- Учителю
- Консект
Консект
№10 ересек тобында ұйымдастырылған іс -әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Айналамен таныстыру.
Тақырыбы: Табиғатқа көрік берген көбелектер
Мақсаты:Білімділік: Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:Көбелек, қанат, жәндік ,жұмыртқа, жұлдызқұрт, қуыршақ, көбелек
Керекті құралдар:Көбелек суреттері.
Жеке-жұмыс: Айнұр мен Майшаға сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау, қортындылау.
Әрекет кезеңдер
Тәрбиешінің іс -әрекетті
Балалардың іс- әрекетті
Мотивациялық
қозғаушы
Жұмбақ: қаны жоқ, жаны бар, гүл іздеп сабылар (көбелек)
( осы кезде музыка ырғағымен әдемі көбелек ұшып келеді қолында гүлі болады)
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Сабаққа деген қызығушылығы артады.
Ізденуші
ұйымдастырушы
Көбелек: Саламатсыздар ма, балалар? Мені білесіңдер ме? Мен көбелекпен мен жаз айында ұшып жүремін. Мен әдемілікті, әдемі гүлдерді жақсы көремін.
Тәрбиеші: Көбелек, көбелек біздің балалар сіз туралы көп біледі.
-Қане балалар, еске түсіріп жіберейікші.
Тәрбиеші интерактивті тақтадан қарай отырып, еске түсіреді, сұрақтар қою.
-көбелек немен қоректенеді?
-қасиеттері қандай?
Муртшалары арқылы нені сезеді?
-олар нені жақсы көреді.
Пайдасы мен зияны.
Осы кезде жұмыртқа, жұлдызқұрт, қуыршақ, көбелек пайда болатын суреттерді көрсету. Тәрбиеші: Балалар, осы көбелек неден пайда болатынын, бақылағыларың келе ме?Тәрбиеші: Балалар, көбелек туралы біз көп біледі екенбіз. Енді осы көбелек гүлдің шырынымен қоректенеді ғой. Бізге көбелек, бәрімізге өзімен шырындарды сыйлыққа алып келіпті. Қане көбелектер сияқты шырынмен қөректеніп көрейікші.
Балалар көбелекпен амандасады.
Балалар тақпақтар
айтады.
Дәулет : жұмыртқадан жаралып.Жапырақтан нәр алдым.
2.Мирас: Жұлдызқұртқа айналдым
Бой тізеуші мергенші
3.Алтынай: Қабықтарым алғашқы
Бір неше рет алмасты.
Тие бермей
Сергіту сәтін жасау.
Мен тимеймін, жасқанба
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда
Гүлдерімді тере кет.
Жаңбыр жаушы себелеп,
Тақияның астыны
Тығына ғой көбелек.
Рефлексті коррекциялаушы
Балалар менің кетуім керек. Мен гүлдерімді сағындым.Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар біз осы бір жәндік туралы көп білеміз. Енді осы мәліметтерді өзіміздің жадымызға, ойымызға сақтап жүрейік. Сабаққа жақсы қатыстыңдар көп рахмет!
Сау болыңыздар!
Балалар қоштасып шығып кетеді. Балалар көбелекпен қоштасады.
Тәрбиешінің қойған қортынды сұрақтарына жауап береді.
т
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:Тірі табиғат обьектілері оның ішінді жәндіктермен, олардың қасиеттерімен білуі керек.
Нені игереді: Сипаттап беруді, зерттеу жұмыстар жүргізуді игереді.
Нені біледі: сұраққа жауап беруді, сурет бойынша әңгімелеуді, тақпақтарды айтуды, жұмбақ шешуді біледі.