7


  • Учителю
  • Білім күніне арналған тәрбие сағаты 'Менің Отаным - Қазақстан' /4-сынып

Білім күніне арналған тәрбие сағаты 'Менің Отаным - Қазақстан' /4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан!»

Сабақтың мақсаты:

  • білімділік - оқушылардың білім деңгейін көтеру;

  • дамытушылық - сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

  • тәрбиелік - Отанды сүюге баулу, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, лента, кесте.

Сабақтың барысы:

Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Сіздерді бүгінгі білім күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, бастарыңызға байлық, балаларыңыз еліміздің білімді, тәрбиелі азаматы болуға тілектеспін! Балаларымыз жан-жақты дамыған, үлгілі, ертеңгі болашаққа зор сеніммен қарайтын азамат болсын деп тілеймін!


1. Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып.

Киіз үй боп көрінер.


II - Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің

Отанымыз қалай аталады?

- Қазақстан.

- Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі.


Кластер құрастыру




Әр оқушы бір-бір сөйлем құрайды.

III - Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.

Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным - Қазақстан!» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізуге тырысайық.

IV Мәтінмен жұмыс:

Қазақстан - біздің Отанымыз

Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да кездеседі. Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі.

Мәтін бойынша сұрақтар қойылады:

1. Қазақстан Республиксы қай құрлықта орналасқан?
2. Қазақстанның жері қандай?
3. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
4. Мәтінді қысқаша мазмұндау, оқушылардың түсінгендерін тыңдау.


V Сергіту сәті

«Елім менің» өлеңінің бір шумағын тыңдау.


VI Грамматикалық тапсырмалар орындау


1. Тапсырма. «Ойлан, тап!»

«Атамекен» сөзіне синоним сөзді тауып айт.

2. Тапсырма. Дәптермен жұмыс. Төменде берілген мақал - мәтелдердің екінші сыңарын тауып жаз.

Ел іші - ........
Отансыз адам - ......
Отан - оттан да .....
Отан отбасынан ......

Керекті сөздер: ормансыз бұлбұл, басталады, алтын бесік, ыстық.



3. Тапсырма. Бос орынға керекті сөзді қой.

Қазақстан Республикасы ...... орналасқан.

Н.Ә.Назарбаев ...... Президенті.

Қазақстанның табиғаты .....


VII. Әдеби монтаж.

Махамбет

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Дильназ О

Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті - оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Сымбат

30 тамыз күні 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституция - Ата Заңымыз қабылданған күн. Ата Заңымыз 98 баптан тұрады. Әр баланың, адамдардың құқығы қорғалады.


Малика

Ата Заңым - бабалардың лебізі,

Ата Заңым - барлық заңның негізі.

Арқа сүйер Ата заңда адамды,

Артық санау кемсітудің жоқ ізі.

Ата Заңым мемлекет айбыны,

Ата Заңым асыл ойдың айдыны.

Туған жердің - Қазақстан елінің,

Ата Заңмен қорғалады байлығы.


Дильназ Р.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең-байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.


Дана

Конституция - еліміздің басты құжаты. Бұл біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз жайлы парасатты кітап. Конституцияны мұқият оқып үйренген жөн.Өйткені онда жазылған заң талаптарын күн сайын қолданып отырамыз.


VII. Сабақты бекіту, қорытындылау

- Осында отырған қонақтарымызды келе жатқан мерекемен құттықтап, өз тілектеріңді жазыңдар.

Балардың жазған тілектері тыңдалады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал