7


  • Учителю
  • Қапысыз қайран қазағым, қайда кетіп барасың?!

Қапысыз қайран қазағым, қайда кетіп барасың?!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қапысыз қайран қазағым, қайда кетіп барасың?!


Бүгінгі біздің қоғамда жанашырлық, көмек қолын созам деушілер азайып бара жатқандай. Ащы да болса шындық, аялдамада арам суға тойып алған әкеміздей кісілер, есін білмей ұйықтап жатады. Көз үйренді ма, айтеуір өтіп кете беретін болдық. Ол кісі құлап жерде жатса да, өз үйінде жатқандай топырақта аунап жатса да мән бермей жүре береміз. Ойлап қарасақ, ол кісі де бір отбасының отағасы, балаларының асқар таудай әкесі, кезінде отанасы қадір тұтқан жары еді. Ал қазір ше...? Өз абыройын өзі төккен, пенденің бірі. Мына бес күндік жалған дүниеге адам болып келген соң, адам болып қайтқанға не жетсін? Ұрпағына қандай тәрбие беріп жатыр? Сонысына қарамастан балаларына ақыл айтады. Мен көрген өмірді ешкім көрген жоқ деп қояды. Өз өмірін қолдан жасап алып, айыпты адамды іздейді. Сонда кім кінәлі...? Он екі мүшесі түгел бола тұра жұмыссыз жүр, күнделікті тірлігі сол көшеге шығып қадір-қасиетін жоғалтып, қалай күнәға батып жатқанын да ойланбайды. Қайыр тілеп қол жайып отырғанның қарасы да көбейген. Бір өкініштісі сол кісілердің арасында қазақтың қарттарын көргенде еріксіз көзге жас келіп, мұңаясын. Сол кісілердің жанарына қарап көрдіңіз бе? Жаңағы әкенің берген тәрбиесінің нәтижесі де болар. Сондықтан да қарттар үйі мен балалар үйі де көбейген.

Қазақ халқы әкеге қарап қарсы сөз айту былай тұрсын, көзіне тіке қарай алмаған. Өткенді білмей, бүгінді танып, болашақты болжай алмайсың дейді. Қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты әкелеріміз көп болған. Осындай ел басына қиын-қыстау күн туған заманда есімі ел арасында кең тараған тұлғалар еді . "Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз. Жақсыдан жаман туады, бір кесе асқа алғысыз",- дегендей ұлт арына жағылған қара күйедей болып та кетті. Тоқсан ауыз сөздің толықтай түйінін айтар болсақ қоғамдағы келеңсіздіктердің көбеюіне тосқауыл болар өзіміз. Ертеде бір әйел екі жасар баласымен ғұламаға келіп, баланы қай жастан бастап тәрбиелеу керек деп сұрайды. Сонда ғұлама сен екі жылға кеш қалдың деген екен. Сондағысы баланы құрсақта жатқан кезден бастап тәрбиелеу керек дегені. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Рух туы желбіреп тұрғанда жіберген қателігімізді қайталамай, найзаның ұшымен, рух-намыстың күшімен қорғаған ата-баба аманатын орындау ─ бүгінгі ұрпақтың парызы. Ойланайық...




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал