- Учителю
- Қазақ тілі: 'Морфология туралы түсінік. ' 4 сынып
Қазақ тілі: 'Морфология туралы түсінік. ' 4 сынып
Қазақ тілі | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: | |
Сабақтың атауы | Морфология туралы түсінік | |||
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі | |||
Сабақтың жабдығы | Морфология-сөз бен оның формалары тұралы тіл білімінің бір саласы. | |||
Жалпы мақсаттар | ||||
Оқыту нәтижесі | ||||
Топқа бөлу | Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді. | |||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Ынтымақтастық атмосферасы | Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық. | |||
Үй тапсырмасын сұрау
| ББ кестесін толтыру | |||
Қызығушылықты ояту | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау. Қосымша шығармашылық тапсырмалар. Морфология Грамматика ғылымы тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді жәнесөйлемді алады. Тексеру объектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай грамматика ғылымы морфология жәнесинтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. Морфология - сөз және оның формалары туралы ілім. Морфология сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелерін, сөздің бөлшектенуі мен олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтерін зерттейді. | |||
Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу | ||||
Сергіту сәті | Шынығамыз, жастай бiз, Жаттығуды бастаймыз. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш Бойымызға жинап күш. Шынығамыз, жастай бiз, Жаттығуды бастаймыз. Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. | |||
Ой толғаныс
| Түбір мен қосымша. Сөздің мағына беріп бөлінбейтін ең түпкі бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр - көзбен байқау. 1.Мақал - мәтелдердегі түбірлерді ажыратыңдар. | |||
Үй тапсырмасы | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау | Күнделіктеріне жазады | ||
Бағалау | Бағалау парақшаларын толтыру. |