7


  • Учителю
  • Урок по литературному чтению на тему 'Халық кегінің күйшісі' (4 сынып)

Урок по литературному чтению на тему 'Халық кегінің күйшісі' (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақылбекова Лиза Маутқанқызы.
Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Халық кегінің күйшісі. Әбу Сәрсенбаев.

Сабақтың мақсаты: Халық кегінің күйшісі Құрманғазы мен Махамбет батырлар жайлы толығырақ мағлұмат алу, күйлерімен танысу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Күй атасы Құрманғазы мен жауынгер-жырау Махамбет батырлар жайлы толығырақ мәлімет беру;

  2. Құрманғазы Сағырбайұлы мен Махамбеттің өмірін, халқына жасаған баға жетпес еңбегін үлгі ете отырып халқымыздың біртуар ұлдары өмірі үлгісінде тәрбиелеу;

  3. Күй өнері жайлы, күйшілер, әрбір күйдің шығу тарихын әңгімелей отырып халқының тарихын, мәдениетін, өнерін сүюге тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру;

  4. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлықтарын арттыру, ой-өрісін кеңейту, сыни тұрғыдан ойлана отырып, өз ойларын жүйелі түрде баяндай білуге үйрету;

  5. Заман талабына сай ғаламтордан қосымша мәліметтерді өз бетінше табуға, негізгі ойды анықтауға, топпен жұмыс істей білуге машықтандыру.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылардың күй атасы Құрманғазы мен батыр Махамбет жайлы алған түсініктері кеңейеді;

  2. Ұлы күйші Құрманғазы шығармалары арқылы оқушыларды рухани жан дүниесін байып, Құрманғазы өмірі мен шығармашылығын таниды;

  3. Мәтінге байланысты қосымша ақпараттарды таба отырып, Құрманғазы туралы деректерді толықтырады, шығармаларына деген қызығушылықтары артады;

  4. Өнерді сүйе білуге, құрметтеуге, қазақтың асыл аспабы домбырадан күй тартуға деген сүйіспеншіліктері оянады;

Сабақтың көрнекілігі: Слайд «Күй атасы-Құрманғазы», Құрманғазының күйлері, домбыра, күйтаспа, «Адай» күйіне бейнебаян.

Сабақтың барысы:

Сабақтың этаптары, уақыты

Жұмыс түрлері мен мазмұны

Қолданылған модульдер

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

1

Ұйымдастыру. Тренинг.

Топқа бөлу.

5 минут

Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ақырын ойнап тұрады.

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Тренинг. - Халқымыздың қандай атақты адамдарын білесіңдер?

- Абай, Ыбырай, Шоқан, Тоқтар, Құрманғазы, Дина, Томирис, Махамбет, Исатай, Фариза.

- Ал біздің ішімізде осы атақты адамдарға ұқсасын, солардың жолын қусын деп есімін бергендер бар ма?

(Томирис, Құрманғазы, Фариза)

«Құрманғазы» ауылы, «Дина» ауылы, «Махамбет» ауылы, «Исатай» ауылы.

Оқушылар топқа бөлініп отырады. Топтың басшысын, бағалаушыны, таймскиперді сайлайды.

Жаңа әдіс-тәсілдер

Диалогтік оқыту

Сыни тұрғыдан ойлау.

Жас ерекшелік-теріне сәйкес

Көшбасшылық

Талант және дарын


Оқушылар-дың зейінін шоғырландырып, қызығу-

шылығын оятуға ықпал етіп, психоло-гиялық ахуал қалыптастырады.

Оқушылар-дың есімі мен ата-анасының тегін қоюдың мәнін сұрайды.


Оқушыларды өзі қалаған ауылдың атын алып, сол топқа отыруға шақырады.

Топ ережесін қайталатады.

Оқушылар қол ұстасып шаттық шеңберіне тұрады.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып өз есімдерінің кімнің құрметіне қойылғанын айтады.

Өздері қалаған ауылға барып отырады.

Ақылдаса отырып топ басшысын, бағалаушыны, таймскиперді сайлайды.

Топ ережесін естеріне түсіреді.

2

Үй тапсырмасын тексеру.

5 минут

Топтық жұмыс.

1-топ- Ж.Жабаевтың өмірі, туған жері.

2- топ- Жамбыл домбыраны кімнен, қалай үйренді, алғашқы ұстазы.

3-топ-Жамбылдың Сүйінбай ақынмен кездесуі.

4-топ - Шағын шығарма. «Өнерге құштар бала».

Өткенді қорытындылау.

Сыни тұрғыдан ойлау.

АКТ- пайдалану

Диалогтік оқыту.

Жас ерекшелік-теріне сәйкес

Көшбасшылық

Талант және дарын.

Үй тапсырмасын әр топқа жеке тапсырма беру арқылы сұрайды.

Оқушыларға ойлануға 2 минут беріледі.

Үй тапсырмасын қорытынды-лайды.

Топ бойынша жұмыс істей отырып үй тапсырмасын қайталайды, өздеріне берілген сұрақ бойынша білетіндерін ортаға салады, бір оқушы қорғайды.

3

Жаңа материалды түсіндіру.

7 минут

- Балалар Жамбыл Жабаев-жыр алыбы, ақын. Ақындық-туа біткен талант. Басқа қандай талант иесін білеміз? - Суретші, әнші, күйші, биші.

- Біз бүгін сендермен халқымыздың біртума ұлы Құрманғазы Сағырбайұлы мен Махамбет батыр жайлы Ә. Сәрсенбаевтың «Халық кегінің күйшісі» әңгімесін өтеміз.

- Әбу Сәрсенбаев ағамыз жайлы не білеміз?

- Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

- Махамбет жайлы білеміз бе?

-Слайдты көрсете отырып, бейнетаспа, күйтаспаны тыңдату.

Сыни тұрғыдан ойлау

АКТ пайдалану.

Талант және дарын.

Диалогтік оқыту.


Жас ерекшелік-теріне сәйкес

Көшбасшылық

Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын баяндай отырып, күй атасы Құрманғазы, Махамбет батыр жайлы ойларын байқайды.

Оқушылар-дың Әбу Сәрсенбаев туралы білетіндерін сұрайды.

Слайдты көрсете отырып, күйтаспаны тыңдату.

Оқушылар өздері білетін әнші, биші, әртіс, суретшілерді естеріне түсіре отырып, талант жайлы пікірлеседі.

Әбу Сәрсенбаев-тың-жазушы, Құрманғазы Сағырбайұлы-ның - күйші, Махамбеттің -батыр екенін айтады.


Слайдты мұқият көріп, күйтаспаны тыңдайды.

4

Сабақты бекіту.


7 минут

1. Сөздік жұмысы.

Сылти басып-аңсаңдап

Қабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған-әлі жассың деген мағынаны білдіреді.

2. Сұрақтарға жауап алу.

- Баланың ағаш томардан жасап жатқаны не?

- Бала неге батырмен кетіп қалғысы келді?

2. Топтық жұмыс.

а) Мәтінді бөліктерге бөліп оқу.

ә) Ой қорыту.


Сыни тұрғыдан ойлау.

АКТ- пайдалану

Диалогтік оқыту.

Жас ерекшелік-терін ескеру.

Көшбасшылық

Талант және дарын.

Оқушыларға мәтінде берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Мәтіннің мазмұнын ашу мақсатында сұрақтар қояды.

Мәтінді бөліктерге бөліп оқытады.

Оқушылар текстегі мағынасы түсініксіз сөздерді талдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді бөліктерге бөліп, нақышына келтіріп оқиды.

5

Сергіту сәті.

3 минут

- Қалқымыз өнер десе ішкен асын жерге қояды.

- Ортаға әншіміз, мектебіміздің мақтаны-шы Құрманғазыұлы Аянды шақырамыз. Ән тыңдау-жан ләззаты.

Көшбасшылық

Талант және дарын


Оқушыларды әсем әуен ырғағымен сергіту мақсатында ән тыңдатады.

Сыныптаста-ры Аянның домбыра жайлы әсем әнін тыңдай отырып, рахат сезімге бөленеді.

6

Сабақты қорытындылау

9 минут

Топтық жұмыс.

1-топ-Құрманғазының өмірі жайлы.

2-топ-Құрманғазының күйлері жайлы.

3-топ- Құрманғазы-халқының біртума ұлы.

4-топ- Махамбет Өтеміс-ұлы туралы не білеміз?

- Ортаға мектебіміздің «Домбыра» үйірмесінің мүшелерін шақырамыз.

Құрманғазының күйі «Балбырауын».

Қорытынды.

- Құрманғазы-күйдің пірі, домбыра шанағына ұлтымыздың тұтас болмысын сыйдырған ұлы өнердің атасы.

Сыни тұрғыдан ойлау.

АКТ- пайдалану

Диалогтік оқыту.

Жас ерекшелік-терін ескеру

Көшбасшылық

Талант және дарын

Оқушылар-дың жаңа мағлұматты қаншалық дәрежеде меңгергенін байқау мақсатында

әр топқа жеке тапсырма береді.

Топ мүшелерін тыңдайды.


Оқушылар-дың ойларын қорытынды-лайды.

Әр топ өздеріне берілген сұраққа топ болып ақылдаса отырып, жауап іздейді, ойларын ортаға салады. Топ басшысының шешімімен бір оқушы қорғайды.

7

Үйге тапсырма беру.

3 минут

- Үйде: мәтінді мәнелеп, нақышына келтіріп оқу, мазмұндау. Күй өнері, Құрманғазы Сағырбайұлы, күйлері жайлы мәліметтер жинау.

Жас ерекшелік-терін ескеру.

Диалогтік оқыту.

АКТ пайдалану.

Үй тапсырмасын түсіндіре отырып береді.

Үйге берілген тапсырманы белгілейді.

Түсініксіз болса сұрайды.

8

Бағалау.

3 минут

- Сөз кезегі әр топтың бағалаушыларына да келіп жетті.

Әр топтың бағалаушылары оқушылардың бағасын қояды.

Қорытынды бағаны мұғалім қояды.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Әр топтың бағалаушыларына сөз береді, бағаны түсіндіре отырып қоюын сұрайды.

Қорытынды бағаны қояды.

Әр топтың бағалаушыла-ры өз тобының мүшелеріне қандай бағаны не үшін қойғанын түсіндіреді.

9

Рефлексия.

3 минут

- Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

- Сабақтың қандай дәрежеде өткенін білу үшін қазір сендер күй ойналған кезде егер «өте жақсы» деп ойласаңдар орындарыңнан тұрып күйді ойнай жөнелесіңдер, ал егер «жақсы» өтті деп ойласаңдар тек шапалақтап тұрасыңдар, егер сабақ «орташа» дәрежеде өтсе онда күйді орындарыңда отырып тыңдайсыңдар.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Диалогтік оқыту.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Оқушылар

дың сабаұтан алған әсерімен бөліседі. Оқушылар-дың сабақтың өтілу дәрежесңн бағалауын сұрайды.

Қонақтарға,

сабаққа белсене қатысқандары үшін оқушыларға алғыс айтады.

Оқушылар сабақты бағалайды. Егер өте жақсы ұнаса «домбыра шертеді», ал жақсы өтті десе қол шапалақтап тұрады, көңілдері толмаса онда күйді орындарында отырып тыңдайды



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал