7


  • Учителю
  • Ашық сабақ дүниетану пәнінен'Табиғат құбылыстары' (3-сынып)

Ашық сабақ дүниетану пәнінен'Табиғат құбылыстары' (3-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану

Тақырыбы: Табиғат құбылыстары (3сынып)

Мақсаттары: 1) Оқушылардың табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту,табиғат-адам өмірінің тірегі екенін оқушы санасына жеткізу.
Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын көреді және түсінеді.
Әдісі: әңгімелеу,талдау,сұрақ-жауап.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: оқулық,мақал-мәтел «Жыл мезгілдері» суреттер.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:
Қоршаған орта табиғат,

Жануар,өсімдік,адамзат.

Сүю, қорғау-парасат,

Білейік мұны жамағат.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау.
Қызығушылықты ояту
- Ал балалар, қазір қай жыл мезгілі? (Күз)
- Күз айларын атап беріңдер.(қыркүйек, қазан, қараша)
- Бүгін қай күн?
- Дұрыс жарайсыңдар! Балалар күз мезгілінде болып жатқан өзгерістерді байқап жүрген шығарсыңдар. - Иә, дұрыс, күн суытып, жапырақтар сарғайды. Біздің сыныпқа хат келіпті, ал оның ішінде не бар екен? Бұл жапырақтар екен ғой! Қандай керемет! Балалар жапырақтарда тест сұрақтар жазылыпты. Осы тапсырманы ойланып, дұрыс жауап берулеріңді сұраймын - деп тапсырма орындауға екі минут уақыт беріледі, содан кейін оқып шығады да, оқушылардың жұмыстарын жиып алу.

Слайд арқылы тест жауабын тексеру.
-1.Термометрдің ішінде қандай сұйықтық бар?

а\ қорғасын в\ су Б

б\ сынап г\ құм

2. Табиғатты құрайтын үш негізгіні ата.

а\ жер, су, ауа в\ су, тамақ, адам А

б\ ағаш, адам, жануар г\ жер, ауа жарық

3. Табиғат неше бөлікке бөлінеді?

а\ 3 в\ 4 Б

б\ 2 г\ 5

4.Өлі табиғатқа нелер жатады?

а\ жаңбыр, қар в\ торғай, қарға Г

б\ ай,жұлдыз г\ топырақ, құм

5. Тірі табиғатқа нелер жатады?

а\ ағаш, өсімдік в\ тас, тау А

б\ бұлт, жаңбыр г\ күн, түн

Слайд.
Табиғат құбылыстары жайындағы жұмбақтарды шешу.


Дүрліктіріп қырқаны ,

Шақпақ тастың жарқылы

Бұлт көрпесін жыртады . (Найзағай)


Шашылды көктен ақ моншақ ,

Жоғалды біздер тапқанша-ақ . (Бұршақ)

Көзіңе көрінбейді ,

Қаңғуға ерінбейді .

Шалғынды жапырады ,

Жол бойын сыпырады. (Жел)


Мөлдіреген жүзімді

Ұстап едім ,езілді . (Шық)


Шөпті жапырып ,

Құмды сапырып ,

Қоқысты үйіріп ,

Әкеткен не шүйіріп? (Құйын)


ІІІ. Жаңа сабақ:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Табиғатта болып тұратын өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

Кейбір табиғат құбылыстары жылдың белгілі бір уақытында ғана болып тұрады. Тірі және өлі табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады. Жылдың 4 мезгіліне байланысты табиғатта өзгереді. Мысалы: ағаштар мен шөптер көктейді және құрайды. Жаңбыр, бұршақ, қар жауады. Жел, боран соғады. Осының барлығы табиғат құбылыстары.

Балалар, біз күздің кереметтеріне тағы бір тоқталып кетейік.
- Күз қандай?
- Күзде не болып жатады?
- Қандай құбылыстарды байқауға болады - деген сұрақтарға жауап беретін тірек сызбаларды жасайды. Балалардың пікірлеріне мынандай сызба жасалады.
Күз?

Жапырақ сарғаяды.

жапырақтар түседі.

Күн қысқарады.

Жаңбыр жауады.

Күн суытады.

Егін жиналады .

Жеміс жидектер піседі.

Түн ұзарады .

Құстар ұшып кетеді.
- Өте жақсы, балалар. «Қоңырқай күз болыпты, қурап жапырақ солыпты»- дегендей Абай Құнанбаевтың «Күз» өлең шумақтарың кім айтып береді екен? ( жатқа айту).

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.


Кәне,балалар дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді,тақырыпты жазайық .

ә) Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел есейіп...»
б)- Жақсы, сәл демалып алдық, демек кітаппен жұмыс жасауға дайынбыз оқулықтың 40- 42 бетті ашамыз, әр бір парақты 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Оқушылардың оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алынады.
в) «Ойлан ,тап!» ойыны.Әр оқушы жеке-жеке өзі білетін табиғат құбылыстарының бірін суреттейді. Басқа оқушылардың міндеті-сол құбылысты табу.

Слайд.

г) Фотомен жұмыс.Жер сілкінісі,сел,топан су(тасқын),дауыл және басқа да фотоларды /суреттерді оқушылар қарап шығады.
д) Балалар мына дыбыстарды тыңдайықшы. Ненің дыбысын естігендеріңді айтасыңдар.
1. Жел
2. Найзағай
3. Жаңбыр.- (деп жауап береді)
д)- Балалар, бұрын ауа - райын бақылау орталығы болмаған. Ауа - райын қалай бақылаған деп ойлайсыңдар? Табиғат құбылыстарына байланысты ата - бабаларымыз халықтық болжамдар жасаған, соның бірі жұлдыз жиі болса,қыста суық,жазда ашық ауа-райы болады деп болжаған.

ІV. Білімді бекіту:

-Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
V. Рефлекция:

1.Мен үйрендім...

2.Мені таңғалдырды...

3.Мен білгім келеді...
VІ.Үйге тапсырма: Табиғат құбылыстарын және қосымша материалды оқып келу.

VІІ.Бағалау: Оқушыларды бағалау және мадақтау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал