- Учителю
- Тәрбие сағаты: 'Тілашар' 1 сынып
Тәрбие сағаты: 'Тілашар' 1 сынып
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі»
2014-2016
Сабақтың мақсаты:
1.Біліміділік:Оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы
берілген сөз, сөйлемдерді оқуға, жазуға үйрету, оқу дағдысын
арттыру, сөзге дыбыстық талдау жасай білуге
қалыптастыру
2.Дамытушылық: тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту, сауатты жазуға,
оқуға төселдіру
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылардың оқу құралын түгендеу
2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Бір,екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Өтілген сабақты еске түсіру
Жоғалған әріпті тап» ойыны
Мұ□ , тұ□, қобы□ , та□ы , қымы□, қо□ы, жа□ .
-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
З-қандай дыбыс? З дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Мысалдар келтір ( сөздің басында, ортасында, соңында)
2 Мәтінді тізбектей оқыту «Мұз айдыны»
Жаңа сабақты түсіндіру
Шөлде бар,
Суда жоқ.
Көлде бар,
Буда жоқ. Ө
-Ө- жіңішке дауысты дыбыс. Хормен дыбыстату.
Ө дыбысы бар сөз ойлату. Ө дыбысы сөздің қай жерде келетініне назар аударту.
О-жуан,Ө- жіңішке дауыстылар
Оқулықпен жұмыс.
«Өрмекші» сөзіне дыбыстық талдау жасату
1. Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру
2. Мәтінмен жұмыс «Өркеш»
Мәтінді тізбектей оқыту.
Сергіту сәті «Көңілді балықтар»
Дәптермен жұмыс
Ө дыбысының әріп таңбасын (бас және кіші әріптерін) жазғызу, сөздер жазғызу
Сабақты бекіту
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Ө дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Оқушыларды мадақтау.
Мұ□
тұ□
қобы□
та□ы қымы□
қо□ы
жа□
Сегіз аяқ ,сегіз қол,
Кестелейді тігеді.
Жібектей әсем дөңгелек,
Пайдасын шебер біледі
Болғандықтан ол керек
Алыңдар сатып шыбындар
Сендерге де сол керек. (өрмекші )
«Әулиекөл аудандық білім бөлімінің Әулиекөл бастауыш мектебі» ММ
Бағдаршам сыры
1 сынып
Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру.Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке сүйіспеншілігін ояту.Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.
Мұғалім: Айналайын балалар,
Алдыңда Мектеп-Ана бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер,даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл,ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Құрметті ата-аналар,ұстаздар!Бүгін сіздер кеше ғана мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүгінгі шәкірттерімнің «Тілашар» мерекесінің куәсі болып отырсыздар.Той құтты болсын.Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектебіміздің басшысы Уайсова Бибігүл Алдабергенқызына беріледі.
Тамирлан:Отанымыз-анамыз,
Отан сүйген баламыз
Оқып білім аламыз,
Оты болып жанамыз
Диана: Әдеп- тәртіп білеміз,
Әдеппен сөйлеп күлеміз
Әрқашан жұрт алдында
Әдеп сақтап жүреміз.
Жүрсін:Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Би « Қамажай»
Жанел: «А»Алма,алмұрт егеміз,
Айға сапар шегеміз.
Алақай-ау,алақай,
«А» дыбысын білеміз.
Бекзат: Тайға мініп шабамыз,
Тау мен тасты табамыз.
Тарақ,тауық,тайлақтан,
Т дыбысын табамыз.
Ақбота: Он саусағым ойнасын,
Бояп-бояп қоймасын.
Отан,орман сөздерін,
О әрпімен ойлайсың.
Жалғас: Қауын,қарбыз жинаймыз,
Қағазды бос қимаймыз.
Қ дыбысын қиып ап,
Қонақтарға сыйлаймыз.
Ұ.Санжар: Шеңбер жасап тұрайық,
Басымызды бұрайық.
«Ш»дыбысын білеміз,
Сөзден сөйлем құрайық.
Амина «Жаңбыр»
Мұғалім: Енді балалардың математика пәнінен үйренгендерін тамашалайық.
Нұрсұлу:Бір дегенім -бесік,
Шықтық содан өсіп.
Азамат: Екі деген-елім,
Далам,тауым,көгім.
Гүлім: Үш дегенім-үміт,
Үміт артар жігіт.
Ақжан: Төрт дегенім-төзім,
Төзе білем өзім.
Арсен: Бес дегенім-бақыт,
Бағалайтын уақыт.
АлиханАлты деген-ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
М.Санжар: Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Аружан: Сегіз деген-сөзің,
Серт беретін кезің.
Аяулым: Тоғыз деген-тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Елдос: Он дегенім-Отан,
Қорға соны, ботам!
Ән Нұрсұлу «Қошақаным»
Мұғалім: Ата-бабаларымыз ежелден мал шаруашылығымен айналысқан.Мал мінсе-көлік,ішсе-сусын, жесе-тамақ, кисе- киім.Халқымыздың тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен байланысты болған.Осы төрт түлік малды аса құрметтеп,оларды ән мен жырға қосқан.
Ендеше сөзді кішкентай кейіпкерлерге берейік:
Нұрсұлтан: Қой сүйеді баласын «қоңырым»деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп!
Нұрай:Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Мархабат: Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан-тасқа секірген шұнағым!» деп.
Амина:Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.
Мақал
Айдос:Отансыз адам-ормансыз бұлбұл
Арман: Отан оттан да ыстық
Би «Қазақ биі »
Осымен тілашар мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет
та
ма
ра
қа
да
5 6