7


Дауыссыз л мен р

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Дауыссыз л мен р дыбыстарының айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерін байқату.Дамытушылығы: Сөздік қорын, ойлау қабілетін, тілін дамыту, деңгейлік тапсырмалар орындау.Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, әдептілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.Осы сөздердің мағынасын түсі
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз Л мен Р

Сабақтың мақсаты: Дауыссыз л мен р дыбыстарының айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерін байқату.

Дамытушылығы: Сөздік қорын, ойлау қабілетін, тілін дамыту, деңгейлік тапсырмалар орындау.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, әдептілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: Ребус, сөзжұмбақ, венн диаграммасы, суреттер, ережелер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

1. Психологиялық дайындық.

Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адамдық.

Әрбір ісің - тілек, тірек, адалдық.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

118-жаттығу.

  1. Өткенді пысықтау.

Карточкамен жұмыс.

а) к,г дыбыстары бар сөздерді жазу.

ә) Дауыссыз к мен г әріптері қалай жазылады?

б) к, г дыбыстарының қайсысы қатаң, қайсысы ұяң?

в) Мына сөздерге і дыбысын қосып өзгертіп айт.

Күрек - … , жүрек - … , терек - …

Ереже

  1. Жаңа сабаққа дайындық

Сұраққа жауап алу. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Осы сызбаға қарайтын болсақ, қатаң мен ұяң дауыссыздар айтылу жағынан ұқсастығына қарай жұп құрайды. Мысалы: п-б, к-г, қ-ғ және р-л, т.б.

  1. Жаңа сабақ.

Дауыссыз р мен л.

119 -жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз. Оқулықпен жұмыс.

Лашын, лебіз, лайық, лезде, лауазым, рең, рәсім, разы, рауғаш, раушан.

Осы сөздердің мағынасын түсіндіру.

Лашын - жыртқыш тұқымдас құс

Лебіз - жанға демеу беретін жағымды сөз

Лайық - ыңғайлы, қолайлы

Лауазым - дәреже, атақ

Лезде - жылдам, шапшаң

Рең - келбет, өң, шырай

Рәсім - салт, әдет-ғұрып, дәстүр

Разы - қуаныш сезімі, риза болу

Рауғаш - көп жылдық қышқылтым дәмді өсімдік

Раушан - әдемі, ашық түсті алқызыл гүл.

120 -жаттығу. Шығармашылық жұмыс.

Мақалдарды оқып, жатқа жазу.

Еңбек түбі - рақат.

Ағайынның алтын сарайынан

Ананың жыртық лашығы артық.

Сергіту сәті. Сөзжұмбақ шешу. «Тәуелсіздік»

Т

У

Т

Ә

У

К

Е

Н

А

У

Р

Ы

З

Ж

Е

Т

І

А

Л

М

А

Т

Ы

О

Р

Ы

С

П

І

Л

Р

А

М

А

З

А

Н

М

Е

Д

Е

У

Б

Ү

Р

К

І

Т

К

Ө

К

Ш

Е

Т

А

У

1.Рәміз

2.Қазақтың ханы

3. Жыл басы

4. Киелі сан

5. Бұрынғы астана

6. Ресей халқы

7. Алып жануар

8. Қасиетті ай

9. Мұз айдыны

10. Жыртқыш құс

11.Қазақстан қаласы

Көркем жазу. Р мен Л.

121-жаттығу. Екі бағандағы сөздерді салыстыр. Содан соң одан қорытынды жаса. Ауызша орындау.

Лашын, лауазым, лебіз, Іле, ілгіш, ілесу, ірі,

рақмет, рақат, рең, рақым ірімшік, ылди, ылғал

123-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі гүлді сипатта. Өзіндік жұмыс.

  1. Қорытындылау. «Менің есімім» ойыны.

Аттары дауыссыз дыбыстан басталатын оқушылар тұрып аттарын атап, ережелерді айтады.

Қатаң дауыссыздардан: Ұяң дауыссыздардан: Үнді дауыссыздардан:

Сұрақ-жауап.

1) Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

2) Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?

3) Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

  1. Үйге тапсырма. 122-жаттығу.

  2. Бағалау Оқушыларды бағалап өту




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал