7


  • Учителю
  • 1қЫркүйек-Білім күніне арналған алғашқы сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік Ел» -Қазақстандық патриотизм негізі.

1қЫркүйек-Білім күніне арналған алғашқы сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік Ел» -Қазақстандық патриотизм негізі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Көкшетау қаласындағы ФМБ-ғы

Назарбаев Зияткерлік мектебі



Тақырыбы: « Мәңгілік Ел » - Қазақстандық патриотизм негізі.

Өткізген: 2 «в» сынып жетекшісі Шамиғанова Р.М.

Кураторлық сағаттың тақырыбы: «Мәңгілік Ел»-Қазақстандық патриотизм негізі.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға Отан, туған жер, туған ел жайлы түсінік беру. Қазақстанның әрбір азаматы-өз елінің бір бөлігі екендігі жайында түсіндіре отыра , Қазақстан Мемлекеттік рәміздері-ұлт мақтанышы туралы білімдерін кеңейту,оны ерекше құрметтеп,мақтан тұту және еліміздің рәміздеріне биыл 22 жыл толғандығы жайында толық түсінік беру.

2. Оқушыларды өз Отанына, халқына деген көз-қарастарын қалыптастыру, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

3.Ой-өрісін,танымдық қабілетін,жеке дара тұлға ретінде дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздеріне байланысты презентация, буклет, интерактивті тақта, қанатты сөздер

Сабақтың барысы: 1. А)Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың бүгінгі тәрбие сабаққа назарларын аудару.

Ә) психологиялық дайындық

Оқушыларды «Шаттық шеңберіне»шақыру, амандасу.Бір-біріне тілектер айту.

2. Жаңа сабақ.

-Мұғалім: -Балалар, бүгінгі Білім күніне арналған алғашқы кураторлық сағатымыздың тақырыбы «Мәңгілік Ел» -Қазақстандық патриотизм негізі деп аталады. Бүгін ерекше күн, бүгін 1 қыркүйек- Білім күні сендер мектеп табалдырығын алғаш аттап, 1 сынып оқушылары атанып отырсыңдар.Бүгіннен бастап сендер Көкшетау қаласындағы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 1 сынып оқушылары боласыңдар.

Ендеше сендерге ақ жол тілей отыра, «Қош келдіңіздер!» демекпін.

-Мұғалім:

Балалар еліміздің рәміздеріне нелер жатады?

Оқушылар жауабын тыңдау.Оқушылар елтаңба, жалау, әнұран туралы білетіндерін ортаға салады.

Мұғалім:

Батырлықтың уызына жарыған,

Ер түркін байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Әнұран. Гректің «гимн» сөзінен шыққан қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру -тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салған, хабар берген. Әнұран кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.

Бәрі болған қараң сынды көнеде,

Ел белгі де, ерлігі де өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

Жалау. Жалау бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өзімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін Әбілқайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан.

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба.

Елтаңба. Әр халықтың өз таңбасы, елтаңбасы болған. Қазақ халқының да өз елтаңбасы болған. Елтаңбаны ерекше құрметтеген, қадір тұтқан. Тарихтың қай кезеңінде болмасын ата-бабамыз елтаңбасын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген.

4. Интерактивті тақтамен жұмыс. «Мәңгілік Ел-Қазақстандық патриотизм негізі» презентациясын көрсету.


1-слайд 1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері бекітілді. Ел Президенті ұлт туына тағзым етті.


2-слайд :Ту - ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді.

Күн шұғыласы, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.


3-слайд Әнұран - Қазақстан Республикасының Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың , ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар. Әнұранның әнін - Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов.


4-слайд: Елтаңба - күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпарлар, бидай сабақтарымен бейнеленген. Көк аспан - кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғандай.


5-слайд: Алтын шаңырақ - шаңырақ астындағы халықтар бірлігін білдіріп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт шуағын төгіп тұр.


6-слайд: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халқымызды азат еткен.

7-слайд :Бидай сабақтары - молшылықтың нышаны. Аспан ашық жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болуы тиіс.

Ал өздерің өз туған жерлерің Қазақтан туралы не айтасыңдар?

Балалардың Қазақстан,Отан,Білім күніне арнап жаттап келген өлең шумақтарын тыңдау.

Ойын «Мен президент болсам,халыққа қалай көмектесер едім?»

Оқушылардың ойларын тыңдау.

Қорытынды: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел болып, өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туын желбіретіп өмір сүруде. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал