7


В. С Сухомлинский. ' Ақ шаш'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: В.А Сухомлинский. Ақ шашСабақтың мақсаты:Білімділігі: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал – мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау; ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру.Дамытушылығы: Оқу дағдысы жетілдіру,тілдік қорын байыту. Шығ
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы

Қарақоңыр шағын жинақты бастауыш мектебі




Сабақтың тақырыбы: В.С Сухомлинский.

Ақ шаш

Сынып: 3-сынып

Сынып жетекшісі: Г.Қоңырбаева.



2014-2015 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: В.А Сухомлинский. Ақ шаш

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал - мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау; ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқу дағдысы жетілдіру,тілдік қорын байыту. Шығармашылық қабілетін дамыту

Тәрбиелігі: Ананы сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігіне арттыру, аналарды ардақтап,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, көрініс

Сабақтың көрнекілігі: гүлдің, күннің суреті, плакат,ақын - жазушылардың суреті.

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінің, назарын психологиялық жаттығулар орындату арқылы сабаққа аудару. «Алақан»

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.М.Шаханов «Достық өлкесінің заңы»

а)Үй тапсырмасын мәнерлеп оқыту.

ә)Сұрақ - жауап : Бала ақын нағашысының үйіне кімді ертіп апарды? Досы не істеді? Олар кімнен қорықты? Әжесінің мінезі қандай еді? Көзәйнекті сындырған кім еді, оны кім мойнына алды? Неге? Кім сыбыр етті, не деп? Балаларды жазалады ма? Неге жазаламады? Кім араша түсті?

б) достық, жолдастық туралы мақал- мәтелдер сұрау.Бағалау

ІІІ. Өткенді пысықтау: М. Шаханов кім? Қай жылы, қай жерде дүниеге келген? Өлең кімдер туралы екен? Досының істегені дұрыс па? Сен осы балалардың орнында болсаң не істер едің? Пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Сен анаңды абыржытасың ба? Сенің анаң қандай адам?

Ү. Жаңа сабақ:

Мұғалім сөзі: : Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны. Жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.

Мінеки балалар бүгінгі жаңа сабағымызда орыс жазушысы В.А Сухомлинский «Ақ шаш» әңгімесін танысамыз.

Орыс жазушысы Сухомлинский 1918 жылы 28 қыркүйекте Кировоградский обласында туған.Совет педагогы, СССР кандидаты,ССР Украиналық мектептің құрмет мұғалімі.

1970жылы 2 қыркүйекте дүние салған.

« Ақ шаш» мәтінін мәнерлеп оқып мазмұнын оқушыларға түсіндіру.Негізгі ойы Ана мен баланың мейірімі туралы айтылған.

Ана мен бала көрінісі( ата - анамен баланың қатысуымен)

Мұғалім сөзі: Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу- бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін - өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.

1.Кітаппен жұмыс.Мәтінді түсініп рөлге бөліп оқыту.

2.Сұрақ - жауап арқылы талқылау:Миша анасының басынан не тауып алды? Ол нешеу еді? Біраз күннен кейін ол нешеу болды? Анасы неге олай болды деп жауап берді? Миша неге үнсіз қалды? Мәтіннің негізгі ойы неде деп ойлайсың?

3.Анаға байланысты мақал - мәтелдер;

Дәптермен жұмыс: Топтық жұмыс

1- топ анасына арнап шығарма жазады;

2 -топ анасының суретін салады;

3-топ анасына арнап өлеңдер айтады;

6. Бекіту

-Ия балалар, ана бойындағы махаббат пен алып күшті еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Ана сияқты бала да өз анасын жақсы көреді.Сендер үшін дүниеде анадан қымбат, анадан артық ештеңе жоқ. Ана сендерді жарық дүниеге әкелді, түн ұйқысын төрт бөліп,ақ сүтін беріп, мәпелеп өсірді.Қай кезде болмасын қасымызда табылып, үнемі ақыл -кеңес айып отыртын осы сендердің аналарын. Сендердің болашақта білімді, тәрбиелі, үлкен азамат болғандарын қалайды.

Мұғалім сөзі: Ананың балаға деген мейірімі, махаббаты теңіздей терең , аспандай биік, оттай ыстық, күннің нұрындай шуақты, гүлдей әсем осылардың барлығын анамен байланысты.

Тақтамен жұмыс:

А



Н А

Гулдің жабылып тұрған шоғы мен күннің жабылып тұрған шуағын ашу керек. Сендер менін сұрақтарыма жауап беру арқылы.

1.А. Байтұрсынұлы кім?

2.А. Құнанбаевтың шын есімі?

3.Ы.Алтынсарин қандай оқу құралын жазды?

4. Ш.Уәлиханов қай жерде туылған?

Ал балалар қандай сөз шықты «Ана» .

«Ана» туралы ән.

Бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Мәтін кім туралы екен? Неге анасының шашы ағарды деп ойлайсың? Сендер аналарыңды солай уайымдатасыңдар ма?

Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам - анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

Үйге тапсырма:

Оқу әңгімелеу, мақал - мәтелдер жаттап келу.Бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал