7


'ҚОш бол құтты әліппем!'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырып: «Қош , бол құтты әліппем!»

Мақсаты: Білімнің сара жолы Әліппеден басталатынын, білімнің кең дүние өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, саналы, тәрбиелі болуға жетелеу.

Ертеңгіліктің барысы:(мерекелік көңілді музыка ойнап тұрады) Залға балалар кіреді.

Мен: Армысыздар, аналар!

Бармысыңдар, балалар!

Сөзіме құлақ салыңдар!

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі би, ән жырлар!

Айсұлу: Сәлеметсіздер ме, бүгінгі салтанатқа жиылып отырған көп қауым!

Жиылып отыруымызға себеп кеше ғана оңы мен солын танымаған «А» ны әріп деп білмеген ойын балалары төрт ай ішінде сауаттанып, хат танып өздері оқып, жаза білер халге жетті, кеше ғана дәптер деген нәрсені шималай ғана білетін кішкене бүлдіршіндер, бүгінгі күн дәптер жолымен түзу, әдемі етіп жаза алатын болып, сіздерді ата аналарын мынадай салтанатқа шақырып отыр.


М-м: Міне, «Қош, бол құтты әліппем!» атты ертеңгілікті қоюдың басты мақсаты сол жетістіктерді сіздермен бөлісу. Осы жетістіктерге олар алғаш қолдарына ұстаған кітаптары «Әліппе» арқылы жетіп отыр. Әліппе білім бастауы. «Қош, бол құтты әліппе!» салтанатын ашық деп жариялаймын.

Нұржігіт: Күннің нұры шуақты

Сергітеді денемді

Құрдастарым сияқты

Оқушымын мен енді


1 «З» оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық


М-м: Өсті міне ойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсың тойларың!

Қазақ биі:


Ән:

Аружан: Әліппе менің, әліппем,

Білімнің аштым есігін.

Ақ ниет тілеп жолыма

Жазылды тұңғыш есімім



1«З» Әліппем менің, әліппем

Сені қолға алып мен ,

Есігін аштым мектептің

«А» деген бастап әріптен



Ән:

М-м: Балалар қазақ тілінде неше әріп бар?

Хор: «42 әріп бар»

Алфавитті біліңдер

Мұнда жүйе қалып бар

Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар»

М-м: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жұмбақ шешуін тауып сөз құрастыра ғойыңдар

«қуыршақтар биі»

1«З» Адам аузын ашқалы,

«А» дан сөзін бастады.

Ата, ана, ақыл ар

«А» мен айы, аспаны.

Ана тілмен сусындар

Қазағымның жастары.

Ерхан: Самғады аспанға

Ер Талғат ағамыз.

Күні ертең біздер де

Ғарышкер боламыз.

1«З» Достық пен бейбітшілік

Болсын деймін әр елде.

Дімұхамед атамдай

Ел басқарам өскенде

Жандос Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым ағасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Ән:

1«З» Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің әліппем

Ақылдысыз мұғалім

М-м: Дұрыс, «Әліппе» сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не деу

керек?

Хор: Бізге оқу үйреткен,

Бар уақыты бірге өткен

Әліппеге рахмет!

Альнура: Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

1«З» Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдаттып сөйлеттің

Хор: Қош бол, құтты Әліппе!

Ән:

Нұртөре: Білім алып мектепте,

Талай пәнді оқимыз

Мұғалімнің айтқанын

Зердемізге тоқимыз

Нұрдәулет: Тәрбиесі жақсы игі,

Аяулы менің мектебім.

Шәкірт деп соққан жүрегі

Ұстаздарым көп менің

Нариман: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны әліппе

Ән:

М-м: Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым,

Өзі жазып, оқитын халге жетті

Құтты болсын білімі балалардың

Айсұлу Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын!

Білімдерін ары қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»



Астана қаласы

Сынып: 1 «Ә»

Мұғалім:Капатаева Кымбат Капатаевна









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал