7


  • Учителю
  • ТАҚЫРЫБЫ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейі»КММ

















Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабақтарындағы өзіндік жұмыстары




Бастауыш сынып мұғалімі

Асанова Б.Е




.

Теміртау,2015

ТАҚЫРЫБЫ:БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ


Авторы: Асанова Бактыгуль Ергалиевна


Теміртау қаласы № 9 мектеп - лицейі КММ


Қарағанды облысы Теміртау қаласы

Мақсаты: оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау барысында бір - бірімен білім алмасуына дағдыландыру, берілген білімді пысықтау, оқушының білімін тексеру, бақылау, шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын байыту, тіл дамыту.

Міндеттері:

1) оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру;

2) алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу;

3) болашақта өз бетінше өз білімін көтеру үшін тиімді еңбек етуге, қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.

І деңгей - үлгі бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыру (бағдарламаға сай)

ІІ деңгей - алгоритмдік (бірте-бірте күрделенген)

ІІІ деңгей - жаңалық ашатын (жаңа ұғым қалыптастыру)

ІҮ деңгей - шығармашылық

Оқушылардың тапсырмаларды орындау дәрежесін диагностикалау негізінде оқытудың түрлі формаларын тиімді пайдалануға болады. Ол үшін оқытудың жеке, топтық, жұптық, ұжымдық формалары тиімді. Топтық жүйедегі жұмысты үш әдіспен жүргізуге болады:

  • оқушының білім дәрежесіне қарай араластыра бөлу;

  • білім деңгейлеріне қарай бөлу;

  • қабілетіне, жеке ерекшелігіне қарай бөлу.

Тиімділігі: бір-біріне достық қатынасы нығаяды; бір-біріне көмектесуге бейім болады, үйрете жүріп, өзі үйренеді, ұйымдастырушылық қабілеті артады, өз бетінше ізденіс туындайды, өзінің және жолдасының білімін саралайды, бағалайды.

Бұдан басқа оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастырудың неғұрлым сапалы нәтижесіне жету үшін мынадай басты қағидаларды, шарттарды, әдістерді басшылыққа аламын:

Басты қағидалар:

  • мадақтауға таршылық жасамау;

  • оқушы арасындағы пікірталаста мәселе шешімін өзім айта салмау;

  • сатылы мәселе тудырып отыру (ойлан, ізден, үйрен);

  • сабақта оқушы қызығушылығын артырып, алға талпынуын көздеу;

  • барлық оқушының бір пікірге сүйеніп қалмай, басқаша ойлауға баулу;

  • оқушының әр ойын назардан тыс қалдырмау;

  • оқушы ойын «қате» деп тыйып тастамау;

  • оқушының асығыс берген жауабына бірден келіспеу, дәлелдеуді талап

мұғалім үшін және оқушы үшін деп екіге топтауға болады.

Мұғалім үшін:

  • оқушыға нақты тапсырма беру;

  • оны орындауға уақыт белгілеу;

  • мұғалім басқаруы мен оқушының дербестігі арасындағы байланыс;

  • ӨБЖ орындауға жағдай жасау;

  • ұйымдастырылған оқу - тәрбие үрдісінің болуын қамту;

  • қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беру;

  • жас ерекшелігіне сәйкес оқушының өзіндік ерекшелігін ескеру;

  • білім алудың, білудің қажеттілігін ұғындыру;

  • ойын (ұлттық , дидактикалық, танымдық т.б.);

  • салыстыру (ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау);

  • дәлелдеу (өз ойының дұрыстығына өзгенің көзін жеткізу);

  • талдау (тұтасты бөлшектеу);

  • жинақтау (бөлшектерді біріктіру);

  • бағалау (өзін, досын, топты, сыңарын т.б.);

  • эврестикалық (жаңалық ашу, іздену, зерттеу);

  • көрнекілік (сызба, сурет, альбом, кеспе қағаз, видео т.б.);

  • сұрақ-жауап;

  • ой шақыру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында өзіндік жұмысты ұйымдастыруды былайша өткіземін:

Тақырыбы: Бастауыш

Мақсаты:

  • Білімділік: Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, өз бетімен жұмыс істеуге баулу.

  • Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.

  • Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу және әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, өзіндік жұмыс, суретпен жұмыс, көрнекілік, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар мен өзіндік жұмыс дәптерлері

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым бақытым дара тілім.

ІІ. Дайындық кезеңі.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сөйлем дегеніміз не?

  2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

  3. Сөйлем мүшелері деп қандай сөздерді айтамыз?

ІҮ. Жаңа тақырып.

А) қызығушылығын ояту.

Ә) Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Б) оқулықпен жұмыс.

22-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғанын байқа.

Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты.

Ереже! Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді: Жәния дайындалды. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.

24 - жаттығу. Жұмбақтың шешуін тауып, жатқа жаз. Әр сөйлемдегі бастауышты тап.

Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды.

28-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрап жаз. Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.

Сергіту сәті.

В) өзіндік жұмыс.

- деңгейлік тапсырма

І деңгей. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз. Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.

ІІ деңгей. Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

ІІІ деңгей. Өлеңді көшіріп жаз. Әр сөйлемдегі бастауышты тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.

  • Өзіндік жұмыс дәптерінен «Бастауыш» тақырыбына сай тапсырмаларды өз бетімен орындау.

Ү. Қорытындылау.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма. 27-жаттығу, ереже жаттау.

Қорытынды:


Өзіндік жұмыс - оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. Осыған байланысты өз тәжірибемде қолданып жүрген өзіндік жұмысты әр түрлі жіктеулерін келтіруге болады.

1. Оқушының ізденімпаздық дәрежелеріне байланысты жұмыстар.

2. Білім материалы бойынша: оқулықпен және оқу әдебиеттерімен жұмыс, шешу және салыстыру.

3. Дидактикалық мақсат бойынша жұмыстар: оқып - үйренетін, тексеретін, алған білімді баянды ететін.

4. Даралау дәрежесі бойынша мазмұны әр түрлі, бірақ бірдей тәсілмен орындалатын; мазмұны әр түрлі және әр түрлі тәсілмен орындалатын.

Осы жіктеуге байланысты оқу процесінде өзіндік жұмыс түрін төрт топқа топтауға болады:

  • үлгі бойынша орындалатын (орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша, белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұғынады; тапсырманы нұсқау тәртіп бойынша орындайды);

  • реконструктивті - вариативтік (оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, білімі тереңдей түседі);

  • жаңалық ашатын;

  • шығармашылық өзіндік жұмыстар (оқушы ойын кеңейтеді, өзіндік қолтаңба қалдырады).

Өзіндік жұмысты сабақтың барлық процесінде іске асыруға болады. Тек оны ұйымдастыру кезінде мұғалім алдына айқын мақсат қоя білуі керек. Мысалы:

  • өткенді қайталау (еске түсіру, есте сақтау қабілетін тексеру);

  • меңгеру деңгейіне қарай топтау (топішілік пікірталасты дамыту);

  • үй жұмысын орындау (сыныпта алған білімді өз бетінше қолдану);

  • шығармашылық ізденіс (әр еңбекке өзіндік қолтаңба қалдыру);

  • жаңа тақырыпты бекіту;

  • жаңа тақырыпты игеру (жаңа тақырып мазмұныны ашу);

  • топта, ұжымда жеке жұмыс жасай білу қабілетін арттыру;

  • өткенді бекіту.

Осы негізде жүйелі жұмыс жүргізу барысында мына нәтижелерді көруге болады:

  • оқушыда өз бетінше білім алу қажеттілігі пайда болады;

  • оқушы өз деңгейін өзі аңғарады;

  • оқушы алдына мақсат-міндет қоя біледі;

  • алған білім, білік, дағдыны іс-тәжірибеде қолдана біледі;

  • нәтижені талдай алады, өзін-өзі бағалайды;

  • өз ісін жоспарлай алады;

  • мәселелік сұрақтар арқылы белсенділігі артады;

  • оқушы іздену үстінде жаңа ұғымды меңгереді;

  • оқытуды дербестендіру, деңгейлік саралау ерекше орын алады;

  • әр түрлі бейнелермен операциялар жасап, тапсырманы орындауда оны көрнекі түрде елестете алады.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту идеясына негізделген жаңа буын оқулықтарында бастауыштан бастап, өзіндік жұмыс жасауды үйрету көзделеді. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім беруде бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше деп ойлаймын.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Бабанский Ю. К. Научная организация педагогического процесса на основе его интенсификации и оптимитизации. Москва. Педагогика. 1988 г.

2. Бастауыш мектеп. Алматы. Дәуір. Универсал-фото. 2004-2008 жылдар.

3. Есипов Б. П. Самостоятельная работа учащихся на уроке. Москва. Педагогика. 1961г.

4. Кобдикова Ж. У. Оқыту процесін технологияландыру. Алматы. Ақжелкен. 2000ж.

5. Қазақстан мектебі. Алматы. Дәуір. 2004-2006 ж.

6. Ушанский Л. И. Технология организаторской деятельности школьников. Москва. 1980 г.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал