7


Урок на тему: 'Көктем' 3 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан - жақты білім беру.

Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілетін дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмалар беру.

Тәрбиелік: Сауатты оқу, жазу дағдыларын молайту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Тілектер айту

Армысың,асыл күн!

Армысың,асыл жер!

Армысың,көк аспан!

Армысың,жан досым!

Міне, менің қолым бос

Жылуыма жылу қос.

Қолымда доп.

Балалар мынау не? Бұл- доп

Доппен не істейміз? Доппен футбол, баскетбол ойнаймыз.

Ендеше «футбол»ойынын ойнайық. Мен сендерге сұрақ қойып допты лақтырамын, сендер жауап беріп допты маған қайыра лақтырасыңдар.

Бүгін аптаның қай күні?

  • Ертең аптаның қай күні?

  • Апта күндерін атап беріңдер?

  • Демалыс күндерің атап беріңдер?

  • Сенің атың кім?

  • Сен неше жастасың?

  • Нешінші сыныпта оқисың?

  • Қазір қандай сабақ?

  • Қазақ тілі нешінші сабақ?

  • Біз қандай республикада тұрамыз?

  • Елордамыз қай қала?

  • Рәміздерді атап беріңдер?

  • Тудың авторы кім?

  • Елтаңбаның авторлары кім?

  • Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

  • Ең суық жыл мезгілі?

  • Ең ыстық жыл мезгілін ата?

  • Күздің алғашқы айын ата?

  • Жаз айларын ата?

II. Өткен тақырыпты еске түсіру.Үй жануарлары мен олардың төлдері

Сиырдың төлі - бұзау Жылқының төлі -құлын

Ешкінің төлі - лақ Қойдың төлі - қозы

Түйенің төлі - бота

III. Жаңа сабақ . Көктем.

Балалар, бәріміз тақтадағы сөз жұмбақты шешеміз.
Мына суреттердің басқы әріптерін атасаңдар сонда сөз шығады.
Күн,өрік ,көз, ту, ешкі, мысық («Көктем» сөзі шығады)
- Балалар қандай сөз шықты.
- Көктем.Дұрыс таптыңдар біз бүгін сендермен көктем жайлы әңгімелесеміз.

Мәтінмен жұмыс. Мәнерлеп оқу.

Көктем мезгілінде күн жылынады. Қар ериді.Құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады. Құстар ұшып келеді. Мал өріске шығады.Көктемде аналар мерекесі, наурыз мейрамы болады.

Сөздікпен жұмыс:Хормен одан соң жеке -жеке қайталату.

Ериді -тает

Ұшып келеді -прилетают

Бүршік жарады- набухают почки

Өріске шығады - выходят на лужайку

IY.Сергіту сәті. (Қызыл өрік) минусовка

Күн ұйықтайды.
Күн оянды.

Жел соқты,

Жаңбыр жауды.

Найзағай шатырлады,

Жел басылды

Күн ашылды

V. Балалар бүгін маған бір хат келді.Ол хатта бір қыз бала бізден көмек сұрап отырған екен. Ормандағы кішкентай үйде әпкесі мен інісі өмір сүріпті. Ал үйдің қабырғасында біздің сағатқа ұқсамайтын ерекше сағат ілулі тұрыпты (циферблатқа сандардың орнына "жаз, күз, қыс, көктем" сөздер жазылған). (Сол сағат балаларға көрсетіледі). Оның 1 ғана тілі бар екен. Бірде сол тілі көктемге келгенде әпкесі інісіне:- Алпамыс, тұр, көктем келді,- дейді.

-Тұрғым келмейді,- дейді інісі.Тұр,тұршы көктем келді деймін, деп әпкесі інісін жұлқылай бастады. Ал інісі оған: Тұрғым келмейді- деп керіліп қалғанда, қолы сағатқа тиіп, сағат жерге түсіп, сынып қалады. Сол сәтте бөлмеде, біресе күз, біресе қыс, біресе жаз, біресе көктем ауыса бастайды. Ал орманда біресе қар жауады, біресе найзағай жарқылдап, күн күркіреп, жаңбыр жауды.Бұған кінәлі мына сағат, -деп інісі сағаты алып, терезеден лақтырып жібереді, әпкесі сағатты мүлде сынып қалды деп ойлап:- Енді мәңге қыс болады, сағатты тезірек тауып, жөндеу керек,- деді.

М: Біз енді сол сағатты Алпамысқа табуға көмектесуіміз керек.

М: Балалар Алпамысқа көмектесеміз бе?

Б: Иә, көмектесеміз.

Ендеше сол сағатты табу үшін біз бірнеше тапсырмалар орындауымыз керек. Біз сол тапсырмаларды орындасақ сағатты жинаймыз.

1.Тапсырма - Жаз еліне кіру үшін, біз мынандай тапсырманы орындауымыз керек. Мына етістіктерден болымсыз етістіктерді құраңдар. Жаз, оқы, күл, бер, жүгір, секір, көр, же, іш, лақтыр.

- Шешуін тауып, Алпамыс әрі қарай жүреді. Көп пе әлде аз ба, жүріп келе жатып, ол өсіп тұрған ағашты көрді. Алпамыс ағаштан бір жапырақ жұлып алады, ал жапырақта мындай тапсырма жазылған.

2.Тапсырма: Күз елінде "Күз патшасы" билеген Ханшайым өз елі туралы білім сайысын ұйымдастырып отыр екен. Адасқан ай аттарын табу. Адасқан айларды дұрыс жазыңдар. Күз Ханшайымы балаларға риза болып сағаттың сынығын береді. Ал Алпамыс қайтадан жолға шықты. Ол қатты тоңды.

М: Сонымен балалар қалай ойласыңдар, Алпамыс қай жыл мезгіліне келіп жетті?

Б: Қыс.

-Дұрыс.

Алпамысты Аяз қарсы алады.

-Қайда бара жатырсың?- деп сұрады ол. Алпамыс жағдайды айтты.

- Иә, сағаттың бір сынығы менде, сендер қыс мезгілі туралы айтып берсеңдер мен сендерге сағаттың бір бөлшегін беремін дейді.

3- тапсырма Қыс мезгілі туралы айтып беру.

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн аязды салқын болады. Адамдар жылы киінеді. Қыста Жаңа жыл мерекесі болады.

4- тапсырма. Көктем еліне кіру үшін көктем туралы ән айтып беру керек

«Көктем»

1.Көктем келді, құс келді,

Ойнаймыз біз саз илеп.

Біздің көлге түскенді,

Былтыр кеткен қаз-үйрек. Ахау ха ля ля ля ля

2. Көк көйлегін киді жер,

Шешіп ақ қар ішігін,

Емірене сүйді жел,

Ақ теректің бүршігін.

Ахау ха ля ля ля

Рахмет жарайсыңдар балалар. Алпамысқа биологиялық сағатты табуға көмектестіңдер.

VI. Сабақты қорытындылау.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетеді сонда дереу жан - жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды аяқтаймыз.

VII. Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттап келу.Жыл мезгіліне суреттер салып келу.

VIII.Сабаққа жақсы араласқан балаларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал