7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на тему 'Зат есімнің жекеше және көпше түрі'

Открытый урок по казахскому языку на тему 'Зат есімнің жекеше және көпше түрі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Пәні: Қазақтілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;

2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;

3. Өз-өзіне сенімділіктерін арттыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Ел ордамыз - Астана туралы мағлұмат беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың формасы: жаппай, топпен, жұппен, жеке жұмыс.

Әдіс - амалдар: Көрнекілік. түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірексызбалар, оқулық суреттер.



Сабақтың барысы:

І. Мотивациялық кезең:

- Оқушылармен амандасу

- Оқушыларды түгендеу



1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Армысың Туған жер!

- Армысың Жер - Ана!

- Армысың Алтын - Күн!

- Армысың Сен!

- Армысың Мен!



2. Қызығушылықты ояту.

1. Поэзия минуты( Ана тілімен байланыс)

Оқушыларды сабаққа ұмтылдыру

2.- Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?

- Республикамыздың астанасы қай қала?

- Астана туралы не білесіңдер?

Оқушылардың айтқандарын толықтыру.

3. Білімін жан-жақты тексеру және үй тапсырмасын тексеру

Ендеше, бугін сабақта 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.

«Алғырлар» «Тапқырлар»

Бірі бәрі үшін, Жеңіске біз жетеміз,

Бәрі бірі үшін. Азамат боп өсеміз.



. - Бүгін біз Астана қаласындағы өте тамаша ғимарат «Бәйтерекке» саяхат жасайық. Оның сатыларындағы тапсырмаларды орындау арқылы ғана жоғары көтерілеміз.

Басқыштар жай емес, сиқырлы әр басқышта кім тапсырмаларды жақсы орындап отырса біз оларға геом. Фигураларды беріп отырамыз. Сабақтың соңында, қай топ көбірек жинаса сол топ жеңеді. Және мына туға ие болады.



  1. Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.-Жеке бір сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің дара мүшесі болады.(Марал мектепке келді )

  2. Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не?Мысал келтір.-Екі немесе оданда көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі болады. (Марал мектепке келе жатыр)

  3. 44 - жаттығу

  4. Операциялық кезең «Ой ашу» Жаңа тақырыппен танысамыз.

Бірыңғай мүшелерді түсіндіру үшін, күнделікті өмірде кездесіп, пайдаланып жүрген нақты заттардың төңірегінде әңгіме жүргізу.

Мысалы, бір оқушы партасының үстіне оқу құралдарын жайып қояды. Оқушының дәптерін , кітабын, қаламын, қарындашын көрсетіп, бұл заттардың бәрі Айымдікі екені аңғартылады. Содан кейін оқушылар

Айымда кітап, дәптер, қалам, қарындаш, бар деген сөйлем құрастырылады. Бұл сөйлемнің ішінде 4 сөз бірдей сұраққа жауап береді. Не? Сұрағына жауап беріп, бастауыш болыптұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан олардың сыртқы тұлғалары да, бірдей болып келеді. Бір сұраққа жауап беретін сөздердің орнын ауыстырып, қолдана беретіндігі аңғартылады.



  1. Жаңа сабақты бекіту. Берілген мысалдарға дәлел айтады.

Күтілетін жауап: Мысал - Дәлел

Біз табиғатты қорғаймыз. (Дара сөйлем мүшесінен құралған сөйлем.)

Біз орманды, көлді, өзенді қорғаймыз.

(Сөйлемде сөздер бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бірыңғай мүшесі болып тұр. Және сөйлемнің бір мүшесімен байланысып тұр.)

Өз пікірін айтуға төселдіру - 51-жаттығу



  1. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру - жаттығулар орындау

48 - жаттығу

1.Орманда қайың, тал, терек өседі.



қайың

Орманда не өседі? тал

терек



2.Ол сенен оқысын үйренсін.

оқысын

Ол не істесін?

үйренсін



3. Біз табиғатты, ауаны, қоршаған ортаны қорғаймыз.

табиғатты

Біз нені қорғаймыз? ауаны

қоршаған ортаны

  1. Сергіту сәті

Кәне қанат жазайық

Қарлығашқа ұқсайық

Ұшып - ұшып алайық

Орнымызға қонайық

I-топ 49-жаттығу Мәтінді көшіріп жазу, бірыңғай мүшелерді табу. Бірыңғай мүшелер сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын табу.

Түйе сүтінен әр түрлі тағамдар жасалады. Одан құрт, май, ірімшік әзірленеді. Шұбаты әрі сусын, әрі тамақ. Әсіресе, емдік қасиеті күшті.

II-топ 52-жаттығу Көшіріп жазу, мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, оларды тыныс белгілермен толықтыру, олардың қай сөзбен байланысқанын табу

Қазақстанның таулары

Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар және Іле Алатауы бар. Тау биіктеген сайын ауа мөлдір таза болады. Алтай өсімдіктері әр түрлі болады. Биік тауларда қар жатады. Таудан мөлдір бұлақтар ағады. Іле Алатауында жабайы алма, өрік ағаштары қайың өседі.

8. Бекіту

8.1. «Адасқан әріптер»

8.2. «Қызықты математика»

Картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ қосылғыштар. Қосқанында не

болады? Көкөністер болады.

Қосындысында мектеп сыныбы. Қосылғыштарды тап.

Орындық, үстел, шкаф, диван қосылғыштар. Қосындысында үй жиҺаздары.

Бірыңғай сөйлем мүшелерді айтқызу

9. Қорытындылау 1. Ой қорыту:

- Сабақта нені өттік?( Сөйлемнің бірыңғай мүшелері)

- Сабақтың мақсатына жеттікпе?

- Бірыңғай сөйлем мүшелері деген не?(Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп,бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін айтады)

- Оның өзіндік қандай ерекшеліктері бар?( бәрі бір сөз табынан болады)

Геомет. фигураларды санау арқылы қай топ жеңгенін аңықтау. Туды тапсыру.

2. Кері байланыс

Аспан көгіндегі күн болсаңдар, адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер? Сол жылы сөздерді күншуақтарына жазыңдар. Күтілетін жауап: мейірімділік, жылулық, жарқындық, сұлулық, сергектік, кішілік, кісілік.т. б.

10. Үй тапсырмасы:

11. Бағалау: Мадақтау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал