7


  • Учителю
  • Ана тілі пәнінен сабақ жоспары (4-сынып)

Ана тілі пәнінен сабақ жоспары (4-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов . Шешенің балаларын сүюі Сабақтың мақсат-міндеттері: А) Мазмұнға байланысты міндеттер: Білімділік) Көркем шығарма үлгілерін оқу дағдыларын қалыптастыру, шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу ,жазушы қолданған көркем сөздерді т
предварительный просмотр материала

Қызылорда облысы Қазалы ауданы № 249 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Үсеналиева Анар


Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов . Шешенің балаларын сүюі

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Мазмұнға байланысты міндеттер:

Білімділік) Көркем шығарма үлгілерін оқу дағдыларын қалыптастыру, шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу ,жазушы қолданған көркем сөздерді табу арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын практикалық тұрғыда талдату; Дамытушылық) Көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту,оқу дағдыларын жетілдіру; Тәрбиелік) Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру,сөйлеу мәдениетіне баулу;

Ә)СТО-ға байланысты міндеттер:

Оқушылар ортақ ой түйіндейді,өз пікірлерін айтады;

Б) Жеке және ұжымдық жұмысқа байланысты міндеттер:

Бір-бірінің пікірін тыңдайды, пікірлесе алатын болады,практикалық тұрғыдан өлең мазмұнын талдайды;

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологясы (К.Мередит, Д.Стил, Ч.Темпл)

Сабақтың формасы:

Жеке,ұжымдық

Сабақтың типі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі:

Шығармашылық ізденіс сабағы

Пайдаланатын стратегялар:

«Бұл кім?Ол не?» стратегиясы ,ассосация, «Адасқан жолдар» стратегиясы , «Қарама-қайшылық» стратегиясы

Сабақтың оқыту құралдары көрнекілігі:

АКТ құралы

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Дүниетану ,қазақ тілі

Күтілетін нәтиже

Шығарма авторының көзқарасын,өлең мазмұнын түсінеді;


Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • қажетті құралдарды даярлау;

  • оқушылар зейінін аудару

  • оқу құралдарын даярлау;

  • сабаққа назар аудару

ІІІ. Жаңа материалды игерту

1. Итермелеу сатысы

«Бұл кім?Ол не?» стратегиясы Мәтін жұмбақ.

-мәтін кім туралы? - кім туралы екенін қалай таптық?Қандай жолдары арқылы таптың?

Ана кім? Біз ананы неге теңейміз?

Ассосация (ауызша)



Ана



-Ана туралы қандай мақал-мәтел білеміз? -Аналардың бәрі бірдей,аналар неліктен бір-біріне ұқсайды?

-Мәтінді тыңдау арқылы жұмбақ мәтіннің кім туралы екенін табу;

-жұмбақты табуға түрткі болған сөйлемді айту;ой бөлісу;

-Анаға қатысты теңеулерді тауып топтастыру;

-Ана туралы мақал-мәтел айту; -ой бөлісу,пікірлесу;

2. Конструкциялау сатысы


а) жаңа ұғымға байланыс ты жұмыс

ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Ендеше, бүгін өзінің анасына деген сағынышын өлең жолдары арқылы берген М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» тақырыбындағы өлеңімен танысамыз. Автор туралы мәлімет (видео дерек)

І.Мәтінмен жұмыс

-тақырыпты тану. Шешенің балаларын сүю әрекеті қалай жүреді?Қалай сүйеді?
- мәнерлеп тұтас оқу (мұғалімнің оқуы) -сөздік жұмысы Көз жасын көлдету-қатты жылау. -іштей оқу(оқушылардың оқуы) - мәнерлеп тұтас оқу (2-3оқушының оқуы) -Мазмұнын талдау-жинақтау 1.Құрылысына қарай талдау -шығарманың қай түріне жатады? -өлеңнің әңгіме желісіндегі шығармалардан айырмашылығы неде? -қандай ұйқасқа берілген? -өлең үзіндісі неше шумақтан тұрады? -неше тармақтан тұрады? (математикалық байланыс арқылы тармақ санын таптырту;) Жаңа ұғым. Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.(өлеңді бунақ арқылы мәнерлеп оқыту-3бунақ) 2. Компазициялық құрылымына қарай талдау - өлеңнің авторы кім? -өлеңнің тақырыбына не? - ақын өлең арқылы қандай ой айтпақ болды?

ІІ.Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма 1-тапсырма. Өлең түрінде жауап беру; -Балалар,өлең сұрақ-жауап үлгісінде берілген.Осы өлеңге өлең құрастыру арқылы жауап беріп көрейікші.

2-тапсырма. Аукцион . Кім қанша сөз тапты? Өлең мазмұнына сәйкес шешенің балаларын қалайсүйетіндігін білдірген сөздер мен сөз тіркестерін тауып,санын анықтау;

3-тапсырма. «Қарама-қайшылық «стратегиясы -Бұл өлеңнен нені көрдік? -ананың арманын көріп тұрмыз ба? -ананың қай кезде қайғыратынын, жылайтынын сезініп тұрмыз ба?

Шығармашылық тапсырма «Автор орындығы» стратегиясы

Өлең мазмұнын қара сөзге айналдырып, автор рөліне ену арқылы жеткізу

-Автор туралы видео деректі тыңдап,қажетті мәліметті жазып алу,қайта жаңғырту;

І.Мәтінмен жұмыс -тақырыпты тану. Шешенің балаларын сүю әрекеті қалай жүретіндігі тақырыбында ой қозғау;
-өлеңді мәнерлеп оқу -құрылысына қарай талдау; -. компазициялық құрылымына қарай талдау жүргізу;



-сұрақ-жауап үлгісінде берілген өлеңге өлең түрінде жауап беру;(ұйқас түрлері мен тармақтарын пайдалану арқылы)

-өлең мазмұны бойынша ананың балсын сүйетіндігін білдіретін сөздерді түртіп алып санын анықтау;

Ана арманы Ана қайғысы

3. Нұсқалау сатысы


«Адасқан жолдар» статегиясы

- өлеңді ұйқас түріне қарай,еске түсіру арқылы жолдарын дұрыс орналастыру

ҮІ. Үйге тапсырма беру

-өлеңді жатқа айту -анаға деген махабаттын қағаз бетіне түсіру

-өлеңді жатқа айту -анаға деген махабаттын қағаз бетіне түсіру

ҮІІ.Бағалау

-мадақтау,үлгі ету,ынталандыру

- оқушыларындың бірін-біріне бағам беруі; - өзін-өзі бағалауы;

«5» бағасына лайықты Озып шыққан озаттар,орнымыздан тұрайық «4»бағасын қанағат тұтқан Талпыныс танытқан талаптылар, орнымыздан тұрайық

«3» ке болса да, ұмтылып Түсінігін кеңейтіп тереңдеткен білімін Ұйымшылдық танытып, ақтаған сынып сенімін ,орынымыздан тұрайық


- оқушыларындың бірін-біріне бағам беруі; - өзін-өзі бағалауы;



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал