7


  • Учителю
  • '7 Санын қосу және азайту' 1 сынып

'7 Санын қосу және азайту' 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Математика сабағы 1 сынып


Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту

Мақсаты: 1. 1 -7 ге дейінгі сандарды қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру

2. Ауызша есептеу қабілеттерін, ойлау белсенділігінің пәнге деген қызығушылығын арттыру

3. Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс жасауға

тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, ойын арқылы оқыту

Көрнекілік: Сандар, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін сабаққа аударып, оқу құралдарын түгендеу, үй тапсырмасын тексеру

- Санды немен белгілейміз ? (цифрмен)
- Цифрды біз не істейміз? (көреміз, жазамыз)
- Кесіндіні немен өлшейміз? (см)
- Қандай геометриялық фигураны білесіңдер?
- Қосудың компоненттерін ата?
- Азайтудың компоненттерін ата?
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесің?

ІІ. Сергіту сәті "Қаражорға "биі

ІІI. Жаңа тақырып

5. « Ғажайып жеті санына» саяхат жасау арқылы 7 санының киелі екенін айту:

Жеті қазына -

1. Ер жігіт.

2. Сұлу әйел.

3. Ілім-білім.

4. Жүйрік ат.

5. Құмай тазы.

6. Қыран бүркіт.

7. Берен мылтық.

Жеті жұт.

1. Құрғақшылық.

2. Жұт (мал қырылу).

3. Өрт.

4. Оба (ауру).

5. Соғыс.

6. Топан су.

7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ.

1. Жерде өлшеу жоқ.

2. Аспанда тіреуіш жоқ.

3. Таста тамыр жоқ.

4. Тасбақада талақ жоқ.

5. Аллаһта бауыр жоқ.

6. Аққуда сүт жоқ.

7. Жылқыда өт жоқ.

Ойын ойнау.

6. «Кім шапшаң?» ойыны.

7-1; 7-7; 5+2; 4-3

7. «Кім тапқыр?».

- Қорқақ, ұзын, бақырауық аң

-Тырнақты, адуынды аң, ол не?

«Барыс», «Қоян» тапсырмалары:

Столдың төртбұрышы бар еді. Үшеуін кесіп тастады, неше бұрыш болды? (7 бұрыш болды)

Қоянның тапсырмасы: Аулада 3 үйрек, 1 үйрек тығылды. Қорада 3 үйрек, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?

ІV. Дәптермен жұмыс:

4+3; 7-2; 6+1;

1+5; 5-2; 6-2;

V. Оқулықпен жұмыс: 85-бет. №4

VІ. Үй тапсырмасын беру 85-бет. №5

VІІ. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал