7


  • Учителю
  • План урока по математике 3 класс

План урока по математике 3 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Математика. Өткенді қайталау

Тақырып: 1000 - ға дейінгі сандар нумерациясы

1 сабақ - 45 минут

Сынып: 3

Технологиялар: топтық жұмыс, АКТ, диалогтік оқыту, ойын технологиясы


2012 жылдың 10 мамырдың 3сыныпта математика пәнінен «1000 көлемінде сандар нумерациясы » атты тақырыпқа өткізілген сабақтың жоспары


Сыныпқа мінездеме. 3 «А» сыныбында 11 оқушы оқиды, олардың 6 қыз бала, 5 ұл бала. Бұл сыныпта мен бірінші сыныптан бастап жұмыс атқарып жүрмін. Математика сабағында оқушылар қызығушылық танытады. Сабақта белсенділік танытатын оқушылар Азатқызы А., Ахтанова Ш., Жанұзақова Ж., Сағиева С., Оралбеков М., ал белсендік танытпайтын оқушылардың бірі Төлеуханов Ә., Түсіпхан М., Амирбай М. олар денсаулық жағдайына байланысты сабақтан көп қалады.

Бұл сабақ- жыл көлемінде қайталау тарауына кіреді. Мақсаты міндетті деңгейге сәйкес оқулық материал курсын меңгеру. Пайдаланған технология: «Ойын технологиясының» элементтері, «Сыни Ойлау технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», « Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау », «білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер», «Оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес білім беру және оқыту».

Мақсаты: 1000 көлемінде сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу алуы; өлшем бірліктеріне өрнектеу, санды өрнек құру, оқу, жазу және мәнін табу, есептерді шығара білуі, оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету. Оқудың нәтижесі: 1000 көлеміндегі сандар мен амалдардың қолданылуында сауатты есептеу; Есептерді шығару дағдыларын жетілдіру. Сабақ тәсілдері: топтық жұмыс, диалогтік оқыту, СТо стратегиялары.

Жұмыс бағыттайтын ұйымдастыру кезеңі тез өтті, өйткені сынып алдын ала тығыз жұмыс туралы ескертілген, ал ол уақыт үнемділігіне тиімді. Сынып екі топқа бөліеген: шаршылар тобы, жұлдыздар тобы. Әр оқушыда бағалау парағы берілген. Тапсырма орындаған сайын оқушылар өз - өзін бағалап отырды.

Сабақ үш негізгі кезеңнен тұрды. Қызығушылығын ояту кезеңінде оқушыларға ауызша есептеу тапсырмасы берілді. Бұл тапсырмада оқушылар көбейту мен бөлуге амалдарды қолданды. Мағынаны ашу кезеңінде оқушылар «балық аулау», «топ-топ»ойындары өткізілді. Және де оқушыларға проблемалық есеп берілді. Оқушылар топта бір бірімен ақылдасып, осы есептің шешуін табуға тырысты. Кері байланысты жүзеге асыру үшін сабақ бойынша ой қорытулары тыңдалды. (өз пікірлерін қағазға жазып, ортаға салды)

Сонымен сабақта алдында қойылған мақсаттарға жеттім деп ойлаймын. Оқушылар «1000 көлемінде сандар нумерациясы » тақырыбы бойынша теориялық білімдерін пратикада қолдана білді. Жеті модульден бес модульін қолдандым.

Осы сабақта оқушылар бір - бірін бағалайды. Бағалауда «Өзін- өзі бағалау» әдісі қолданылады. Әр топта топ басшысы сайланады. Топ басшысы әр тапсырма сайын жұлдызша-5, төртбұрыш-4, үшбұрыш-3 фигуралары арқылы бағалайды.


Сабақтың тақырыбы

1000 - ға дейінгі сандар нумерациясы


Сілтеме



Күнтізбелік жоспар 3 сынып

Жалпы мақсат

1000 көлемінде сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу алуы; өлшем бірліктеріне өрнектеу, санды өрнек құру, оқу, жазу және мәнін табу, есептерді шығара білуі, оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.


Оқу нәтижелері

1000 көлеміндегі сандар мен амалдардың қолданылуында сауатты есептеу;

Есептерді шығару дағдыларын жетілдіру

Негізгі идея

Оқушылардың жыл бойы 1000 - ға дейінгі сандарды пайдаланып әр түрлі есептерді есептей алатынын тексеру, Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.


Тапсырмалар

  • Ұйымдастыру (Психологиялық дайындық)

  • Ауызша есептеу. (Көбейту, бөлу ). Қызығушылығын ояту

  • Үй тапсырмасын тексеру

  • оқулық 171 бет № 2

  • «Балық аулау» ойыны

  • Сергіту сәті


Кейінгі тапсырмалар

«Топ- топ» ойыны. Тапсырма: Фигуралардың периметрін тап

«Тез ойла». Тапсырма: 1 топ центнер мен килограммен өрнекте

2 топ минут пен секундпен өрнекте

оқулық 172 бет № 7

Үй жұмысы

(оқулық 172 бет № 4. 8)

Мұғалімнің жазбалары:

әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, АКТ, диалогтік оқыту, АКТ

  1. Ұйымдастыру (Психологиялық дайындық) - 3 минут

Топққа бөлу (шаршылар бір топ, жұлдыз дар бір топ)


Шаттық шеңбері

  • Барлығымыз қосылып, өлеңімізді айтып жіберейік.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: 1000 - ға дейінгі сандар нумерациясы . Балалар бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыз?

Нумерация деген не?

Бүгінгі сабақта қандай есептер шығарамыз деп ойлайсыздар?


  1. Ауызша есептеу. (Көбейту, бөлу ). Қызығушылығын ояту - 5 минут:

300*4 70*4

40*5 800/2

250/5 720/8

900/3 320/8

60*6


  1. Тексеру 1 минут


  1. Үй тапсырмасын тексеру (2 минут)




  1. өлшем бірліктеріне өрнектеу. (оқулық 171 бет № 2) - 5 минут. Оқушылар орындап шығады.

Әр топтан 1 оқушыдан шығады, мысалдарын орындайды, қорғайды

875 см= .....м.....дм....см 2м5дмосм=....см

608 см= ......м......дм...см 7м3дм2см=....см

890см= ......м......дм...см 5дм1см=.....см

401см= ....м...дм...см 6дм8см=....см


  1. «Балық аулау» ойыны (5 минут)

Амалдарды орындау тәртібі

706-71*2

37*3+150*2

630 : (468-398)


  1. Сергіту сәті (2 минут)

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ


  1. «Топ- топ» ойыны. Тапсырма: Фигуралардың периметрін тап (5 минут)

9. «Тез ойла». Тапсырма: 1 топ центнер мен килограммен өрнекте (3 минут)

2 топ минут пен секундпен өрнекте

650 кг, 605 кг, 900 кг, 360 кг, 1 т, 887 кг

69 с, 120 с, 128с, 300с, 62 с, 660 с


  1. сөз есеп (7 минут)

Театрға бару үшін әр автобусқа 30 бала отырады деген есеппен, 4автобусқа тапсырыс берілді. Бірақ 1 автобус кем келді. әр автобусқа қанша баладан отырғызуға тура келді?


  1. Ребусты шеш.



  1. «Қоянға көмектесейік» ойыны


  1. Қорытындылау (3 минут)

Бағалау парағын мұғалімге тапсырма.

Кері байланыс: «Не үйрендім», «Не үйренгім келеді» . Балалар өз ойларын жазып плакатка жапсырды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал