- Учителю
- 'Екі амалдан тұратын есептер' 2-сынып
'Екі амалдан тұратын есептер' 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Екі амалдан тұратын есептер
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды екі амалдан тұратын есептермен таныстыру. Есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын дұрыс құрауға үйрету.
2. Оқушылардың ой- өрісін,ауызша есептеу шапшаңдығын, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.
3. Достыққа, ауызбіршілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Ұқыпты, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Фигуралар, жеке тапсырмалар, слайд
Пән аралық байланыс: ана тілі, бейнелеу.
Сабақ барысы: Психологиялық дайындық
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Білімді шәкірт боламыз.
2. Ертегі кейіпкерлерінің қонаққа келуі «Жеті лақ» ертегісіндегі ешкінің көмек сұрауы және қасқырдың қойған талаптары.
1. Жеке тапсырмаларды оқушыларға тарату.
А. 1дм * 10см 2мм * 2см 50см * 40дм
Ә. Математикада пайдаланатын латын алфавитінен енген әріптерді ата.
A,B,C,R
Б. Ең кіші салақ бірлігін ата.
В. Сандарды жікте: 54,36,71.
Г. Мына сандарды пайдаланып есеп құрастыр. 2,4
Жаңа сабақ: Екі амалдан тұратын есептер.
1.Оқулықты пайдалана отырып есеп шартын талдау. Есеп құру, сұрағына аса назар аудару. Шешуін табу, сұраққа жауап беру.
1-тізбеде- 7шар.
2- тізбеде-? 3 шар артық ! ? шар
Ш: 7+3=10 10+7=17
Жауабы: барлығы 17 шар
2. Қасқырдың екінші тапсырмасы: Есептің шартын құрастырып, шығар.
1-жәшікте-8 кг алма
2-жәшікте-? Екі кг алма артық ! ? кг алма
8+2=10 10+8=18
Жауабы: барлығы 18 кг алма
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір.
1,2,3,4. 1,2,3,4.
Жоғары қолды созамыз,
Тынығады санамыз.
3. Қасқырдың тапсырмасы: № 3 өзбетіңмен орында. Екі нұсқаға бөліп беру.
1- нұсқа: 6 мен 10, 10 мен 9, 0 мен 13 сандарының қосындысын тап.
2-нұсқа: 20 мен 1, 17 мен 7,18 бен 10 сандарының қосындысын тап.
Оқушыларға оқытып, тексеру.
4. Тапсырма: «Кім шапшаң?» Амалдарды орында.
5. Қасқырдың тапсырмасы: Жұмбақ шешу арқылы ұшақ құрастыру
1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойын да.
2. Бесбайдың бар бес інісі,
Естайда бар екі іні.
Қоссақ бәрін осының,
Болады сонда неше іні?
3. Бір-бірімен жарысқан,
4 аю, 2 арыстан
2 қоян, 1 түлкі
Бәрі нешеу, кім білді?
4. Төрт қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу, бас нешеу?
Жауабын кім табады.
Сабақты қорыту. Мақтау- мадақтау. Бағалау. Үйге 4,6 сандарын пайдаланып есеп құрастыру.