- Учителю
- ӘДебиеттік оқу пәнінен 'Жақсылардың жақсысы' тақырыбына ашық сабақ
ӘДебиеттік оқу пәнінен 'Жақсылардың жақсысы' тақырыбына ашық сабақ
Балқаш қаласы «Абай атындағы №2 лицей» КММ
Тақырыбы: Жақсылардың жақсысы
(ертегі)
Өткізген:Макашева Ж.М.
Сыныбы: 3 сынып
Пән: әдебиеттік оқу
Мұғалім: Макашева Ж.М.
Тақырыбы: Жақсылардың жақсысы /ертегі/
Мақсаты: Ертегіні талдай отырып идеялық мазмұнын ашу, оқушылардың тақырып бойынша ойын, пікірін сыртқа жүйелі түрде шығара білуіне , басқаның пікірін тыңдап сыни тұрғыдан ой қорытуына ықпал ету.
Міндеттері: Ой пікірлерін ортаға салу, іздендіру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін арттыру; Оқушыларды адам бойындағы жақсы жаман қасиеттерді ажырата білуге, өмірге қажетін таңдай алуға тәрбиелеу.
Ресурстар: қима қағаздар, флипчарт, оқулық, смайлкитер, сткиер
Стратегиялар: «Миға шабуыл», «Кластер», «Ой қозғау», «Болжау»
Барысы:
-
Психологиялық ахуал.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!
2.Қызығушылықты ояту
Әртүрлі қазақ ертегілерінің суреттері бар қима қағаздар арқылы «Алтын балық», «Ақыл, ғылым, бақыт», «Жыл басы», «Аяз би» деп жазылған топтарға барып отырады.
-
«Алтын балық» - қиял-ғажайып ертегі
-
«Ақыл, ғылым, бақыт» - тұрмыс салт ертегілеріне жатады.
-
«Жыл басы» - хайуанатттар туралы ертегі
-
«Аяз би» -шыншыл ертегі
/КӨШБАСШЫНЫ САЙЛАП АЛУ /
3. Үй тапсырмасын сұрау.
- Кане, кім айтады, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-өлең авторы кім?
Қане, ендеше әр топ осы өлеңді топ болып талқылап, маған өлең мазмұнын ашып айтуға дайындалыңыздар.
-ұшқыш болу үшін не қажет деп ойлайсың? -әрине, іскерлік қажет, білім қажет. Ендеше, біз білімді болуымыз үшін көп оқып, көп еңбек етуіміз керек екен. Сонда ғана белгілі бір мамандық иесі бола аламыз. Ендеше қазір сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.
Ой қозғау. Жұмбақтар тарату.
Әр топ өзі жасырады, басқа топтар соны шешеді.
-
Әжемнің қолында шыр айналар,
Шыр айналса, өзіне шыр байланар. /ұршық/
2.Сөзі -дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң - шешен,
Ақылы асқан көсем./кітап/
3.Тоқыған ауы, шыбынның жауы. /өрмек/
4. Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай. ( Құмырсқа )
-Ал ендеше осы жұмбақтардың шешуіндегі заттарды біз не үшін пайдаланымз? - адам үшін қандай маңызы бар? - еңбек ету үшін қажет екен. Ал сендердің еңбектерін не ? сабақ оқу. Ендеше балалар..................
4.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
........балалар сендер бүгін жайдан жай мынадай топтарға бөлінген жоқсыңдар. Себебі бүгінгі тақырыбымыз ертегі болмақ, яғни бүгінгі сабақта «Жақсылардың жақсысы» деп аталатын ертегімен танысамыз.
-Ертегі дегеніміз не қалай ойлайсыңдар? Сол ойларыңды мына флипчартқа жазып аласыңдар. Сосын өз топтарын бір оқушы шығып сөйлейді.
-жақсы. /ертегі туралы өзім таныстырып айтып кетемін/ слайд/
-ертегі төрт топқа бөлінеді екен. Ендеше бүгінгі оқиын деп отырған ертегіміз қай түріне жататындығы туралы ойланып отырайық.
5. Оқулықпен жұмыс «Болжау» стратегиясы
- іштей оқыту - рөлге бөліп оқыту - тізбектеп оқыту.
Сұрақ- жауап
- ал бірінші абзацта не туралы айтылған ?
-әрі қарай не болады деп ойлайсың? Қане болжап көрші.
-жақсы әрі қарай оқиық.
**оқушыларға мәтінді бөліп оқыта отырып, болжау жасату
-сонымен жақсылардың жақсысы не екен?-неліктен әкесі қызына кішкентпай кезінде рұқсат етпеді? Қалай ойлайсың?
6. Сергіту сәті.
7. «Кластер» құру /постер/
Еңбек Білім
-қазір дәптерге еңбек, білім деп алып, осы сөздерді сызбаға сипаттап жазыңдар.
-жақсы, ендеше осы күндеріңді қандай түске бояр едіңдер? -не себепті?
-ал ендеше еңбек, білім туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?
-кім айтады?
8. Қорытынды. Құмырсқа
-сонымен жақсылардың жақсысы не екен?
-құмырсқа неліктен жақсылардың жақсысы деп аталады?
-ендеше бізге де сол құмырсқаның қанағаты, төзімділігі, шыдамдылығы, еңбекқорлығы қажет екен.
9.Бағалау. Оқушылар жинаған күлтелер арқылы өзін өзі бағалап шығарады.
10. Рефлексия.
- Топта өзара жұмыс істеу сендерге ұнады ма?
- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
- Не білдіңдер, не үйрендіңдер?
11.Үйге тапсырма. 43-44бет мазмұны.