- Учителю
- Ағаш бұтақтарынан әртүрлі пішіндер құрастыру
Ағаш бұтақтарынан әртүрлі пішіндер құрастыру
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Ағаш бұтақтарынан әртүрлі пішіндер құрастыру | ||
Мақсаты Күтілетін нәтиже | Білімділік: оқушыларға қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыруды үйрету . | ||
Психологиялық ахуал | Шұнаң - шұнаң құлақтары. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту |
| ||
Жаңа сабақ | Мұғалім Мүсін - бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін - ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің түрі - бояу. Ал мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай бір жызықтық бетінде бейнелеймей, кеңістікте сомдайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлық, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсіндегі адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бірер сыр танытып тұрады. Көптген мүсіншілер ағашты қолданады. Мәселен, мүсінші С. Коненковтың таңғажайып «Орман адамдарының» мүсіндері және В. Мухинаның небір әсем шығармалары ағаштан қашалып жасалған. Металдан мүсін жасау үшін алдымен оның моделі жасалады, сонан соң барып сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнерінің шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын, станокты және монументтік түрлерге бөлінеді. | ||
Сергіту сәті | Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз. | ||
Сабақты пысықтау |
| ||
Үйге тапсырма | Мазмұндау,мақалды жаттап ал | Күнделіктеріне жазып беремін | |
Бағалау |
| Бағалау парақшасын толтырады. |