- Учителю
- 4-Сынып. ӘДебиеттік оқу Асыл арналар тарауы 'Бөлтірік шешен'
4-Сынып. ӘДебиеттік оқу Асыл арналар тарауы 'Бөлтірік шешен'
Әдебиет
Сабақтың атауы
АСЫЛ АРНАЛАР
Бөлтірік шешен
Сілтеме
Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Шешендік сөздер жинағы
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Тарау тақырыбының мағынасын ашуға, шешендік сөзді ауыз әдебиетінің түрі ретінде еске түсіре отырып, асыл сөздерге мән беруге, идеясын ашуға мүмкіндік беру.Шешендік сөз бен шешен адам туралы түсініктерінің кеңеюіне, сөздің мазмұнындағы ерекшеліктерді байқауға жағдай туғызу. Тапсырмасы арқылы балаларды кез келген қиындықтан шыға білуге баулу.
Сөз және оның мағынасын жете түсініп, қолдана білуге, бейнелік арқылы, ойды көркемдеу үлгілерін байқату арқылы әсемдікке, әділеттілік пен жақсы қасиеттерді оқушының тандау таразысына салу, салыстыру, бағалау мүмкіндігін беру.
Топқа бөлу
І топ Мінездеу
ІІ топ Зерделеу
ІІІ топ Бейнелеу
Ынтымақтастық атмосферасы
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Бөлтірік Әлменұлы - көрнекті , биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы қазіргі Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген.
Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Соның бірінде Бөлтірік шешен "Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер", - деп түйіндейді. Бөлтіріктің шешендің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі.
Бөлтірік сонымен бірге мерген, саяткер, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су, жесір дауына, жайлау, қыстау, еңбек жөніндегі талас-тартыстарға араласып, әділ де шешен төрелік айтқан. Сондықтан да халқы оны қалап, би сайлап алған. Зорлықшыл, қиянатшыл, барымташы, басбұзар, жалақор, алаяқтар Бөлтірік бидің қара қылды қақ жарған әділ билігінен беті қайтып, әшкереленіп отырған. Ондайлар Бөлтірік отырған жерден сескеніп аулақ жүрген. Бөлтірік шешен тек қана қазақтар арасында ғана емес, қырғыз, өзбектерге де белгілі, беделді шешен болған. Не бір төрелер, бектер, бай, манаптар оның өткір сөзінен, бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын жөн-жосықты билік-шешімінен аяғын тартқан. Бөлтірік шешен 1854 жылы дүниеден қайтқан. Оның үрім-бұтақтары Жамбыл, , қалалары мен далаларыңда еңбек етеді.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Мәтінмен танысу.
Сөздік жұмысы.
Сұрақтарға жауап беру.
Оқулыктағы сұрақтар мен тапсырмаларды мұғалім өз жоспарлауына қарай қолданады.
БББ кестесі
Білем
Білдім
Білгім келеді
Сергіту сәті
Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
8)Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Үй тапсырмасы
Мазмұндау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс