

- Балақай, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар. Бәріміз де тек құрылысшының көмекшісіміз,- деді.


«С» (жинақтаушы)

«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындарымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту:

«Галереяға саяхат» әдісі бойынша мәтін мазмұнына сай салған суреттер топтамасынан салған суреттерін қабырғаға іліп, сол жайында әңгімелеу.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту:

Мағынаны тану. Қызығушылығын ояту

- Қазір көбейту амалдарын орындау арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық. Көбейту амалын орында, нәтижесіндегі шыққан сандарды өсу ретімен қой.


48: 8 ----- 36: 4 ------- 25: 5 ------- 24: 6 ------ 3: 3 -------- 6*0

г ----------- і ------------- е ------------ т ----------- р ----------- е


48: 8 = 6 36: 4 = 9 25: 5 = 5 2 4: 6 = 4 3: 3 = 1 6*0 = 0

0 - е ----- 1 - р ----- 4 - т ----- 5 - е ----- 6 - г ----- 9 - і

Қандай сөз шықты? Ертегі

«Мен білетін бір дерек » стратегиясы

Қиял - ғажайып ертегілер

Жан - жануарларға

Шыншыл ертегілер

Әр ертегі түрлеріне мысалдар келтіру.

Жаңа сабақпен жұмыс

- Балалар, ендеше бүгін біз «Еңбекпен тапқан тиын» атты грузин халқының ертегісімен таныс боламыз.

Ү. Оқулықпен жұмыс:

1. Ертегіні ЖИГСО - әдісі бойынша оқу.

2. Ертегіні рөлге бөліп оқу.

«Саусақ» әдісі

1. Оқу инемен құдық қазғандай.

2. Еңбек ерлікке жеткізеді,

Ерлік елдікке жеткізеді.

3.Жақсы адам- елдің ырысы,

Жақсы жер-жанның тынысы.

ҮІ. Топпен жұмыс .Оқушылармен жүргізілетін шығармашылық жұмыстар:


1- топ Ертегіні әрі қарай жалғастырып көр.

2- топ Ертегіні сахналаңдар.

3-топ Егер баланың орнында болсаң не істер едің ?

Сергіту сәті

ҮІІ. « Идеялар себеті » стратегиясы

Ертегіге сүйеніп балаға мінездеме бер.

Бала

ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Ой толғаныс.

- «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?

Тұрмыс - салт ертегісі. Себебі бұл ертегіде баланың ақшаны өз еңбегімен тапқаны жөнінде айтылады.

Ұжымдық жұмыс

 Осы ертегі мазмұнына сай қандай мақал - мәтел білесіңдер?

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Кім еңбек етсе, сол тоқ. т. б.

ІХ. Жаңа сабақты қорытындылау:

«Соңғы сөзді мен айтам» стратегиясы

  • Ертегінің аты

  • Ертегі қай елдікі?

  • Кейіпкерлері

  • Ана мен баланың іс - әрекетіне өз көзқарасың

  • Ертегі немен аяқталды?

  • Нені үйрендің?


Х. Үйге тапсырма:

1. Ертегіні түсініп оқу

2. Кейіпкерге хат жазу

Кері байланыс Не білдік? Не ұнады?

ХІ. Балаларды мадақтау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал