7


4-сынып Қазақ тілі Сөйлем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақ тілі 4-сынып Сабақтың тақырыбы: СөйлемСабақтың мақсаты: . Сөйлем құру дағдыларын жетілдіру. Әдіс- тәсілі: Түсіндіру, жаттығу жазу, ойлау, өзіндік ізденіс, көрнекілік, ұжымдық жұмыс. Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.2. Өткен сабақты бекіту.Үй тапсырмасын сұрау.Сөз
предварительный просмотр материала

СКО Ульгилинская средняя школа

Сафурина Жибек Айтмагамбетовна

учитель начальных классов

Қазақ тілі 4-сынып Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты: . Сөйлем құру дағдыларын жетілдіру.

Әдіс- тәсілі: Түсіндіру, жаттығу жазу, ойлау, өзіндік ізденіс, көрнекілік, ұжымдық жұмыс.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткен сабақты бекіту.

Үй тапсырмасын сұрау.

Сөз тіркесі туралы ереже сұрау,жаттығу жұмысын сұрау

3. Жаңа сабақ.

Сөйлем бір- бірінен бөлек жазылатын сөздерден құрылады. Бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады. Сөйлем аяқталғаннан кейін тыныс белгісі қойылады. Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі.

1. Хабарлы сөйлем. Хабарлау баяндау, суреттеу мақсатында айтылады. Тыныс белгісі : нүкте(.)

2. Бұйрықты сөйлем. Бұйыру, тілек- өтініш ету мақсатында айтылады. Тыныс белгісі: нүкте немесе леп белгісі(!) бұйрық рай арқылы жасалады.

3. Лепті сөйлем. Сөйлеушінің көңіл- күйін қуану , өкіну т.б . білдіру мақсатында айтылады. Тыныс белгісі леп белгісі(!)

4. Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайлы сұрап білу мақсатында айтылады. Тыныс белгісі: (?)

5. Кітаппен жұмыс:

1- Жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазу. Бұл сөйлем хабарлы сөйлемге жатады.

2- Жаттығу.

4-жаттығу.( тақтаға шығып орындайды) Сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемге айналдырып, мақал етіп жазу.

5.Сергіту сәті:(Ой толғау)

6. Шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырма. «Адасқан сөздер» ойыны.

1. Тепті Шана балалар Балалар шана тепті.

2.Сұлу! Неткен Табиғат Табиғат неткен сұлу!

3. Бардың? Қайда Сен Сен қайда бардың?

8. «Бәйге» ойынын ойнаймыз.

Сұрақтары:1. Сөйлем неден құралады?

2. Сөйлем қандай әріптен басталады?

3.Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады?

4.Сөз таптарын ата?

5.Сөз неден құралады?

6.Мәтіннің неше түрі бар?

7.Сөйлем нешеге бөлінеді?

8.Сөйлем қандай ойды білдіреді?

9. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

9. Қорытынды: Жұмбақтар шешу,



11.Бағалау



1.Өзім сөзден тұрамын,

Хабар мен нүкте жинағым.(хабарлы сөйлем)

2. Мен де сөзден тұрамын,

Сұраулы ойды құрадым.

Өзгеден жауап сұрадым. (Сұраулы сөйлем)

3. Қуану, ренжу,өкіну,

Мақсатым соны сездіру.

Ұранды да айтамын,

Қарқындатып барып қайтамын. (Лепті сөйлем)

10. Үйге тапсырма: 5-жаттығу.

Сөйлемдердің жігін тауып, тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал