- Учителю
- Сыныптан тыс іс- шара. Мәнерлеп оқу сайысы. (1-4 Сыныптар) .
Сыныптан тыс іс- шара. Мәнерлеп оқу сайысы. (1-4 Сыныптар) .
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы Степногорск қаласының білім бөлімі
Бестөбе кентінің негізгі мектебі
Тақырып: «Ел рәміздері - тәуелсіздік айғағы»
(мәнерлеп оқу сайысы)
Өткізген:
Бастауыш сынып мұғалімі
Саттарова А.М
2013 - 2014
оқу жылы
Тақырыбы: «Ел рәміздері - тәуелсіздік айғағы»
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал етуге,
елінің Туын , Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын
білуге тәрбилеу.
Көрнекілігі: рәміздер, үнтаспа, слайдттар.
Барысы:
Мұғалім: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай - қайсысында да мемлекеттің белгісі - рәміздері бар.
Тәуелсіз мемлекет - егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігімен қатар, бірқатар шарттары, басты - басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері - Елтаңба, Ту және Әнұран. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес тәуелсіз бола алмайды.
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Оқушылар: Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз мемлекет, дмократиялы мемлекет, зайырлы мемлекет, құқықтық мемлекет және әлеуметтік мемлекет.
Демократиялық мемлекет
Президенттік басқару жүйесіне негізделген
Ата заң
Мемлекеттік рәміздер
Әнұран
Елтаңба
Ту
Біздің еліміз - Қазақстан!
Біздің президентіміз - Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасының әнұраны айтылады.
Құрметті, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі біздің «Ел рәміздері - тәуелсіздік айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер. Бұл сайысымыздың мақсаты - Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Әр адам өз елінің қасиетті белгілерін құрметтеуге, тарихын білуге тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай - ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге міндетті.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
Ән: «Отаным - Қазақстан»
1 - оқушы: Бас білгізіп, жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен - таңба?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков пен
Шота Уәлиханов. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элементі - шаңырақ.
Шаңырақ - отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді. Уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны - күн сәулелерін еске салады.
Пырақ - тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты - біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз - ол биік ойлар бейнесі.
2 - оқушы
Қасиетімді сәуегей дана білген,
Ұрпақпен болашаққа бірге барам.
Ақ сәулемді бойына ала білген,
Мың мәрте тілеймін жүрегіммен.
Елтаңба еміреніп төрін берді,
Төрге өткізбес бұл қазақ ерінгенді.
Бақытқа қолын созған бұл қазақтың
Сан ғасыр отын үріп, шамын жақты.
3 - оқушы.
Мен уықпын - шаңыраққа шашыламын,
Бойымда байсалдылық, бар шыдамым.
Ей, ұрпақ, сен де өмірдің уығы бол,
Өшпестен қолындағы шам - шырағың.
Мен - тұлпармын, дүлділмін, пырақ атпын,
Жаяу жүріп аттыны сынамақ кім?
Арасында адалдық орнатамын,
Жұптасқан ел - жұрт пенен жұрағатың.
4 - окушы.
Мен - Қазақстанмын!
Болашаққа сәлемін жолдайтұғын.
Қырандай қос қанатын қомдайтұғын.
Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,
Тұғырын саф алтыннан сомдайтұғын.
Мен - Қазақстанмын!
Бабалар намысымын,
Байтақ елмін игілік, табысы мың!
2030-мәресі әйгілейтін,
Азияның айбарлы барысымын!
Мұғалім: Енді балалар, көк байрақтың жетілдірілген соңғы бейнесіне көңіл бөлейік. Тудың авторы еліміздегі дизайнер өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі, 1961 жылы Чехословакияда өткен халықаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегірі, Алматы қаласының бас суретшісі - Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.
1992 жылы 4 маусымда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі сөнбесін» деген.
Оқушы: Тудың қабылданған күні - 1992 жылдың 4 маусымы. Авторы: Шәкен Ниязбеков.
Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, қыран бейнеленген тік төртбұрышты көгілдір түсті мата. Туымыздың көк теңбіл аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн - халқымыздың азаттық күні, ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранның сөзін жазғандар - Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнінің авторы - Шәмші Қалдаяқов.
Енді Әнұран жайында пікірлерімізді ортаға салайық.
1.Әнұран қандай мәнге ие?
2.Әнұранның қасиеті қандай?
3.Әнұранды қалай айтамыз?
Отан туралы мақал - мәтел айту.
Ән:«Көк тудың желбірегені»
Қорытынды:
Бүгінгі біздің мәнерлеп оқу сайысына қатысқандарыңызға көп рахмет. Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз. Отанымыз гүлдене берсін. Қазастанымыз Туымыздағы қырандай самғай берсін.
Балалар, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
Еліміздің болашағы сендерсіңдер. Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар.