- Учителю
- Конпект по казак тілі Баяндама Жаңа технология пайдалану жолдары мен нәтижесі
Конпект по казак тілі Баяндама Жаңа технология пайдалану жолдары мен нәтижесі
Тақырыбы : «Дамыта оқыту технологиясын пайдалану жолдары мен нәтижесі»
Қазіргі кезде дамыта оқыту тұжырымдамасы аясында мақсатты бағдарларымен , мазмұны мен әдістемесінің ерекшеліктерімен оқшауланатын бірнеше технология қалыптасқан .
Дамыта оқыту -күрделі құрылымды , біртұтас педагогикалық жүйе . Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне дейін өсуі көзделіп , оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы -көздеген мақсаты мен мазмұнында ,мұғалімнің сабақтағы рөлімен атқаратын қызметінде , оқушының білім алу белсенділігінің түрінде .
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтың әдістемелік мақсаты -сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін көрсетуге жағдай жасау .Бұл мақсат мынадай жолдармен жүзеге асырлады .
-мұғалім проблемалық жағдай тұғызады ;
-оқушылардың субъектілік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беретін оқу қызметін ұйымдастырудың әр түрлі формалары мен әдістерін пайдаланады ;
-сабақ жоспарын оқушылармен бірге жасайды және талдайды ;
- сыныптағы жұмысқа әрбір оқушының қызығушылығын жасайды ;
-сабақ барысында оқушыға оқу мазмұнының өзі үшін ең маңызды түрін таңдауына мүмкіндік беретін материалдар пайдаланады ;
-тек соңғы нәтиже ғана емес , сонымен қатар оқушының әрекет процесі бағаланады .
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақта оқушы қызметінің сипаты қзгереді олар бақылайды , салыстырады ,жіктейді , топтайды , қорытынды жасайды .Олар бұрынғыдай жай ғана көшіру немесе қалып қойған әріптерді жазумен емес ,ой қызметімен айналысатын болады.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру -өте күрделі де ұзақ үрдіс .Кейде ол мұғалімнің оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді .Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек .
Мұғалімнің аталған талаптарды терең біліп ,оларды сабақта кешенді тұрғыда пайдаланса , еңбегі нәтижелі болмақ .
Мұғалімнің сабаққа дайындығы шығармашылық сипатта болып , жалаң сөздік әдістерінен арылуы , педагогикалық , психологиялық есептерді , шештіру , бағдарламалық сабақтарды өткізу ,жаңашыл педагогтардың әдістерін шығармашылықпен қолдану өмір талабы .
Ұстаз алдында еліміздің болашағы тұр . Еліміздің жасампаз істерін жүзеге асыратын жаңашыл да , шығармашыл , терең білімді , озық ойлы
қауымының атқарар ісі де салмақты .