7


  • Учителю
  • Бастауыш сыныпта шығарма жазудың әдістемесі

Бастауыш сыныпта шығарма жазудың әдістемесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бастауыш сыныпта шығарма жазудың әдістемесі

1.Шығарма жазу сабақтарына қойылатын негізгі талаптар.

Шығарма және оның түрлері.

Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз - белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Оқушы тақырып бойынша мәтінді өзінше құрап, өзінше жазады.

«Шығарма» терминін бастауыш мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда, оқушылардың өмірде өз көрген-білгендерін белгілі бір тақырып ауқымына түсіріп, түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп беруін айтамыз. Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топтарға бөлуге болады:

1) оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;

2) экскурсия бойынша;

3) өнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрінің спектаклдері т.б.) байланысты;

4) оқушының өз іс-әрекетіне (ойын, еңбек) байланысты тақырыптар.Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне ерікті бола тұрғанымен, әр сыныптағы шығарма көлемінің шамасы төмендегідей:

ІІ сыныпта 20-30 сөз,

ІІІ сыныпта 30-60 сөз,

ІV сыныпта 60-130 дейін барады.

Шығарма - мұғалімнің педагогтік шеберлігі еңбегін айқындайтын, оқушының әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіш.

Шығарма жазу 1-ші сыныпта басталады.Алғашқы шығармалар көлемі жағынан шағын болады.1-сыныпта шығарма жазу үшін арнайы сабақтар қажет емес.

Шығарма қазақ тілі сабағының негізгі бөлігі болып табылады.Шығарманың тақырыбы алдын-ала таңдалып алынады немесе оқылған ,өткен тақырыптарға сәйкестендіріп алынады.

Шығарма жазу барысында оқушылар қазақ тілі сабағында алған білім мен білік дағдыларын қолданады.Барлық жұмыстар мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. 1-ші сыныптағы шығарма жазу үйретуші бағытта жүргізіледі.

Шығарма жазуға дайындық және шығарма жазу барысында оқушыларға төмендегі дағдыларды қалыптастыру керек:

1.Бірлесе отырып шағын мәтін құрастыру;

2.Дайын сұрақтар бойынша өз ойларын жазбаша түрде қағаз бетіне түсіре білу;

3.Дұрыс сөйлем құрастыра білу. Сөйлемді бас әріппен бастап,аяқтай білу.

4.Өз ойын бейнелеу үшін сөзді дәл әрі нақты таба білу.

Шығарма жазу үшін оқушылардың ауызша сөйлеу тілі белгілі бір дәрежеде дамыған болу керек.Күнделікті сабақ барысында қарапайымнан күрделіге қарай жүйелі түрде жүргізілген жұмыс қана нәтиже бере алады. Ол үшін оқушының сөйлеу тіліне белгілі бір талап қоя білу керек.

Оқушының сөйлеу тілінің

-мазмұндылығын;

-дәлдігін;

-анықтығын;

-дұрыстығын;

-шығармашылықтығын;

-көркемдігін анықтау керек.

Бастауыш сынып оқушылары ана тілі сабағында да шығарма жазуға әр сабақ сайын дайындықта болады:

-Мәтіннен ,әңгімеден көркем сөзді таба білу;

-Шығармадан оқушылар түсінбеген сөзді табу,мағынасын ашу;

-Берілген бейне бойынша көркем сөздерді пайдалана отырып сипаттау;

-Түсінік айту барысында таныс көркем сөздерді пайдалану;



Оқушылар осы дағдыларды меңгеру үшін қарапайымнан күрделіге қарай жүйесі бойынша белгілі бір жүйеде жұмыстар орындалу керек;

-сөйлем құрастыру;

-сурет бойынша орны ауысқан сөйлемдерді қалпына келтіру;

Сюжетті суреттер бойынша мәтін құрастыру;

Оқыған мәтінді әңгімелеу.

Бұл жұмыстарды күнделікті орындай отырып оқушылар өз ойларын белгілі бір тәртіппен әңгімелей білуге үйретеді.

Бұл жұмыстың бір түрін сіздер 1 сынып мұғалімі Ералиева Гүлмираның --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- көрдіңіздер.



2-ші сыныпта шығарма жазу күрделене түседі. Бұл кезде оқушылар шығармаға сипаттау кезеңін енгізе бастайды. Ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады.Ауызша сөйлеуге де жазбаша сөйлеу сияқты дайындық керек. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту алғашында барлық сынып болып шағын әңгімелер құрастырудан басталса ,екінші жарты жылдықта жекелеген әңгімелер құрастыруға жалғасады. Сонымен бірге шығарманы сынып болып жоспар құруға немесе мұғалімнің дайындап берген жоспары бойынша жазуға ұласады.

Осындай жұмысты сіздер 2-ші сынып мұғалімі ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ көрдіңіздер.

3-ші 4-ші сыныпта оқушыларға шығарма жазу барысына қатаңырақ талаптар қойылады.

Мұғалім бұл кезде оқушыларды :

1.Көрген ,бақылаған заттар мен құбылыстар туралы шағын әңгіме құрастыру.

Бұл жұмысты мұғалім алдын ала жан-жақты ойластырып, дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Балаларды сөйлеткенде сөйлемдері әрі түсінікті, әрі жүйелі құрылуына, өз пікірлерін білдіруге назар аударған жөн. Сонымен қатар оқушылар айтып отырған әңгімелерінен үйренген жаңа сөздерін кірістіре сөйлеуін мұқият қадағалап осы сөздерді шығарма жазғанда да қолдануына жағдай жасау керек. Ол үшін мұғалім жетекші сұрақ қойып отырады. Сұраққа жауап беру арқылы естіген, оқыған әңгімелерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып үйренеді және тілдің көркемдік кестесін пайдаланып, ойларын еркін білдіруге дағдыланады.

2.Өз өмірінде болған жағдаяттар туралы әңгіме жазу.

. Мысалы, қыс мезгілін алсақ, балалардың қысқы ойыны, шаңғы, коньки теуіп рахаттануы яки қардан аққала соғып, кісі жасап ойнайтын ойындарынан алатын әсерлері жөнінде шығарма жаздыруға болады.

Немесе көктемгі мұздың кетуі, қардың еруі, өзендерде сең жүруі, су тасуы, нөсер жаңбыр, ағаштардың бүршік атуы т. с. с. құбылыстардың қайсысы болмасын - шығарма жаздыруға қолайлы тақырып.
Бірақ шығарма жазу дағдысына төселмеген, бастауыш мектеп балалары, әсіресе ІІ-ІІІ сынып оқушылары бақылау арқылы жиналған материалдарын (көрген-білгендерін) өз беттерімен бірден жазып кете алмайды, сондықтан оларға мұғалімнің көмегі керек. ІІ-ІІІ сыныптағы шығармалардың барлығы дерлік мұғалімнің басшылығымен өткізілетін үйрету шығармасы болып есептеледі.


3.Көрген кинофильмдері туралы әңгіме жазу.

Көркемөнердің түрлі саласына байланысты, яғни сурет өнері, кино, скульптура т.б. бойынша шығарма жүргізуде бақылаумен байқауға негізделеді. Өнердің бұл салаларымен танысу, әсіресе суреттегі бейнелерді оқу, скульптураны оқу - бастауыш оқушылары үшін күрделі де ауыр еңбек. Өйткені суретші баяндап отырған сырды ұғыну кішкене балалар үшін оңайға соқпайды.


4) Оқушының өз іс-әрекетіне (ойын, еңбек) байланысты тақырыптар.

Бұл топқа енгізілген шығармалар тақырыбы балалар үшін тартымды, өйткені мұнда балалар өздері істеген істері жөнінде жазады. Мысалы, балалардың еңбек әрекетіне байланысты «Біз ағашты қалай отырғыздық», «Мен үйде кеше не істедім?»,«Мұз айдынында», «Жексенбі күні сырғанақ тептік» т.с.с. тақырыптары бойынша шығарма жүргізуге болады. Шығарма ауызша да, мүмкіндігіне қарай, жазбаша да ұйымдастырылуы қажет.

Оқушылар ІV сыныптан бастап туысына немесе жолдасына хат жазып үйрене бастайды. Қысқа түрде хат жаза білу шығарманың ең маңызды түрі болып саналады. Хат мәтінін балалар алдымен ұжымдық түрде дайындап үйренеді. Хатта балалардың көңіл күйі, сезімі, қуанышы, реніші, қоғам өмірі мен мектеп жұмыстарына қалай өқуға қалай қарайтыны, айналадағы адамдарға, мұғалімдері мен жолдастарына көзқарастары көрінеді. ІV сыныпта хаттың ең қарапайым, жай түрі үйретіледі. Хат жазу үшін, тақырыптарын өздері күнде көріп жүрген оқиғалардан алуы керек. Мысалы, «Біз шыршаны қалай әшекейледік», «Мен қалай оқып жүрмін?», «Біздің бөлме қандай?», «Біздің мектеп» т.б.

Сонымен шығарма мен мазмұндама жұмыстарын дидактикалық қағидаға сүйеніп жүйелі түрде бір-бірімен органикалық байланыста жүргізіп отыру оқушылардың ойы мен тілін дамытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының пәрменді тәсілін қолдануға, тілді өмір мен байланыстыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал