7


  • Учителю
  • Урок Математика Тақырыбы: “ Өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі”

Урок Математика Тақырыбы: “ Өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі”

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: " Өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі"

Мақсаты: Білімділік: Үш амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті жайлы түсінік беру; есеп шығаруды меңгерту;

Дамытушылық: Ой-өрісін, зейінін дамыту, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу .

Көрнекілігі: кестелер,сызбалар, интерактивті тақта.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық, пәнаралық байланыс.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалардың зейіндерін шоғырландыру.

ІІ.Өткенді пысықтау.

  1. Ал, балалар, есімізге түсірейік, қандай амалдарды білеміз.

" - " , " + " . " х" , " :" .

  1. Жазбаша есептеулер (2 және 3 амалдан тұратын өрнектердің амалдар ретін табу, есептеу)

  • Балалар, енді бері қараймыз. Стол үстінде 10 алма, 1 қызанақ жатыр. Осы 10 алманың 6 - уын Алмас алды, 1 қызанақты Жанна әкеліп қосты. Осы есепті шығаруымыз керек.

    • 10 + 1 - 6 + 1

  • Барлық картоп саны 10 еді, Ақмарал әуелі 4 үлкен картоп, содан кейін 1 кішкентай картоп алды. Ақмарал барлығы неше картоп алды, тарелкеде неше картоп қалды.

ІІІ. Жаңа сабақ. -

Ал, достарым, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Амалды орындап көріңдер

4 ·(10 - 7)= 80 - 4 · 10=

6 · 4 +26 = 30 : 3+ 100=

(28+4):4 = (40-30) : 10=

жақшасы бар өрнектерде алдымен

  1. жақша ішіндегі амалдар орындалады:

  2. ретімен көбейту мен бөлу амалдары,

  3. содан соң қосу мен азайту амалдары.

Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз: Қазір қай ай? - Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз: Қазір қай ай? ? Осы айда қандай атаулы күн бар?

10 -ші қазан

Сынып жұмысы.

Көркем жазу жазайық.

Кел, балалар, ойнайық!

Ойнайық та ойлайық

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық

а) 8 : (5 : 5 + 1) өрнегі қалай құрылғанын схема бойынша түсіндір.





Урок Математика Тақырыбы: “ Өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі”

8 : (5 : 5 + 1) = 8 : 2 = 4

ә) Схема бойынша өрнек құр. Оның мәнін тап.





Урок Математика Тақырыбы: “ Өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі”





(26 - 6 ∙ 4) ∙2 = (26 - 24) ∙ 2 = 2 ∙ 2 =

Сергіту сәті.

ІV. Оқулықпен жұмыс. №2, №3

- Енді «Машинист болам» ойынын ойнаймыз.

- Мына суреттен нені көріп тұрмыз.

- Тепловоз бірнеше вагондарды алып бара жатыр.

- Бұл суретте машинисті көріп тұрсыңдар ма?

- Жоқ

- Енді осы тепловозды жүргізетін машинист керек. Оны білімді адам жүргізеді, білімді болмаса жүргізе алмайды. Ол үшін мына есепті дұрыс тез шешу керек. Тақтаға 3 оқушы шығады.

4х 1 + 2 1 6 + 3 х2 7 8 - 5 х 2

- Қай оқушы бұрын шығарса, сол оқушы машинист болады.

V. Жаңа сабақты меңгеру .

«Ойна да ойла!» ойыны. Шығармашылық жұмыс.

№ 11. Теңдік тура болатындай етіп, жақшалар қой:

7 - 5∙ 4 + 2 = 10 3 ∙ 4 - 2 ∙ 2 = 20

  1. + 9 : 9 - 1 = 13 40 : 4 - 2 : 2 = 10

(7 - 5) ∙ 4 + 2 = 10 (3 ∙ 4 - 2) ∙ 2 = 20

  1. + (9 : 9) - 1 = 13 40 : (4 - 2) : 2 = 10

Ауызша есептеулер. «Тез ойла!» логикалық тапсырма

1.Шөптердің арасында қояндар тығылып отыр,тек 40 құлағы көрініп тұр.Қанша қоян тығылып отыр?

2. Тігінші 2 қызыл көйлек , және одан 3- ке артық көк көйлек тікті. Тігінші қанша қызыл көйлек тікті?

3. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

4.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны -он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?

VІ. Сабақты қорытындылау:

</ - Сабақ ұнады ма? (Смайлик белгішесімен көрсету). Урок Математика Тақырыбы: “ Өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі” Урок Математика Тақырыбы: “ Өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі”

- Бүгінгі математика сабағында нені үйрендік?

- Өткен тақырыптарды қайталадық ..

- Есептер шығардық.

- Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік.

- Отан, туған ел туралы өлеңдер оқыдық.

VІІ. Білімді бағалау.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал