7


  • Учителю
  • Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 14.04.2015

Мектеп: №8 мектеп

Пән: әдебиеттік оқу

Сынып: 2 А

Мұғалім: Кенжебаева Ж.Ә.

Әдіскер: Жахметова Б.К.

Практикант: Серік Балжан

Сабақтың тақырыбы: Кеңес Одағының Батыры

Мәншүк Маметова

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігі,Мәншүк Мәметованың ерлік істерімен таныстыру.Өлеңнің мазмұнын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың қазақтың батыр қыздарының ерлігіне қызығушылығын тудыру,өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге жетелеу,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды,елді жаудан қорғаған,елі үшін ерлік көрсеткен азаматтардв құрмттеуге,туған жерін сүюге,Отан үшін отқа түсетін елжанды,ел азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:көрнекілік,сұрақ-жауап,ой қозғау,Венн диаграммасы.

Көрнекілігі:Мәншүк Мәметованың,Әлия Молдағұлованың суреттері,интерактивті тақта.т.б.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме балалар!

- Отырыңдар!

- Менің атым Серік Балжан Бақытжанқызы болады, мен бүгін сендерге әдебиеттік оқу сабағынан беремін.

Психологиялық дайындық.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


II.Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар,үйге қандай тапсырма берілді?

-«Құлын мінген бала» мәтінін түсініп оқып келу.

-Құлын мінген бала кім екен?

-Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы.

Оқушылар мәтіннен түсінгендерін айтады.

Батыр сөзінің мағынасын ашу.


Зор денелі Елін сүйеді Жерін сүйеді


БАТЫР

Қаруы бар

Тұлпары бар Жаудан қорғайды


-Қазақтың қандай батырларын білеміз?

-Қабанбай ,Бөгенбай,Наурызбай,Бауыржан.т.б.


III.Жаңа сабақ.

-Балалар,бүгін біз Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова туралы көбірек білетін боламыз.

-Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталғанын өткен сабақтардан білеміз.Енді осы соғыстың батыр қызы Мәншүк Мәметованың өмірі туралы айтқым келеді.

Мәншүк 1922 жылы Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келген.Ерте ата -анасынан айырылып ,Алматыда тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленген.

Шын аты Мәнсия.Анасы еркелетіп Моншақ деп атаған екен.

Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк медецина иститутында оқып жүрген.1942 жылы небәрі 19 жасында өзі сұранып майданға аттанады.Ұрыста ол пулеметші болды.

А. «Гүл» өлеңінің авторы туралы түсінік беру.

Б.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

В.Сөздік жұмысы

Г.Өлеңді оқушыларға оқыту.

Атыс толасында-атыс тоқтаған кезде.

Таптатпауға -аяққа бастырмауға.

178-жаттығумен жұмыс.


IV.Поэзия минуты.Оқушылар Мәншүк туралы тақпақтар оқиды.

Отан үшін отқада түскен ерлер,

Бәріңізде қымбатсыздар біздерге,

Қадірлейміз құрметті арагерлер,

Сұм соғыстан аман-есен қайтқан ерлер,

Алия мен Мәншүгім екеуі бір жұлдызым,

Қос қанатты жұлдызым,

Пәк жанатты құндызым,

Осылардың барлығын,қастерлейік жан нұрын


V.Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаз асауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


VI.Сөз ойлап тап.Батыр аттары.

1.М,К,Ә,І,Л

2.Т,Л,Ғ,А,А,Т

3.Л,И,Ә,Я

4.Б,Г,Е,Н,Ө,А,ЙБ

5.Ә,М,Н,Ү,Ш,К


VII.Батырлық,ерлік туралы мақал-мәтелдер.

Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас.


Батырды жауда, шешенді дауда сына.


Батырдан - сауға,

Аңшыдан - сыралғы.


Ердің құны - жүз түйе,

Көздің құны - елу тайлақ.


Батыр болсаң - жауыңа найзаң тисін,

Бай болсаң - еліңе пайдаң тисін.


Мерген қорғаныста тіреніш,

Шабуылда сүйеніш.


Мергеннің көзі де мерген,

Қолы да мерген.


Еліңді сүйсең ерлік істейсің.


VIII.Мәншүктің майданда анасына жазған хатын оқу.

«Қымбатты әпкетай ,сізді түсімде көрдім.Жалпы кәзіргі өміріміз көңілді.Фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз.

Жеңіспен оралған соң айтатын нәрселер көп-ақ.Қолыңызды қатты құшып сүйемін.

Қызыңыз Мәншүк.»

Бірақ,Мәншүк оралған жоқ.Мәншүк Мәметова 1943жылы16 қарашада орыстың көне қаласы Невель түбінде ерлікпен қаза тапты.

1944 жылы 1наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағын берді.

«Ер есімі ,ел есінде» диафильмін көрсету


IX.Сабақты қорытындылау.

-Сонымен ,балалар Мәншүк тірі болса қазір қандай болар еді,кім болар еді ,қалай ойлайсыңдар?

-Сендер өскенде кім боласыңдар,еліңізге,Отаныңызға қандай қызмет етер едіңдер?

Оқушылардың ойы тыңдалады.

Отанына адал қызмет еткен, Отаны үшін, елі үшін өмірін қиған батырларымызды ешкім,ешқашан ұмытпайды.

Оның ісін ары қарай жалғастыру мына отырған сендерге жүктеледі.Ол-Отанды сүю, көркейту, қорғау


X.Үйге:өлеңді жаттап келу.

Баға:

Әдіскер:

Мұғалім:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал