7


Ашық сабақ тақырыбы: Етістік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Хлебодаровка орта мектебі



Мұғалім: К.Б. Бегимова.



2014-2015оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: Етістік туралы түсінік беру.Оқушылардың ой-өрісін,шығармашылық қабілетін жазу колиграфиясын,сөйлеу мәдениетін дамыту.Табиғатқа қамқор болуға,отансүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру,ой қозғау.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта,суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Жүру барысы.

1.Ұйымдастыру бөлімі: а)Оқушылармен амандасып,оқу-құралдарын тексеру. ә)Сабаққа назарын аударту.

2.Психологиялық дайындық.

Қазынаң сенің тіл деген,

Даналарын оны біл деген.

Ешкімде жақсы болмайды,

Өз тілін жақсы білмеген.

Оқысаң қанша ілімді,

Болсаңда қанша білімді.

Ұмытпау керек әр қашан,

Өзіңнің ана тіліңді.

3.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтарға жауап.

Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?

Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не?

Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?

Тәуелдік жалғаулар неше жақта айтылады?

4.Ой қозғау. Ребус шешу

5.Жаңа сабақты түсіндіру.

Балалар бүгінгі өтетін жаңа сабақтың тақырыбы Етістік.

Ереже:

Заттың қимылын,ісін,күй-жайын білдіретін сөз табы етістік деп аталады.Етістіктер не қылды? Не істеді? Қайтты? деген сұрақтарға жауап береді.Етістік істің белгілі бір уақытта болатынын білдіреді.Етістік барлық шақтар да жіктеледі.Сөйлемде көбінесе баяндауыш болады.

Суретпен жұмыс.

Балалар мына суретке қараңдаршы.Суреттегі көріністі бір сөзбен атаңдар.

-Табиғат

-Табиғат нешеге бөлінеді?

Табиғат 2-ге бөлінді: Өлі және тірі табиғат болып.Тірі табиғатқа (адам,жануар,өсімдік).Өлі табиғатқа (тау,тас,су топырақ )

Құпияға құлақ сал.

Жануарлар мен өсімдіктердің жаны бар ,бірақ сөйлемейді.Сондықтан оған не? сұрағы қойылады.Ал орыс тілінде адам мен жануарларға кім? өсімдіке не? Сұрағы қойылады.

6.Сергіту сәті (хормен)

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз.

Бүгінгі күн ретін

Әдемілеп жазамыз.

Көркем жазу.

К к әріпіннің бас әріпін және кіші әрпін бір жолға жазып шығу.Екінші жолға К дыбысынан келетін сөздерді жазу.

7.Оқулықпен жұмыс.

1 жаттығу

Суретке қара.

Әңгімеге ат қой. Үй қояндары не істеді?

Әнуар балықтарға жем шашты.

2 жаттығу. Жұмбақты оқып шешуін тап.

8.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды алға созамыз.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары,төмен қараймыз,

Орнымызға тараймыз.

Тақтамен жұмыс: 3 жаттығу.

9.Өз бетінше жұмыс. 5 жаттығу.

Жылқы құлындайды.Қой қоздайды.Түйе боталайды.Сиыр бұзаулайды.Ешкі лақтайды.

10.Ұйқасын тап.

Оқысаң.... сусын ішесің

Аяғың ауырса .... күн жылынады.

Көп ұйықтасаң .... қолыңмен сүртпе

Шөлдесең .... басың ауырады.

Көзің ауырса..... көп жүрме

Жаз шықса .... түсінесің.

11.Үйге тапсырма.

4-жаттығу.Ереже жаттау.

12.Қортынды сабақ.

Біз не үйрендік? Не білдік?

13.Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал