7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар – ұят туралы»

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар – ұят туралы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев « Ар - ұят туралы »

Сабақтың мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру. Өлеңнің мазмұны мен негізгі идеясын ашуға дағдыландыру,танымдық ой дағдыларын дамыту.Оқушылардың бойына адамгершілік ,адалдық қасиеттерін дарыту

Әдіс - тәсілдер: « Өзара бөліп оқыту », « Дөңгелек үстел », « Серпілген сауал ».

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,стикерлер,смайликтер.

Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу

Сыныптың ахуалымен танысу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Топқа бөлу ( Білім.Ақыл.Қанағат )

Бағалау парақшаларын тарату

II Үй тапсырмасын тексеру

1- топ тапсырмасы: Мәтін мазмұнын айту

2- топ тапсырмасы: Шоқанға мінездеме беру

3- топ тапсырмасы: Ырымдар айту

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті (қимылмен көрсетіп тұру) слайд.

1.Тегіс жолда келеміз деп елестетіңдер.

2.Енді сазды, балшықты жерде келесіздер.

3. Жайық өзенінде жүзіп келесіздер.

4.Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар.

Жұбан туралы видеоролик көрсету

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы,Сайқұдық ауылы,Жыланды деген жерде дүниеге келген.Мектептен кейін ауылшаруашылық техникумында оқыған.1940-1947 жылдары әскер қатарында болып,Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысқан.Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқарып жүріп,шығармашылықпен айналысқан.

Оның « Мен - қазақпын », « Жесір тағдыры », « Туған жер » атты поэмалары бар. Олай болса Жұбанның «Ар - ұят туралы» өлеңімен танысамыз.

III Жаңа сабақ

  • Балалар,өлеңмен таныспас бұрын « Ар - ұят туралы біз не білеміз?Кім,қалай ойлайды? ». Осы сұрақ төңірегінде « Дөңгелек үстел » әдісі бойынша жазып шығайық.

( Оқушыларға стикер тарату, ойларын жазғызу,оқыту )

« Өзара бөліп оқыту » әдісі бойынша оқыту

  • Өлеңді мәнерлеп оқу

  • Бөлімдерге ат қою ( балалар бірін - бірі бағалайды. )

« Серпілген сауал » әдісі бойынша жаңа сабақты қортындылау

  1. Топ

1)Өлеңнің мазмұны не туралы?

2)Адам жағымды қылықтарды қайдан үйренеді.

2 Топ

  1. « Өлімнен ұят күшті » дегенді қалай түсінесіңдер?

3топ

  1. Ұят болмасын!Ұят болады!деген сөздер үлкендер тарапынан қай кезде айтылады?

Сабақ туралы кері байланыс ( рефлексия )

Сабақ не туралы болды?

Бүгінгі сабақ ұнады ма?Қалай ұнады?

Бұл сабақта қиындық келтірген не болды?

Бұл қиындықты ненің көмегі арқылы еңсердің?

Бағалау ( Өзін - өзі бағалау )

Қорытындылау: Мұхамбет (с.ғ.с.) Пайғамбардың сөзімен аяқтау.

« Ойланудың,ұялудың бәрі қайырлы іс.Адамдардан ұялыңыз.Алладан ұялыңыз.Өзіңізден - өзіңіз ұялыңыз.Кімнен ұялсаңыз да бұл қылығыныздың бәрі де қайырлы болмақ. »

.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал