7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен тізбектелген сабақтардың рефлексиясы

Қазақ тілі пәнінен тізбектелген сабақтардың рефлексиясы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі пәнінен тізбектелген сабақтардың рефлексиясы

3 «В» сынып

Мұғалімі: А. Б. Кыздарбекова

Тізбектелген сабақтардың өтілуі көңілімнен шықты деп ойлаймын. Өйткені алдыма қойған мақсаттарыма жеттім.

Сабақтардың күшті жақтары мынадай:

1.«Кубизм» стратегиясы бойынша қойылған жіңішке де жуан сұрақтарыма оқушылар дәлелдеп жауап бере алды. Бұл сабақтарда оқушының әрқайсысы жауабын еркін дәлелдеп жауап бере алды және мысалдар келтіре білді.

2. Жаңа тақырыптарды өткен білімдеріне сүйеніп оқушылардың өзілері түсіндіріп бере алды. Мен тек қана алған білімдеріне сүйеніп мәселені шешуге шақырдым, бағытталған сұрақтардың көмегімен оқушылар сөйлемдерді талдау барысында тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді тауып, олардың маңыздылығын түсіндіріп берді; тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер туралы тұжырымдама жасады.

3. Оқушылар топтың ішінде жұмыс жасап, қорытынды презентацияны дайындап, оны қорғай білді.

4. Әр сабақтың соңында оқушыларға тестік тапсырмалар берілді. Бұл тестерді жай ғана шешіп қоймай, оқушылар дескрипторларға сүйеніп өзілерін бағалады. Бұл кезең сәтті өтті деп ойлаймын, өйткені оқушылар осы жұмысты күнделікті сабақта жүргізгедіктен, бір-бірін және өзілерін әділ бағалауға шыныққан. Оқушының әрқайсысы өткен тақырыпты қаншалықты түсінгенін біліп отырды.

5. Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс жүргізілді. Олар сабақ бойы көшбасшының рөлін атқарды. Топтық жұмыс барысында топтың әр мүшесінің жұмысын ұтымды бағыттай білді, қабілеті төмен оқушыларға қамқорлықпен қарай білді, білмегендерін түсіндіре білді. Топтың әр мүшесінің жұмысын бағалап отырды. Сондықтан бес топтың бәрі өз жұмыстарын белсенді атқарды.

6. Қабілеті төмен оқушылар да сабақ бойы қатысуға тура келді, өйткені олардың жұмыстарын көшбасшылар және топтың мүшелері де қадағалап қана қоймай, қиналған жағдайда тез түсіндіріп, көмектесіп; бойларына сенім ұялатып, қорқыныш сезімдерінен мүлдем арылды.

Сабақтың әлсіз жақтары:

1. Сабақтардың соңында 2-3 минут уақытым жетпей қалған жағдайлар болды. Неліктен? Менің оқушыларым көбінесе орыс тілінде сөйлеген оқушылар. Бірінші сыныпқа келгенде өз ойын жеткізбек түгілі, қарапайым қазақтың сөздерін түсіне алмайтын, сондықтан оқу процесінде көптеген қиындықтар туындады. Ең бірінші мәселе тілге тірелгендіктен әдістемелік тақырыбымды «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту»деп өзгертуге мәжбүр болдым, сондықтан уақытты мен оқушылардың жеке ойына, оны еркін және сауатты жеткізуіне, дәлелдеуіне аямай арнаймын. Сабақтарда әр оқушының сөйлегенің қалаймын. Бірақ бұл менің кемшілігім деп санамаймын, егер мен әр балаға көңіл бөліп, оны өз туған тілінде сөйлете алсам, әр оқушымның өзінің жеке пікірі болып жатса және ол оны дәлелдей алса, бұның бәрі менің тек қана жетістігім болады, деп ойлаймын.

2. Бірінші сабақтың рефлексиясында сәл ғана уақыт «Синквейнге» жетпей қалды, сондықтан бес жолды өлеңмен мен өзім таныстыра кеттім. Келесі тізбектелген сабақтарда «Синквейн» әдісімен өлеңді оқушыларым өзілері құрастырды.

Қорытынды:

Іс-әрекетті зерттеу жұмысын мен әрине әрі қарай жалғастырамын. Егер мен осы жұмысты жүйелі өткізіп отырсам, оқушыларым қандай нәтижеге жететіні менің өзіме өте қызықты. Қазіргі уақытта мен осы жұмыстың тек қана күшті жақтарын байқап отырмын, менің оқушыларым өз ойларын, қате болса да айтуға қорықпайды, жеткізуге тырысады, ойланып сөйлейтін болды. Сыныптағы оқушылар бірін-бірі тыңдап, бірігіп топтың ішінде де жұмыс жасауға үйренді. Мен және менің оқушыларым үшін бұл үлкен жетістік деп ойлаймын.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал