7


  • Учителю
  • Табиғаттың тарылтпайық тынысын (4 сынып)

Табиғаттың тарылтпайық тынысын (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: оқушылардың қоршаған орта жайлы танымдық әрекеттері шыңдалады; экологиялық мәдениеті қалыптасып, туған жер табиғатынадеген сүйіспеншілігі артады;табиғаттағы сұлулықты көре біледі,табиғатты аялай білуге үйренеді; топтағы іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастыруға,
предварительный просмотр материала

Солтүстік Қазақстан облысы

Қазақ мектеп-гимназиясы









ТАБИҒАТТЫҢ ТАРЫЛТПАЙЫҚ ТЫНЫСЫН

Сынып сағаты


4 «В» сыныбы




Дайындаған: Т.С.Құлмағанбетова
















Петропавл қаласы. 2015 жыл


Мақсаты: оқушылардың қоршаған орта жайлы танымдық әрекеттері шыңдалады; экологиялық мәдениеті қалыптасып, туған жер табиғатына

деген сүйіспеншілігі артады;табиғаттағы сұлулықты көре біледі,табиғатты аялай білуге үйренеді; топтағы іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастыруға, бірін-бірі тыңдай білуге үйренеді.

Барысы: Ұйымдастыру. «Джунглидағы жауын » жаттығуы өтеді. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. «Жер», «Су», «Ауа», «Өсімдік».

Мұғалім:Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие - бұлақ», «әулие - ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т. б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
«Жер», «Су», «Ауа», «Өсімдік».

1-тапсырма Әр топ өз атауына сай не біледі? (Постер құрастыру)

Олардың адамға пайдасы және адамның оларға тигізер пайдасын әңгімелейміз. Ой-пікір

Табиғат - ол Жер -Ана.

Барша байлықтың анасы - Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауындағы қазба байлықтарын дұрыс игере білу, Жер-Ананы түлетіп гүлдендіре білу - біздің борышымыз.

Табиғат - ол су.

Су - тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер - нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол - ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

Табиғат - ол өсімдік.

Өсімдік - ол жасыл желек, көкмайса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер, өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде сусын, ыстықта көлеңке, сая, суықта пана, ауырғанда дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі - гүл.

Өсімдік - таза ауа, еліміздің дәулеті жасыл желек орман.

2-тапсырма: «Адам үшін қайсысы маңыздырақ?» деген сауал бойынша пікірталас өтеді.

3-тапсырма: адамның табиғатқа пайдасы, зияны туралы белгіленген уақытқа сай ақылдасып, ортаға салады.

Сергіту сәті
Көздеріңізді жұмыңыздар. Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз. Сіз тау жолымен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл демаласыз, сіз күшке толысыз. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

1 - топ: Табиғатты қалай қорғайсыңдар?
2 - топ: Табиғатты көріктендіру үшін не істейсіңдер?
3 - топ: Табиғатты қорғауға байланысты өлең құрастыру

4-топ: Табиғатқа байланысты қандай ырымдар мен тыйым сөздерді білесіңдер? Ұяны бұзба
Суға түкірме
Жас шыбықты кеспе
Аққуды атпа

Судың да сұрауы бар
Бақ өсіргенің бағы жанар.
Жұпар ауа дертке дауа.
Көкті жұлма көктей соларсың.
Туған жердің топырағы да ыстық.
Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.
Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса жақсылық болады, өйткені бұл құстар адамға дос. Сондықтан ұясын бұзбайды.
Құмырсқаның илеуін бұзсаң,
Үй ішіне кесапаты тиеді.
Торғайдың жұмыртқасын шақсаң, бетіне шұбар түсуі мүмкін.
Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды қарғысы қатты болады.

ЖАРНАМА (үй тапсырмасы)
Шығармашылық жұмыс:

Мен қазір алғашқы жағын бастаймын сендер жалғастырасыздар.
- Егер табиғатқа тіл бітсе... деген тақырыптарға өз ойларыңызды ортаға салайық.

Тілек ағашына өз тілектеріңді жапырақтарға жазып, жабыстырамыз.
Балалар табиғатқа өз тілектерін білдіреді:
- Ағаштар өсе берсін.
- Табиғат жасыл болсын.
- Табиғатта қоқыс аз болсын
- Табиғат әдемі болсын
- Ауа таза болсын
- Табиғатымыз гүлдене берсін
- Күннің көзі жарық болсын
- Гүліміз жақсы өссін
- Суымыз мөлдір болсың

Қорытынды сөз: Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Адамзат баласының көз алдында таусылып, құрып бара жатқан Арал, Балқаш, Семей, Чернобыль қасіреті т.б. Соның бәрі адам қолымен салынған таңбалар. Алпысыншы жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз қазір құрдымға айналды. Арал тұрғындары арасында ауру-сырқау, өлім-жітім көбейді.
Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз екенбіз.
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы бұл экологиялық мәселе.
Табиғат - адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат - адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысың
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.
Табиғатты тарих талай сынаған
Бірақ оған қаймықпаған, шыдаған
Табиғат та әке болып еңіреп
Табиғат та ана болып жылап
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен,
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал