7


  • Учителю
  • «Бауырсақ» ертегі кейіпкерлерін мүсіндеу

«Бауырсақ» ертегі кейіпкерлерін мүсіндеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Еңбекке баулу Сынып: № Күні:

Мұғалім:


Сабақтың тақырыбы: «Бауырсақ» ертегі кейіпкерлерін мүсіндеу

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға «Бауырсақ » ертегісін оқып беру. Балаларды өнерлі және шебер, іскер болуға, ермексазды алақанмен домалақтап, жасауға үйрету.

2. Ермексаздан «Бауырсақ» ертегісінде кейіпкерді мүсіндеу арқылы оқушылардың қиялын дамыту.

3. Ермексазбен жұмыс істеу барысында үнемділікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім

Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу .

Өтілетін сабаққа қажетті құрал жабдықтар: ермексаз, кескіш, қатты және түрлі-түсті қағаз.

Барысы

І. Ұйымдастырылу кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару

Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІІ. Білімдерін тексеру: Ермексаз дегеніміз не? Ермексазбен жұмыс істеуге қандай құралдар қажет?

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндірмесі:

а) «Бауырсақ» ертегісін оқып беру.
Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Олар нашар тұрмыс кешіпті. Бір күні шалдың қарны ашып, кемпіріне:
- Кемпір, кемпір, бауырсақ пісірші, - депті.
- Үйде ұн жоқ,қалай пісірем?-дейді кемпірі.
- Қаптың түбін қырып алып, қалғанымен пісір, - дейді шалы.
Сөйтіп кемпір қаптың түбін қырып, соңғы қалған ұнмен- Кемпір, кемпір, бауырсақ пісірші, - депті.
- Үйде ұн жоқ,қалай пісірем?-дейді кемпірі.
- Қаптың түбін қырып алып, қалғанымен пісір, - дейді шалы.
Сөйтіп кемпір қаптың түбін қырып, соңғы қалған ұнмен бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суысын деп терезенің алдына қойып қояды. Ашық терезеден бауырсақ домалап кетеді. Орманның ішімен жолда келе жатса бауырсаққа қоян кездеседі. Қоян:
- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін,-дейді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, сенен де құтылып кетем,-деп бауырсақ қояннан қашып кетеді.Жолда бауырсаққа қасқыр кездеседі. Қасқыр:


- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін,-дейді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, қояннан да құтылдым, сенен де құтылам,-деп бауырсақ қасқырдан қашып кетеді.
Жолда бауырсаққа аю кездеседі. Аю да бауырсақты жегісі келеді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, қояннан да құтылдым, қасқырдан да құтылдым, сенен де құтылып кетем,-деп, бауырсақ қашып кетеді.
Жолда бауырсаққа түлкі кездеседі. Түлкі қулыққа салып:

- Көзім де көрмейді, құлағым да естімейді, тұмсығымның үстіне тұрып айтшы,-дейді.
Бауырсақ сеніп қалып түлкінің тұмсығына шыққан кезде, түлкі бауырсақты жеп қойыпты.

ә) Оқулықпен жұмыс. Іштей тізбектей оқыту.

Шығармашылық жұмыс: Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті.

  1. Не жасайтыныңды шешіп ал

  2. Материал таңда

  3. Ермексазға белгі сал

  4. Кескішпен бөл.

  5. Алақанға салып жұмсарт

  6. Ермексазды жұмарла

  7. Белгілі бір пішінге келтір

  8. Көлемі әр түрлі домалақтар дайында

  9. Ермексазды домалақтап үйрен. Домалақтар мен жіңішке кесінділерден Бауырсақ мүсіндеуге болады.

IV. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал