- Учителю
 - 'Гг' дыбысы мен әрпі.
 
'Гг' дыбысы мен әрпі.
ШКО. Семей каласы. №22
Сабақтың тақырыбы: «Г г» дыбысы мен әрпі. 
 Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға Гг әрпі мен дыбысын таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету,сөздерге дыбыстық талдау жасату; 2. Дамытушылығы: Гг дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту; 
3.Тәрбиелігі: әсемдікке,сыпайылыққа,ұқыптылық қа,табиғатты сүюге тәрбиелеу. 
 Көрнекілігі: кітап,кеспе әріптер,суреттер,әліппе серігі,гүлдер 
 Пәнаралық байланыс: дүниетану,математика,музыка 
 Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. 
 Жадыраған күндейміз, 
 Жайнап өскен гүлдейміз. 
 Құрметпен біз сізге, 
 Сәлеметсізбе дейміз! 
 2.Үй тапсырмасын тексеру. 
-Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстарды не Істейміз? (естиміз,айтамыз) 
 -Әріп дегеніміз не? (көреміз,жазамыз) 
 -Әріптерден не құралады? (сөз) 
 -Сөзден не құралады? (сөйлем) 
 -Сөйлемнен не құралады? (мәтін) 
 -Дыбыс неше түрге бөлінеді? (дауысты,дауыссыз) 
 -Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді? (жуан,жіңішке) 
 -Дауыссыз дыбыс неше түрге бөлінеді? (қатаң,үнді,ұяң) 
 -Қандай буындарды білеміз? (ашық,тұйық,бітеу) 
 -Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Үү дыбысы мен әрпі) 
 -Ү дыбысы қандай дыбыс? (дауысты,жіңішке) 
 -Ү дыбысынан келетін қандай сөздер білеміз? (үкі,үйрек,т.б.) 
 -Үйге қандай тапсырма берілді? («Кім кінәлі?» өлеңін оқу)( тізбектей оқыту) 
 тапсырманы бекіту сұрақтары: 
 -Өлеңдегі балалардың аттарын ата. Кім кінәлі? (Елемес) 
 -Елеместің әрекеті дұрыс па? 
Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып, 
 Гүлге ұқсап демалам. 
 Қолдарымды қозғалтып, 
 Гүлдей болып жайқалам. 
3.Жаңа сабақ. Гг дыбысы мен әрпі. Ой қозғау. 
 -Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сіздерге жұмбақ жасырайын. 
 Аналарға сыйлайтын, 
 Аралар бал жинайтын. 
 Бұл қайсы әріптен басталған, 
 Үзуге адам қимайтын? (гүл) 
Гүл-әсемдік белгісі. Гүлді мерекеде,тойда,қуанышта,туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз. Гүл дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? -Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы мен әрпі. Гг дыбысы туралы түсінік: дауыссыз,ұяң. Г 
 (ұқсастығы,айырмашылығын айтып салыстыру) 
Болме гүлдерін білесіңдер ме? окушылардын жауабы.
-Балалар,бүгінгі сабағымызда бөлме гүлдер әлеміне саяхат жасаймыз. Гүлдерді аралап,неше түрлі гүлдермен кездесеміз,әр гүлдің тапсырмаларын мұқият тыңдап,білімімізді арттырайық. Өздерің көріп тұрғандай әдемі гүлдерді
Осы бөлмемізді әсем де,көрікті гүлдерге толтырайық. -Қане,біз қандай гүлдерді білеміз?
-Балалар,осы аталған гүлдердің әрқайсысының өз тапсырмасы бар екен.Осы тапсырмаларды орындап көрсек қайтеді.Олай болса: 
 1.Қызғалдақ гүлінің тапсырмасы: «Гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Гүл-3 әріп,3 дыбыс,1 дауысты,2 дауыссыз. 
 2.Раушан гүлінің тапсырмасы: Гг дыбысынан келетін сөздерді ата,буынға бөл.(суретпен жұмыс) 
 3.Роза гүлінің тапсырмасы: Бағандағы сөздерді буындап,мәнерлеп оқып беру. 
 Сөздік жұмыс. 
 Егін-егіс алқабы,бидай егетін алқап. 
 Егіз-бір сәтте,бір уақытта бірге туған екі бала. 
 Егеу-үй шаруасында қолданылатын құрал. 
Кереге-киіз үйдің бөлшегі.
Бетеге-шөптесін өсімдік.
Шеңгел-тікенек тұқымдас өсімдік.
Мезгіл-уақыт,жылдың төрт мезгілі бар.
Сегіз-сан,жетіден кейін келетін (математикада алдыңғы уақытта өтеміз) 8
Шеге-үй шаруасына пайдалы ағаш қағатын зат.
Неге? - сұрақ. ?
Окулыкпен жұмыс жасау
 «Ақ көгершін» әнімен танысу. Балаларға өлеңді мәнерлеп оқу. 
 Көгершін-достықтың,бейбітшіліктің,әділеттің белгісі. 
 «Ақ көгершін» (авторлармен таныстыру) 
Сөзі: Н.Баймұхамедов, әні: А.Жұбанов.
Ақын Н.Баймұхамедов бұл өлеңді халықтар бір-бірімен тату-тәтті,бақытты,дос болсын дер шығарған. 
 -Балалар,сендер көгершінді көрдіңдер ме? Көргілерің келе ме? 
Көгершін- құс. Көгершіндер орманды,кейде таулы жерлерде тіршілік ететін,адамға үйір құстар. Үнемі топтанып жүреді. Жұбын жазбайды. Көбі жылына 2 рет,кейбіреуі 4-5 рет жұмыртқалайды. Жұмыртқаны жарып шыққан қызылшақа балапан әбден қанаттанғанша (25 тәулік бойы) ұядан ұшпайды. Өлеңді тізбектей оқыту. 
 4. Бәйшешек гүлінің тапсырмасы: «Ақ көгершін» әнін әндетіп балалармен айту. 
Y. Лалагүл гүлінің тапсырмасы:
Дәптермен жұмыс.
Гг дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. Мынау Гг әрпінің жазбаша түрі. Ауада жазу, дәптерге жазу. 
 Тақтамен жұмыс: гүл,егін,егіз,Гүлжан сөздерін жазғызу. 
 Сабақты қорытындылау. 
 -Балалар,біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? (Гг) 
 -Гг дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз,ұяң) 
 -Қандай өлеңмен таныстық? (Ақ көгершін) 
 -Ол қандай құс екен? (бейбітшілік құсы) 
 -Ал енді біз, балалар, «гүл» сөзімен басталатын немесе «гүл» сөзімен аяқталатын қыздардың есімдерін айтайық. 
 (Гүлсім,Гүлзат,Гүлшара,Гүлдана,Гүлгүл,Гүлнар,Гүлназ) 
 Үйге тапсырма: «Ақ көгершін» әнін жаттау. 
 Мадақтау. 
 -Бүгін,балалар, бәрің де сабаққа жақсы қатысып,белсенділік таныттыңдар. 
Үйренгендеріңді естеріңде сақтаңдар. Рахмет сендерге. (балаларға гүлдер тарату) Ән: «Біз өмірдің гүліміз.»