7


'Етістік' 2 сынып Қазақ тілі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі.

2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін, ой - өрісін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Грамматикалық және орфографиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:интерактивтік тақта, суреттер.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, көрнекілікпен жұмыс.
Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезені.

Сабақты бастамас бұрын қонақтарымен амандасайық.

Қонақтармен амандасу.

Біз тағы да біргеміз,

Сөгілмейді іргеміз

Құшып күннің шуағын,

Көрісерміз қуанып.

Амансызба, Алтын күн,

Амансыз ба, Көк аспан.

Амансыз ба, ағайын

Сіздерді көрсем қуанам
ІІ. Өткенді қайталау.
- Зат есім деген не?
- Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?
- Жалқы есім деген не?
- Жалпы есім деген не?
- Кім? Кімдер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Не? Нелер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді, сөз табын етістік дейміз. Етістіктерге не істейді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
(Ережені түсіндіру, оқыту, талдау).
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу: Е е әріпін жазу.
1 - жаттығу.
суреттегі жануарлар мен құстардың атын жаз. Олардың қасына не істейді? Қайтеді? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып қой.
Етістіктерді анықтау.
2 - жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктерді теріп жазып, сұрақ қой.
(Тақтаға жаздыру).
3- жаттығу

Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдегі етістіктерді тауып астын сыз. Сергіту сәті.

Қоян шықты далаға,

Жан жағына қарады,

Жүгірді, секірді,

Орнына барып отырды.
4 - жаттығу. Жұмбақты жатқа жаз. Етістіктерді тауып, сұрақ қой.

Бекіту: Сөздерге етістік қосып жазындар Қыз гүлді ..... Әке ағашты.... Әже ұршық .... Ата домбыраны......
(оқушылардың жауаптары)
Қорытынды:
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді не дейміз?
- Жинады, ойнады сөздері қай сөз табына жатады?
- Етістіктерге қандай сұрақтар қойылады?
Бағалау.
Үйге тапсырма: 5 жаттығу ереже жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал