- Учителю
- «Есептік және реттік сан есім» 3 сынып. ҚАзақ тілі.
«Есептік және реттік сан есім» 3 сынып. ҚАзақ тілі.
Пән атауы: Қазақ тілі
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: «Есептік және реттік сан есім»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың есептік және реттік сан есім туралы түсініктерін кеңейту. Сөйлемнен сан есімдерді таба білуге үйрету.
2.Дамытушылық: Сөз таптарын ажырата білуін, сөйлем ішінен мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау сезімін оятып, кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, топпен жұмыс, ойын, Венн диаграмасы.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі
Көрнекілігі: слайдтар, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар назарын сабаққа аударамын.
ІІ. Психологиялық дайындық
Біздер бүгін баламыз,
Өсіп алға барамыз.
2030-шы жылдары
Біз де азамат боламыз, - деген өлең жолдарын бірінші баяу, екінші шапшаңырақ, үшінші өте жылдам айтамыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
6-жаттығу
Цифрды сөзбен жазсаң, қандай мақал шығады?
1лігі жоқ ел тозады,
1лігі күшті ел озады.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
ІY. Ой ашар
а) Ертегі оқып беру (слайд арқылы түсіндіру)
Ерте, ерте, ертеде «Сөз табы» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты - «Сан есім» екен. Оның екі ұлы болыпты. Ұлдарының аты - «Есептік» және «Реттік» екен. Есептік сан есім әр затын санап, ал Реттік сан есім әр затын ретімен қойып, ретімен айтып, бақытты өмір сүріпті. Және де бір-бірінен ажырамай өздерінің мақсат мұраттарына жетіпті.
САН ЕСІМ
Есептік Реттік
- Балалар есептік сан есім дегеніміз не?
- Есептік сан есім заттың нақты санын білдіреді. Қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: жеті қалам, бес алма.
- Ал, реттік сан есім дегеніміз не?
- Реттік сан есім заттардың саналу ретін білдіреді. Нешінші? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: алтыншы автобус, бірінші көше.
Y. Ой толғаныс
Кітап, дәптермен жұмыс.
1-жатттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сан есімдерді тауып, түріне қарай ажырат. (Ауызша орындау)
2-жатттығу. Есептік және реттік сан есімдерді екі қатарға бөліп жаз.
Өзің қалаған үш-төрт сан есімге сөйлем құрастырып жаз.
І топ: Есептік сан есімдерді көшіріп жазады.
ІІ топ: Реттік сан есімдерді көшіріп жазады.
ІІІ топ: Өздері қалаған үш-төрт сан есімге сөйлем құрастырып жазады.
3-жатттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп жаз.
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
Жеті рет өлшеп,
Бір рет кес.
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын.
Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.
YІ. Ойын: «Өз орныңды тап»
Ойынның шарты: Оқушыларға жеке-жеке карточкаға жазылған сөздер (Асан, бес, ұстады, балық, кім? не? неше? не істеді?) үлестіріліп беріледі.
Мұғалім «Асан бес балық ұстады» деп айтқанда, осы сөйлем мүшелері жазылған карточкалары бар оқушылар тақта алдына шығып, сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі бойынша тұрады. Содан кейін сұрақ карточкасын алған балаларға «Өз орныңды тап» деген белгі беріледі. Сұрағы бар оқушылар әр сөздің өзіне тән сұрағын әкеп тапсырады. Қолыңдағы сұрағын иесіне дұрыс тауып берген оқушы ұтады.
YІІ. Кітап, дәптермен жұмыс.
5-жатттығу.
І топ: Өлеңді мәнерлеп оқиды.
Мен - баласы даланың
Бес жасында ат жалында ойнаған,
Ақ шабақша Ертіс суын бойлаған.
Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін
Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін
Мен - баласы даланың,
Кең далама тартып туған баламын.
М. Әлімбаев
ІІ топ: Сан есімдерді тауып, түріне қарай ажыратады.
ІІІ топ: Сан есімдер кездесетін өлең шумақтарын тауып жазады.
YІІІ. Өз беттерімен жұмыс
6-жаттығу. Сұрақтарға жауапты цифрмен жаз.
Бес пен жетінің арасындағы сан қалай аталады? (6)
Бес жүз тоқсан мен алты жүздің арасындағы сандарды ата. (591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599)
ІХ. Ереже дәптермен жұмыс
Х. Сабақты бекіту
Венн диаграммасы
ХІ. Бағалау, мадақтау
ХІІ. Үйге тапсырма
4-жаттығу, ережелерді қайталау
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!