- Учителю
- Конспект урока по математике на тему 'Өткенді пысықтау' (3 класс)
Конспект урока по математике на тему 'Өткенді пысықтау' (3 класс)
1.Абуева Райса Турлыбековна
2.31.03.1974
3.С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия
4.Бастауыш сынып мұғалімі
5.Педагогикалық өтілі -17 жыл.
6.Осы мамандықтағы өтілі - 17 жыл
7.Жоғары Академия «Көкше» 2013ж.
8. І санатты, ІІІ базалық деңгей бастауыш сынып мұғалімі
Математика
Күні : 29.10.15.
Кабинет:56
Абуева Р.Т.
Сабақтың тақырыбы:
Өткенді пысықтау.
Сілтеме
Математика оқулығының әдістемесі
Сабақтың көрнекілігі:
Үлестірмелі парақшалар, стикер, маркер, кеспелер,желім, А3 қағазы, компьютер, үнтаспа.
Жалпы мақсаты:
- 6 және 7 сандарымен көбейту кестелерін және сәйкес бөлу жағдайларын қолдану дағдыларын пысықтау.
- Санның тізбекте ретпен орналасуын және қатарлас санның орналасуын үйренеді.
- 6 бен 7 сандарына көбейту кестесін қолдануды үйренеді .
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтау.
Көрнекілігі: тапсырмалар, кеспелер.
Күтілетін нәтижесі:
Топқа бөлу
Сыныпты стикер түстеріне қарай төрт топқа бөлу. «Өз атыңды тап.»
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Әрбір адам - досым, сыныптасым,
Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық,
Әрбір сабақ - үйрену, оқу, іздену.
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.
Үй тапсырмасын сұрау
Басшыны тағайындау.
Топ ережесін еске түсіру, әр тапсырмадан кім орындап болса сол топ қолдарын біріктіріп көрсетуді ескерту.
№ 1 ді өткенді пысықтау мақсатында «Қатесін тап» топтар жарыса орындайды.
(8 минут)
1 топ 2 топ 3топ 4 топ 5топ
6*2=13 9*4=36 6*5=29 42/6=7 0/6=6
9*9=81 6*7=41 0*9=0 54/6=8 7*8=56
7*0=7 0*6=6 7*2=11 8*1=1 24/8=4
7*2=15 8*5=39 4*4=16 3*5=15 1*1=1
6*8=48 6*1=6 4*5=19 6*4=23 5*5=20
50/50=1 8/1=1 7/7=1 0*0=0 20/20=1
Бағалау: Формативті (топтар бір- бірін бағалайды) Бағдаршам әдісі.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Жаңа сабақ
Дәптерге күн мен көркем жазуды жазу, 241
№ 2 ні түсті кеспелер арқылы жапсырмалау.
(5 мин)
№ 3 ті өздік жұмыс ретінде топ басшысы мен мұғалім қадағалайды,кесіндіні сызу. (5 мин)
№ 4 а мен ә- ні ауызша айтулары.б - ны бір оқушы тақтада орындайды қалғандары орындарында.
Топтар өрнектерді құрастырып,мәнін табады
1 топ 6*7+5*9=96 5*9-8*4=13
2 топ 9*6+5*9=99 6*7-4*5=22
3 топ 8*8+4*5=84 8*6-5*9=3
4 топ 5*9+4*5=65 9*6-8*6=6
5 топ 9*6+4*5=64 6*7+4*5= 62
а) 20/5= 4 см АС
ә) 18/3 = 6см ОК кесінділер сызу.
б) 12/2 = 6см NM
б- (15/3) +15= 20 барлығы. (5 мин)
Сергіту сәті
Ән айту «Жан досым»
( 2 мин)
Ән айтады.
Ой толғаныс
Функционалды сауаттылыққа (өмірмен байланыс) тапсырма.
Топтарға дайындалуға
(5 минут)
Қорғауға (3 минут)
№ 7 Теңдеулерді шеш:топта талдап алулары.
Әр топтан бір оқушы тақтада орындайды.
(5 минут)
1 топқа: Сенің отбасыңда 4 адам бар. Бақшадан 3 шелек алма жинап алдыңдар,әр шелек 10 кг нан.Ал көршіңде бақшасы жоқ анасы мен баласы ғана тұрады.Сенің көмек бергің келеме? Қалай бөлісер едің?
2 топқа : Сыныпқа жаңадан оқушы келді.Ол асханаға барғанда ақшасы жетпей қалды.Ал сенде 200 тг бар,өзің де тамақтану керек, Не істер едің?
3 топқа: Бүгін математика сабағында 8,9 дың көбейту кестесін өттің.Үйге барғанда апаң,атаң,інің,қарындасың болды.Әке-шешең әлі жұмыста.Сен кіммен бөлісер едің, не жайында айтар едің?
4 топқа:Бағдаршамнан өтерде қарт ата жаныңда тұрды.1-15 КЕ дейінгі санау бойынша бағдаршам жнады.Дәл өтерде жасыл жанғанда қарт атаның сөмкесіндегі алмасы шашылып қалды.Не істер едің?
5 топқа: Анаң сені дүкенге жіберді.Саған 300тг берді:нан,сүт ал деді.Сүт қанша тұрады? Нан қанша тұрады? Қанша ақшаң қалады?
Формативті бағалау: Бас бармақ әдісі.
1 топқа: Сәуледе 48 дәптер болды, ол бірнеше күнде 6 дәптерден пайдаланған соң 6 дәптері қалды.Неше күн пайдаланды? 48/х=6
2 топқа: Асан 9 сағыздан 6 жолдасына берді.Асанда барлығы неше сағыз болды? х/9=6
3 топқа: Айгүлде 68 шар болды,ол бірнешеуін жарып алды.45 шары қалды ,неше шарды жарып алды? 68-х=45
4 топқа: Ағаштың 45 жапырағы түсіп қалған соң 37 жапырағы қалды.Ағашта неше жапырақ болды? Х-45=37
5 топқа: Анасы баласына бірнеше рет 8 дәптерден әперді.Баласында 32 дәптер болды. Анасы неше рет әперді? Х*8=32
Үй тапсырмасы
№ 5 82 -бетте
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Жалпы жұмыстары қорытындылады,мадақтау.
Топ басшысы толтырады, айтады.
(5 минут)
Кері байланыс
Табыс баспалдағы
Оқушылар стикерлерге өз аттарын жазып жапсырады(.2 минут)