7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану Тақырыбы: 'Ар-ұжданыңмен үйлесімді өмір сүру!'

Өзін-өзі тану Тақырыбы: 'Ар-ұжданыңмен үйлесімді өмір сүру!'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін

Тақырып: Ар-ұжданыңмен үйлесімді өмір сүру!

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шындықты айту, ата - анаға, ұстаздарға, үлкендерге деген құрмет

Мұғалiм:

Сынып: 1 сынып

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты:Оқушыларға шындықты айту, ата - анаға, ұстаздарға, үлкендерге деген құрмет жасаудың өзі дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.

Міндеттері:

- тек шындықты айтудың дұрыс әрекет екендігін түсіндіру;

-жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;

-үлкенге құрмет жасауға тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

Нұрға бөлену.

2.Ой қозғау.

Сұрақтар:

1. Ар-ұждан дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Сен үлкендерге қандай құрмет көрсете аласың?

3.Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

" Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала"

Дәйексөзді хормен оқу, қайталау.

Дәйексөздің мәнін ашу.

Сұрақтар:

1.Әдепті бала қандай болады?

2. Әдептілік дегенді қалай түсінесің?

3.Арлы баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?


Әңгiмелеу . Мұғалім сыйы:

Жай ғана әжей

В. Осеева

Айнұр мен Абзал көшеде келе жатыр еді. Алдарында қарт әжей кетіп бара жатқан. Жер тайғақ болатын. Әжей сүрініп кетіп, жығылып қалды.

Абзал:

- Сөмкемді ұстай тұршы! - деді де, қарт кісіге көмектесуге жүгіріп кетті.

Абзал қайтып келгеннен кейін Айнұр:

- Бұл сенің әжең бе? - деп сұрады.

- Жоқ, - деп жауап берді Абзал.

- Мамаң ба?

- Жоқ.

- Ендеше көршің шығар?

- Жоқ. Ешкімім емес. Жай ғана қарт әжей ғой, - деп жымиды Абзал.

Сұрақтар:

· Бұл оқиғадан не үйрендің?

· Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Дәптерде берілген суреттерден дұрыс әрекетке сәйкес суретті тауып бояу.

Жұпта тексеру.

Сурет бойынша неліктен осы суретті таңдағандарын жұбына түсіндіру.


  1. Топпен ән айту

Жылай қалсақ, жұбанамыз,

Ақыл тыңдап, тіл аламыз,

Біз тәртіпті баламыз!

Таңда ерте тұра аламыз,

Беті-қолды жуа аламыз,

Біз ұқыпты баламыз!


Үлкендерді сыйлаймыз біз,

Үй тазалап жинаймыз біз,

Біз қолқанат баламыз!


Домбыра да тарта аламыз,

Өлеңді де айта аламыз.

Біз өнерпаз баламыз!


Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің,

Біз-бақытты баламыз!


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Ертегілер әнін тыңдату.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал