7


  • Учителю
  • Математикадан сабақ жоспары. (1- Сынып)

Математикадан сабақ жоспары. (1- Сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


1абақ мерзімі_________

Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау

Сабақтың мақсаты: Математика оқулығымен таныстыру. Заттар туралы түсінік

беру. Заттарды санауға үйрету. Ой-өрісін дамыту,

ұқыптылыққа бейімдеу..


Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар,суреттер.


Оқыту әдісі: Түсіндіру, көрсету.

Сабақтың мазмұны.


І. Ұйымдастыру: түгендеу, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Білімдерін тексеру

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Математика оқулығымен таныстыру.

2. Заттар туралы мағлұмат беру.

3. Заттарды санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

4. Кері санау: 10, 9, 8 ,7 ,6 ,5 ,4 ,3, 2, 1.

5. Сурет бойынша әңгіме құрау.

6. Сандарды тиісті ретпен орналастыру. 2, 4 5, 6, 8, 7, 1, 9, 10


Ү.Сабақты қорытындалау: - Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік?

- Нені санадық?

ҮІ. Үйге тапсырма


ҮІІ. Мадақтау


2-сабақ мерзімі_________


Сабақтың тақырыбы: Заттарды әр түрлі белгілері бойынша салыстыру.

Мақсаты: а) Заттарды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру арқылы, олардың

түстерінің, пішіндерінің бірдей немесе әртүрлі болатынын анықтай

білуге үйрету.

ә) заттарды салыстыру арқылы балалардың логикалық ойлау

қабілетін дамыту.

б) Балаларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбилеу

Көрнекілігі: Суреттер.

Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушының назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйдегі кісілерді санау.

ІІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.

Заттарды санату. Көрнекіліктер бойынша. Қанша? Неше? Нешінші? Деген

сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру.

ІҮ. Жаңа сабақ. - Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы. Заттарды салыстыру.

Оқулықпен жұмыс: Заттарды әртүрлі белгілеріне салыстыру. Суретте неше доп

бар? Суретте неше шаршы, неше шар бар? Салыстыру.


1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Сана.

2. Жасыл жолақтағы тапсырманы орындау

3. Сергіту сәті

Ү. Жаңа білімді бекіту.

1. Әртүрлі заттарды салыстыра отырып, ерешеліктерін анықтау.

2. Балапандарды санау,суреттер бойынша әртүрлі сұраққа жауап беру.


ҮІ. Сабақты қортындылау: Өтілген тақырып бойынша тапсырма беру..


ҮІІ.Үйге тапсырма.


ҮІІІ. Бағалау.

3абақ мерзімі_________


Сабақтың тақырыбы: Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру


Мақсаты: Заттарды салыстыра отырып, ұзын-қысқа, биік- аласа, қалың жұқа,

сөздерінің мән-мағынасын түсіндіру. Адамгершілік тәрбие беру.

Танымдылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Суреттер.

Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушының назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.

а) Заттарды әр түрлі белгілеріне қарай салыстыру.

ә) Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы терминдерін енгізу.

б) Түстері, пішінін салыстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ

а ) Сымның жіптің қиындыларын, қағаз жолақтарды салыстыру.

ә) Кітап пен дәптер қалыңдығын салыстыру. Екі оқушыны қатап

тұрғызып, биік-аласа,сөзінің мән-мағынасын түсіндіру. Қарама-

қарсы сөзт іркесін ажыратып, тани білу. Ұзын-қысқа.

Қалың-жұқа т.б. Биік-аласа

ІҮ Оқулықпен жұмыс: 1-сурет. Ұзын-қысқа, бірдей. 2-сурет. Биік-аласа

3- сурет. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдалануға үйрету.


Сергіту сәті. Бір, екі ,үш төрт те бес, Алты, жеті сегіз, тоғыз, он

Қайта сана көп те емес, Өлше , есепте санап жөн.

Ү. Жаңа білімді бекіту. Дидактикалық ойын арқылы сөз тіркестерін қолдану.

Қысқа-... аласа-... жұқа-...

Ұзын-... биік-... қалың---...

ҮІ. Дәптермен жұмыс 5-6 тапсырма.


ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

- Бүгін біз заттарды салыстырдық.

4-сабақ мерзімі_________


Сабақ тақырыбы: Ұзындықты өдшеу


Сабақ мақсаты:

а) заттың ұзындығын өлшеудің әр түрлі тәсілдерімен таныстыру.

ә) Оқушылардың өлшеу, байқау қабілеттерін арттыру.

б) Дұрыс тыңдауға, тапсырманы ұқыпты орындауға баулу.


Көрнекіліктер: жолақшалар, сызғыш, қарындаштар


Сабақ әдісі: көрнекіліктер, түсіндіру, практикалық


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды жаңа математика сабағына даярлау.

Қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге берілген тапсырманы тексеру;

-10-ға дейін өсу және кему ретімен санап келу.


ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық

а) Ұзындықты өлшеудің қажеттілігі заттың ұзындығын салыстырудан

туындайтынын түсіндіру.

ә) Нақты заттарды алып көз мөлшерімен өлшеу.


Сергіту сәті


ІҮ. Мақсат қою


Ү. Жаңа сабақ


Оқулықпен жұмыс

а) жоғарғы суреттегі заттардың ұзындықтары беттесу арқылы салыстырылады.

Нәтижесін оқушыға айтқызу.

б) сызғыштың ұзындығы көзмөлшермен салыстырылады.

в) жасыл қоршаудағы ағаштардың суреті бойынша уақыт өлшенеді.

(түске дейін, шаңқай түс, түстен кейін)


ҮІ. Қорытынды Сұрақтар қойып жауап алу.

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІІ. Бағалау

5-сабақ мерзімі_________

Сабақтың тақырыбы: Заттар топтарын салыстыру


Сабақтың мақсаты:

1. Заттар топтарын әр түрлі тәсілмен салыстыру.

2. Сәйкес нәтижені білдіретін сөздерді енгізу мән-мағынасын түсіндіру.

3. Ұқыптылыққа баулу.


Сабақтың көрнекілігі: суреттер


Оқыту әдісі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап.



Сабақтың мазмұны:


І. Ұйымдастыру:

Оқушыларды түгендеу.

Зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Білімді бекіту.

1. Салыстыру (беттестіріп.)

2. Бөліктермен(неше бөліктен тұратынын анықтау)

3. Сызғыштың көмегімен анықтау.


ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Артық, кем, сонша ұғымын түсіндіру.


Ү. Жаңа білімді бекіту.

а) Шахмат тастары. Ағы қанша болса, қарасы сонша.(5)

ә) Волейбол ойнап жүрген балалардың ұлы қанша болса, қызы сонша.

б) 0-4---5 1-уі кем,немесе 1-уі артық Ұшақ-(5 ) қанша болса, асық сонша.(5)

Тікұшақ қанша болса, машина сонша.(4)


ҮІ. Дәптермен жұмыс:


ҮІІ. Сабақты қортындылау:

- Бүгін біз қандай математикалық ұғыммен таныстық?


ҮІІІ.Үйге тапсырма


І Х. Бағалау

6-сабақ мерзімі_________

Сабақтың тақырыбы: Кеңістікті түсініктер


Сабақтың мақсаты:

1. Заттардың кеңістікте орналасу қалпын анықтау туралы түсінік беру.

2. Танымдылық қабілетін арттыру.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу.


Сабақтың көрнекілігі суреттер


Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа назарын аудару.


ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

а) Сыныптағы орналасқан заттарды кеңістікте орналасуына қарай анықтау.

ә) Оқушыны алды -артында және онымен қатар отырған оқушылардың

есімін атату.


ІV.Оқулықпен жұмыс:

1. Сурет бойынша жұмыс (жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта

орналасқан заттарды анықтау.)

2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу.

3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау.

б) Оқушыларды бір-бірінің алдына, артына, оң жағына , сол жағына тұрғызу.

в) Дәптермен жұмыс.


Ү. Білімді бекіту:

г) Орналасу кеңістігін анықтау.

Оқушы туралы өлең жаттау

Күннің нұры шуақты, Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді


ҮІ. Сабақты қорытындылау:

- Біз сендермен заттың кеңістікте орналасуын анықтадық,

қолдану тәртібін білдік.


7-сабақ мерзімі_________


Сабақтың тақырыбы: Уақыт туралы түсінік беру


Сабақтың мақсаты:


1. Уақыт аралығы жайында түсіндіру .

2. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Адамгершілік тәрбие беру.

3. Сана сезімін оята отырып, ой-өрісін дамыту.


Сабақтың көрнекілігі суреттер


Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.


Сабақтың мазмұны:


І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.


ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

1. Жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.

2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу.

3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау.


ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.


ІҮ. Жаңа білімді меңгерту:


а) Сурет бойынша әңгіме құрату.

Мен таңертең төсектен тұрамын. Төсегімді жинаймын.Содан кейін

беті-қолымды жуамын. Ертеңгі асымды ішемін.Содан соң мектепке

барамын.Сабақтан келген соң түскі тамағымды ішемін. Түстен кейін

алдымен мамама үй жинауға көмектесемін. Біраздан соң сабағыма

дайындаламын. Кешке қарай біраз ойнаймын. Кешкі тамағымды ішіп,

жуынып, ұйықтаймын.


ә) Адамдардың күндізгі, түнгі жұмыс істеу уақыты туралы түсінік беру.


Ү. Білімді бекіту


а) -Көктемде тұқым себуге дайыдайтынын бәріміз білеміз. Күн жылына

бастаған кезде қарбыз тұқымын септік.(әрі қарай оқушылар жалғастырады).


1.Себілген тұқым өнеді.

2. Содан кейін көгере бастайды.

3. Содан кейін гүлдеп түйін тастайды.

4. Одан кейін біртіндеп үлкейеді, жазда толысады.

5. Күзде піседі, жетіліп піскен қарбыз жиналады.

ә) 3 сурет.

Құлпынай көктеп жапырағы қаулаған сәт.

Құлпынай гүл шашты. Құлпынай түйін салды.

б) Дәптермен жұмыс.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз сендермен уақыт аралығы жайлы мағлұмат алдық.


8 сабақ мерзімі_________


Сабақтың тақырыбы: Реттік санау. Нешінші?


Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды реттік қатынастармен таныстыру.

2.Санның реттік мәнімен таныстыру.нәрселердің қандай ретпен

саналғанын анықтауға болатынын көрсету.

3. Ұқыптылыққа баулу, адамгершілік тәрбие беру.


Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.


Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.


Сабақтың мазмұны.


І. Ұйымдастыру.

1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

Бұрын-кейін математикалық терминінің уақыт аралық мәнін мағынасын айту.


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Балаларды қатарға тұрғызып, 1-ші болып келе жатқан кім?

2-ші болып келе жатқан кім? Одан кейінгі кім?

3-ші, 4-ші кім? Барлығы қанша бала?

Ү. Оқулықпен жұмыс:

1-сурет.

-Балалардың қайсысы бірінші болып келе жатыр?

-Одан кейінгі екінші болып келе жатқан кім?

- Ең соңында кім келе жатыр?

2-сурет.

- Алма ағашы қайтті? Одан кейін....? Күзде ше?

- Қыста алма ағашының жапырақтары түгел түсіп қалды?

3-сурет.

-Ең алғаш рет балалар мектепке келді?

-Автобустың қай есігінен мінеміз? (артқы)

4-сурет.

-Сол жақта бірінші болып қандай үй тұр? т.б.


Сергіту сәті.


ІҮ. Жаңа білімді бекіту.

1. Санауға жаттығу.

2. Қанша? нешінші? деген сұрақтарды салыстыру.

3. Дәптермен жұмыс.


ҮІ. Сабақты қорытындылау:

-Бүгін біз сендермен реттік қатынас туралы білдік.

9сабақ мерзімі_________


Сабақтың тақырыбы: Біріктіру және бөліп алу.


Сабақтың мақсаты:

1. Балалардың біріктіру және бөліп алу туралы білімдерін анықтау.

2. Сурет бойынша жұмыс жасау арқылы балалардың логикалық ойлау

қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу


Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.


Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.


Сабақтың мазмұны.


І .Ұйымдастыру.

1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы тексере отырып , өткен сабаққа шолу жасау.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

а) заттарды бір-біріне біріктіруге болады.

ә) Затты бөліп алуға болады.


ІҮ. Жаңа сабақ

а) Балалар, оқулықтағы сурет бойынша бір-біріне жақындату,біріктіру

ә) Енді 2 топқа жіктейміз 2,3

б) Жоғарыдағы сурет біріктіру, ажырату

в) Ортаңғы сурет бойынша біріктіру және ажырату бірдей қарастыру.


Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс.

Үлгі бойынша жұмыс


Ү. Бекіту.

Бүгін біз нені үйрендік?


ҮІ. Сабақты қорыту.


ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау


10 сабақ мерзімі_________


Сабақтың тақырыбы: Сызықтар.


Сабақтың мақсаты:

1. Сызықтың түрлерімен таныстыру, қисық тұйықталған,

тұйықталмаған қисық сызықтар.

2. Ұқыптылыққа баулу,ой-өрісін, сана -сезімін дамыту.


3. Сызықтың түрлерін танып білуге баулу


Сабақтың көрнекілігі: Арнайы сызылған сызықтар.


Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.


І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Біріктіру және бөліп алу.


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Жаңа материалды түсіндіру, сызықтардың түрлерімен таныстыру.




Бұлар -түзу сызықтар Бұл қисық сызықтар.


Ү. Білімді тиянақтау және бекіту.

а) Оқулықпен жұмыс.

1. Мысалдар арқылы сызықтың түрлерін анықтау.

2. Сызықты түрлеріне қарай топтау және жіктеу немесе бөліп алу.

ә) Дәптермен жұмыс.

0 0 0 1 1 1

Қандай сызық? Қандай сызық?

Қандай сызық? Қандай сызық?


ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз сендермен сызықтың түрлерімен таныстыру


ҮІІІ. Үйге тапсырма.


ІХ. Бағалау

11 сабақ мерзімі_________

Сабақтың тақырыбы: Нүкте, сәуле, бұрыш.

Сабақтың мақсаты:

1. Геометриялық фигуралар:нүкте, сәуле, бұрыш ұғымымен таныстыру.

2. Эстетикалық, еңбек сүйгіштік дағдыларды қалыптастыру.

3. Танымдылық қабілетін дамыту.


Сабақтың көрнекілігі: Арнайы сызылған сызықтар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І Ұйымдастыру.

1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ Өткен сабақты еске түсіру:

1. Түзу сызық.

2. Қисық сызықтарды көрсетіңдер.(тақтаға сызып)

3. Геометриялық фигуралардан сызық түрлерін ажыратып, тауып айту.


ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.


ІҮ Жаңа сабақ:

а) Жаңа материалды көрсете отырып түсіндіру.

...... .________


нүктелер сәуле бұрыш


Нүкте-қарындаш пен қаламның қағаз бетіне қалдыратын ізі.

Сәуле-бір шетін қолға ұстап тұрып ары қарай соза беруге болады.

Бұрышты әр түрлі құралдар немесе қағазды бүктеп көрсетемін.


Сергіту сәті

Ү. Білімді тиянақтау және бекіту

ә) Оқулықпен жұмыс.

1. 1-сурет бойынша нүкте, сәуле, бұрыш терминдері енгізіледі.

2. Кеңістіктегі орны бойынша нүкте, сәуле, бұрышты анықтау.

3. Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажырата білу.

4. Бір нүкте арқылы бірнеше түзу жүргізуге болатындығын аңғарту.

б) Дәптермен жұмыс.

Үлгі бойынша жазып үйрену. ___ ___ ___ ___

== == == == == ==

ҮІ.Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен не жайында білдік?

Біз сендермен сызықтың түрлерімен таныстық

ҮІІ. Үйге тапсырма


ҮІІІ. Бағалау


12 сабақ мерзімі_________


Сабақтың тақырыбы: Кесінді және оны сызу


Сабақтың мақсаты:

1. Геометриялық фигура- кесінді туралы түсінік беру және оны басқа

фигуралардан ажырата білу.


2. Геометриялық фигуралар туралы білімін дамыту.


3. Эстетикалық, еңбек сүйгіштік дағдыларды қалыптастыру.


Сабақтың көрнекілігі:

Арнайы сызылған кесінді. Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.


І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

1. Нүкте деген не?.

2. Сәуле туралы не білеміз?

3. Бұрыштарды көрсет.


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Мұғалімнің түсіндіруі:

Сымның қиындысын алып,екі ұшын бормен тұйықтап көрсетемін.

Екі ұшы тұйықталған түзу кесінді деп аталады.

ә) Кесінді сызу ерекшелігімен таныстыру.

б) Басқа геометриялық фигураларды ажырата білу.


Сергіту сәті


Ү. Жаңа білімді тексеру.

Төбелері нүктелер. Қабырғалары кесінділер.


ҮІ. Білімді бекіту

-Кесінді деген не?

ә) Дәптермен жұмыс.

Кесінді сызуды үйрену. Дәптердегі үлгісімен жазу. Өзіндік жұмыс №1


ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен не жайында білдік?


ҮІІІ. Үйге тапсырма.


ІХ. Бағалау



13 сабақ мерзімі_________


Сабақтың тақырыбы: Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Cантиметр.


Сабақтың мақсаты:

1.Ұзындықты өлшеудің мысалы ретінде см-ді қолданудың ерекшелігімен

таныстыру

2. Ой-өрісін дамыта отырып, см-дің көмегімен кесіндінің ұзындығын

анықтауға үйрету.

3. Ұқыптылыққа баулу.


Сабақтың көрнекілігі: Ұзындығы 1 см жолақша сызғыш..


Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.


І. Ұйымдастыру.

1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Кесінді дегеніміз не?


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Мұғалімнің түсіндіруі:

Заттардың ұзындығын өлшеу құралдары: метр, сызғыш,

Сызғыш 1см-ден бірнеше бөліктерге бөлінген.

Олардың ұзындықтары бірдей.

ә) Қарындашты өлшеп көрейік: Демек, қарындаштың ұзындығы 6 см 7 мм.


Ү. Білімді бекіту. Кесінді деген не?


ә) Дәптермен жұмыс. Кесінді сызуды үйрену.Үш нүкте, төрт нүкте

арқылы кесінді сызу.


ҮІ. Сабақты қорытындылау - Бүгін біз сендермен не жайында білдік?


ҮІІ. Үйге тапсырма


ҮІІІ. Бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал