- Учителю
- Урок Менің отбасым 3 класс
Урок Менің отбасым 3 класс
Сыныбы: 4 Пәні: қазақ тілі күні: Сабақтың тақырыбы: «Менің отбасым»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Менің отбасым» тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру, оларды жаттатып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрауды үйрету . Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызекі сөйлесуі дағдысын дамыту.Қазақ тілінде айтылған және жазылған сөздерді тыңдай білу,түсіну,оны өз тіліне аудара білу дағдыларын меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлауға,кішіге ізетпен қарауға , әдепті болуға баулу. Балалардың өздерінің жеке күн тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тарқатпа материалдар, слайдтар,грамматикалық сызба
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі : Кезекшімен сұқбат. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Бүгін нешесі? - Аптаның қай күні? - Бүгін ауа райы қандай? Үй тапсырмасын тексеріп өту
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сурет арқылы өткен сөздерді еске түсіріп, отбасы мүшелерін қазақ тілінде қалай атайтынымызды қайталау. Сұраққа жауап беру: Отбасы мүшелерін атап шық? Оқушылар өз тілінде барлық отбасы мүшелерін атайды.
Грамматикалық тақырып Жіктеу есімдіктерімен оқушыларды таныстыру. Жіктеу есімдіктерін өз тілінде салыстырып айтқыздыру. Қазақ тілінде жіктеу есімдіктерін қайталап, қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуына көңіл бөлу.
«Менің отбасым» мәтінін оқып, оқушылар өз отбасы туралы айтып береді.
Жаңа сөздермен жұмыс. Сөздер мен сөз тіркестерін қайталау.
Менің атам - мой дед сенің інің - твой брат
зейнеткер - пенсионер тату - дружный
Оқушылар сөйлемдер құрастырады.
Оқулықпен жұмыс. Берілген диалогты оқушылар парталас досымен бірге оқиды.
1. Оқушылар ауызекі сұрақтарға жауап береді. -Сенің апаң ( сіңлің, қарындасың ) бар ма? -Сенің ағаң ( інің ) бар ма? (жауаптарын аударып отырады)
2. Сөздерді буынға бөлу, жуан, жіңішке екенін анықтау
Сергіту сәті: Біз аяқпен топылдаймыз,
Біз қолмен шапалақтаймыз,
Баспен біз шайқаймыз.
Қолымызды көтереміз,
Одан кейін ақырын,
Орнымызда жүгіреміз.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтін сөйлемдері жазылған, қасындағы екі қатарға, дұрыс, бұрыс емес деген жазуға белгі қойылады + деген, яғни мәтіндегі сөйлемдердің дұрыс, _бұрыс еместігін анықтау. Менің отбасында бес адам бар. +
Олар анам, әкем, сіңілім, мысығым және мен. _
Cіңлім, інім бар. +
Менің әкем дәмді тамақ пісіреді. _
Менің анам ағаш жарады. _
«Кім тез?» ойыны Мысалы: Ер кісіге арналған сөздер- ата, әке, ұл, аға, іні. Әйел кісіге арналған сөздер- әже, ана, шеше, қыз, апа, қарындас, сіңілі. Сабақты бекіту. ата, әке, ұл, аға, іні. әже, ана, қыз, апа. Сөздеріне сөйлемдер құрастыру.
Сабақты қорытындылау. Сөйлеп үйренеміз.
1 .тапсырма бойынша отбасы туралы және отбасы мүшелерінің мамандықтарын айтып үйрену. 2. сұрақтарға жауап беру:
Отбасы мүшелерінің атауларын атап шық ?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Сенің ағаң бар ма ?
Үйге тапсырма. Отбасы туралы әңгімелеп беру, жаңа сөздерді жаттап алыңдар.