7


  • Учителю
  • 'Тақырыбы. ӨСімдіктердің Қызыл кітабы. '

'Тақырыбы. ӨСімдіктердің Қызыл кітабы. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Класс : 2 «А»

Пәні : ДҮНИЕТАНУ

Тақырыбы: Өсімдіктердің «Қызыл кітабы»

Сабақтың мақсаттары: 1.Білімділік:Оқушыларға өсімдіктердің «Қызыл кітабы» туралы түсінік, мағлұматтар беру;

2.Дамытушылық:Оқушылардың сабаққа дегенқызығушылықтарын, есте сақтау қабілеттерінарттыру;

3.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оның байлығы мен берекелі тіршілігін қорғауға. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,жұмбақтар.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың дайындығын қадағалау.

2.Сабаққа назарын аудару.

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғаймыз

Біз тәртіпті баламыз.

ІІ.Топқа бөлу .Топ ережесін қайталау

-Балалар алдарыңызда жатқан өсімдіктердің түрлеріне байланысты суреттерді таңдап алып топқа бөлінеміз

1-топ ағаштар

2-топ гүлдер

3-топ бұталар

4-топ жемістер

5- топ дәндер

ІІІ. Бақылау күнделігімен жұмыс

Ауа райын жазу

ІV.Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар үйге қандай тапсырма берілді ?

-Өсімдіктердің көбеюі.

Әр топтан бір оқушыдан сұрап шығу

-Өсімдіктердің тіршілік ету мерзіміне қарай нешеге бөлінеді?

-Бір жылдық өсімдіктерді атайықшы?

- Екі жылдық өсімдіктерді ата?

- Көп жылдық өсімдіктерді ата?

Көбею-барлық тірі табиғатқа тән қасиет.Тұқым арқылы дәнді дақылдар мен гүлдерді көбейтіп, өсіруге болады.

Сабақты бекіту :интерактивті тақта арқылы орындалады

V.Жаңа сабақ

1.Кіріспе

-Балалар қазір сіздермен бірге бейнефильм тамашалаймыз.Мұқият қарап отырамыз

Қазақстанның далалық жерлері фильм көру .Өсімдіктер туралы



-Осы бейнекөрініс туралы не айта аласыңдар ?

-Бұл бейнекөріністен біз өсімдіктерді көрдік.

-Қандай өсімдіктерді көрдік?

-Ағаштар,шөптер ,гүлдер

-Жақсы балалар сіздерге таныс қандай гүлді көрдік?

-Қызғалдақ гүлін .

-Қызғалдақтар қандай түсті болады?

-Қызғалдақтар қызыл түсті және әртүрлі болады.

-Күнделікті өмірде қызыл түсті қандай заттарды көріп жүрміз ?

-Бағдаршам, өрт сөндіруші машиналар , от.

-Бұл заттардағы қызыл түс нені білдіреді ?

-Дабыл,қауіпті білдіреді .

-Балалар мынау не ?

-Бұл кітап .

-Ол қандай түсті ?

-Бұл қызыл кітап .

-Балалар бұл жай кітап емес ,бұл қызыл кітап .

-Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

-Өсімдіктердің қызыл кітабы.

Қызыл кітап туралы мәлімет беру

Мұқабасы қызыл түсті

-Қазақстан Республикасының қызыл кітабы 1978 жылы шығарыла бастаған .

Қызыл кітаптың беттерінің түстеріне тоқталып кету

- Қызыл түс қауіп, сақтанудың белгісі.

- Қызыл кітап не үшін керек деп ойлайсың? (Оқушылардың жауабы тыңдалады).

- Қызыл кітап - қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.

«Қызыл кітап» деген сөз тіркесі ғылымға 1966 жылдан бастап енді. Осындағы «қызыл» деген сөз «қауіп төніп тұр» деген адамзат баласына ескерту ұғымын білдіреді. «Қызыл кітаптарға» жер бетінде жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері тіркеліп, ондай түрлерді сақтап қалудың және қорғаудың қажеттігі ерекше атап көрсетіледі. Әрбір «Қызыл кітап» шығарылу дәрежесіне сәйкес ең қажетті мемлекеттік құжат болып саналады.

-Қызыл кітапты не үшін шығарған ?Не үшін керек?

2.Оқулықпен жұмыс

Жаңа тақырыпта берілген мәтінді әр топтан бір оқушыға оқыту

Ал,сіздер балар оқыған тақырып сізге таныс болса, дөңгелекпен белгілейміз,таныс емес білмедім десеңіздер леп белгісін қоямыз .



VI.Сергіту сәті

Құстар сергіту сәтін өткізу

VII.Топтарға тапсырма

1-топ Қызыл кітап деген не ?

2-топ Өсімдіктерді қорғау

3-топ Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

4-топ Өсімдік болмаса не болады ?

5- топ 5 жолды өлең

Әуен қосып қою



VIII.Топпен жұмыс.

Әр топ өз жұмысын қорғайды .

Мұғалім:

Оқушылар өсімдіктерді қорғау ережелерін атап шығады.

1.Көгалды жерлерді таптамау.

2.Өсіп тұрған ағашты,жас талды сындырмау.

3.Жеміс ағаштарының түбін әктеу.

4.Өсіп тұрған ағаштың қураған бөлігін кесіп, кескен жерін сылау.

5.Орманда,бақта қоқыс тастамау.

IX.Сабақты қорыту.

- Балалар, бүгін біз қандай тақырып өттік?

- «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді кім маған атап береді?

X.Үй тапсырмасын беру. Өсімдіктердің «Қызыл кітабы» мазмұндау.Өз Қызыл кітабын жасау

74-76бет.

XII.Бағалау. әр жауап берген оқушыға гүлдің ,жапырақтың сабақтың суреттерін беру арқылы бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал